|
QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY ÁDILET MINISTRLIGI |
МИНИСТЕРСТВО ЮСТИЦИИ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН |
|
|
______________________________________________________________________________________ |
||
|
BUIRYQ
|
|
ПРИКАЗ
|
|
____________________________________________ Nur-Sultan qalasy |
|
№______________________________________________ город Нур-Султан
|
«Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 26 қарашадағы № 561 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту қағидаларда:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жеке сот орындаушысының қызметін жүзеге асыруға лицензия алу үшін тағылымдамадан өтуге ниет білдірген және Заңның 140-бабының 2-тармағында, 156-бабының 1-1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келетін тұлғалар «Жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасы жанындағы оқу орталығы» мекемесіне (бұдан әрі – Оқу орталығы) еркін нысанда өтініш береді.
Тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) жоғары заң білімі туралы дипломның көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы болмаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
3) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 142960 болып тіркелген) қосымшаға сәйкес нысан бойынша Психоневрологиялық ұйымнан оны ұсынғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде берiлген анықтама;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 142960 болып тіркелген) қосымшаға сәйкес нысан бойынша Наркологиялық ұйымнан оны ұсынғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде берiлген анықтама;
6) Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2020 жылғы 18 мамырдағы № 64 бұйрығымен бекітілген «Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметті көрсету
қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 136603 болып тіркелген);
7) көлемі 3х4 сантиметр екі фотосурет.».
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі М. Бекетаев