Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 422 от 24.05.2021

 

QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY

ÁDILET MINISTRLIGI 

 

 

 

МИНИСТЕРСТВО ЮСТИЦИИ

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

 

______________________________________________________________________________________

 

BUIRYQ

 

 

 

ПРИКАЗ

 

____________________________________________

                                       Nur-Sultan qalasy

 

 

 

№______________________________________________

                                     город Нур-Султан

 

 

 

 

Лицензияның қолданысын

тоқтата тұру туралы

 

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетімен 2010 жылғы 28 желтоқсанда Бауыржан Саринович Рахимовке адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген
    № 0004136 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2021 жылғы 5 қыркүйекке дейін тоқтатыла тұрсын.
  2. Алматы қаласының Әділет департаменті осы бұйрықты
    Б.С. Рахимовтің, Алматы қаласы адвокаттар алқасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
  3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін және лицензиялауды ұйымдастыру басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Негізі: адвокат Б.С. Рахимовтің 2021 жылғы 6 сәуірдегі өтініші және Алматы қалалық адвокаттар алқасының 2021 жылғы 4 мамырдағы № 1-189 өтінішхаты.

 

 

Вице-министр                                                                               А. Әмірғалиев

Дата публикации
27 мая 2021