Лицензияның қолданысын тоқтату туралы

Лицензияның қолданысын

тоқтату туралы

 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағының 4-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Айгуль Сейдалиевна Булегеноваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2008 жылғы 31 қазанда берілген №0002170 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.
  2. Түркістан облысының Әділет департаменті:

1) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус А.С. Булегеноваға мұрағаттық және іс жүргізуінде жатқан құжаттарын жекеше нотариаттық мұрағатқа және басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қолдансын;

2) жекеше нотариус А.С. Булегенованың мөрін жоюды және лицензиарға беру үшін оның лицензиясын қайтарып алу бойынша шаралар қабылдасын.

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Негізі: Түркістан облысының Әділет департаментінің 05.05.2021 ж.                              № 02-68-7/911-И ұсынысы және Түркістан қалалық сотының 30.12.2020 ж. үкімі.

 

Дата публикации
26 мая 2021