Ақпараттық хабарлама

2019 жылда

  мемлекеттік органда,  оның аумақтық органдарында жүргізілген тексерулердің нәтижелері туралы  ақпараттық хабарлама

 

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 171 бұйрығымен бекітілген жеке сот орындаушыларының қызметіне бақылауды жүзеге асыру Қағидаларының 8-тармағына сәйкес жеке сот орындаушыларының жоспарлы бақылауы жеке сот орындаушыларының бекітілген жоспарлы бақылау кестесіне сәйкес жүргізіледі.

Тиісінше, облыстардың, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әділет департаменттері 2019 жылы жеке сот орындаушыларының жоспарлы тексеруін аумақтық әділет органдарының бекітілген кестесіне сәйкес жүргізді.

2019 жылы 1 028 жеке сот орындаушыларына жоспарлы бақылау жүргізілді.

Жоспарлы тексерулердің нәтижелері бойынша облыстардың, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әділет департаменттері мынадай шаралар қабылдады:

- уәкілетті органға 7 ЖСО лицензияларын тоқтата тұру туралы ұсыныстар жіберілді;

- жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарына тәртіптік комиссияларда 521 ЖСО жауапкершілігін қарау үшін ұсыныстар енгізілді;

- жеке сот орындаушыларына жоспарлы бақылау барысында анықталған бұзушылықтарды жою бойынша 74 нұсқау енгізілді.



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2020 жылда

  мемлекеттік органда,  оның аумақтық органдарында жүргізілген тексерулердің нәтижелері туралы  ақпараттық хабарлама

 

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 171 бұйрығымен бекітілген жеке сот орындаушыларының қызметіне бақылауды жүзеге асыру Қағидаларының 8-тармағына сәйкес жеке сот орындаушыларының жоспарлы бақылауы жеке сот орындаушыларының бекітілген жоспарлы бақылау кестесіне сәйкес жүргізіледі.

Тиісінше, облыстардың, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әділет департаменттері 2019 жылы жеке сот орындаушыларының жоспарлы тексеруін аумақтық әділет органдарының бекітілген кестесіне сәйкес жүргізді.

2019 жылы 1 028 жеке сот орындаушыларына жоспарлы бақылау жүргізілді.

Жоспарлы тексерулердің нәтижелері бойынша облыстардың, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әділет департаменттері мынадай шаралар қабылдады:

- уәкілетті органға 10 ЖСО лицензияларын тоқтата тұру туралы ұсыныс жіберілді;

- уәкілетті органға 7 ЖСО лицензияларын тоқтату туралы ұсыныс жіберілді;

- жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарына тәртіптік комиссияларда 533 ЖСО жауапкершілігін қарау үшін ұсыныстар енгізілді;

 - жеке сот орындаушыларына жоспарлы бақылау барысында анықталған бұзушылықтарды жою бойынша 42 нұсқау енгізілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2019 және 2020 жылдардағы

сот актілерін орындау саласында жүргізілетін бақылау жұмысы туралы ақпарат

 

         «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңның 169-бабының 1-тармағына сәйкес жеке сот орындаушысының жасайтын атқарушылық әрекеттерінің заңдылығын және іс жүргізу қағидаларын сақтауын бақылауды Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 171 бұйрығымен бекітілген жеке сот орындаушыларының қызметіне бақылауды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес уәкілетті орган, оның аумақтық органдары, Республикалық палата және жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталары жүзеге асырады.

         Жоғарыда көрсетілген Ережелерге сәйкес бақылау жоспарлы және жоспардан тыс болады.

Жеке сот орындаушыларын жоспарлы бақылау жеке сот орындаушыларын жоспарлы бақылаудың бекітілген кестесіне сәйкес жүргізіледі.

Қызметін әділет органдарында есептік тіркелген кезден бастап алты айдан астам жүзеге асыратын, сондай-ақ қызметін жеке сот орындаушыларының бақылау кестесін қалыптастыру кезінде алты айдан астам уақыт жүзеге асырмаған, бірақ қызметін жүзеге асыру мерзімі алты айдан асатын алдағы жылдың ішінде барлық жеке сот орындаушылары жоспарлы бақылау кестесіне енгізілуге жатады.

Жеке сот орындаушыларының жоспарлы бақылауының мәні: атқарушылық іс жүргізу материалдарын тексеру; жеке сот орындаушысының іс жүргізуге қойылатын талаптарды сақтауын тексеру; жеке сот орындаушысы мұрағатының жай-күйін тексеру; жеке сот орындаушысының қызметтік үй-жайының орналасқан жері мен жабдықталуына қойылатын талаптардың сақталуын тексеру болып табылады.

Жеке сот орындаушысын жоспардан тыс бақылау жеке сот орындаушысына шағым, өтініш не басқа ақпарат келіп түскен кезде жүргізіледі.

Жоспардан тыс бақылауды тағайындау кезінде комиссия тиісті әділет органының уәкілетті адамының бұйрығымен аумақтық органның қызметкерлері, жеке сот орындаушыларының тиісті Палатасының өкілі қатарынан құрылады.

Жеке сот орындаушыларын бақылау аяқталғаннан кейін жүргізілген бақылаудың нәтижелері туралы қорытынды жасалады.

Жеке сот орындаушысы Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуын жоймаған және (немесе) келтірілген залал қалпына келтірілмеген жағдайда, уәкілетті органға жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы ұсыныс енгізіледі.

 

Дата публикации
20 мая 2021