«Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу
және оған өзгерістер енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 1316 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегi Заңының 22-4-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Патент заңы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегi Заңының 36-бабының 1-тармағына, «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шiлдедегi Заңының 46-бабының 1-тармағына және «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29 маусымдағы Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу және оған өзгерістер енгізу қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушының «жеке кабинетiнде» мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жолданады.
Жауапты орындаушы ұсынылған құжаттардың толықтығын және сәйкестiгiн тексередi. Көрсетiлетiн қызметтi алушы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес тиiстi түрде ресiмделмеген немесе құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қандай талаптарға сәйкес келмейтінін және сәйкес келтіру мерзімін көрсете отырып, хабарлама жібереді.
Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкес келтіру мерзімі бір жұмыс күн құрайды.
Егер хабарламаны алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы оны талаптарға сәйкес келтірмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті одан әрі қараудан бас тартуды жібереді.
Аттестаттауға рұқсат беруден бас тарту сот тәртібінде шағымдалады.»;
10-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Кандидат жеке басын куәландыратын не «цифрлық құжат» жүйесі арқылы құжат ұсынған кезде бір жұмыс күні ішінде емтихан тапсырады.»;
22-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жауапты орындаушы ұсынылған құжаттардың толықтығын және сәйкестiгiн тексередi. Көрсетiлетiн қызметтi алушы Қағидалардың 20-тармағына сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзiмi өтiп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қандай талаптарға сәйкес келмейтінін және сәйкес келтіру мерзімін көрсете отырып, хабарлама жібереді.
Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкес келтіру мерзімі бір жұмыс күн құрайды.
Егер хабарламаны алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы оны талаптарға сәйкес келтірмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті одан әрі қараудан бас тартуды жібереді.»;
Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу және оған өзгерістер енгізу қағидаларына 7-қосымшаның «Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Көрсетiлетiн қызметтi алушы Қосымшаның 8-тармағына сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзiмi өтiп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қандай талаптарға сәйкес келмейтінін және сәйкес келтіру мерзімін көрсете отырып, хабарлама жібереді. Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкес келтіру мерзімі бір жұмыс күн құрайды. Егер хабарламаны алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы оны талаптарға сәйкес келтірмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті одан әрі қараудан бас тартуды жібереді |
».
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі