Лицензияның қолданысын тоқтату туралы

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

 

ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ

 

 

 

МИНИСТЕРСТВО ЮСТИЦИИ

 

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

______________________________________________________________________________________

 

 

 

БҰЙРЫҚ                                                                                      ПРИКАЗ

 

____________                                                                               _________

 

Нұр-Сұлтан қ-сы                                                                                                                                          г. Нур-Султан

 

Лицензияның қолданысын

тоқтату туралы

 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Мира Жарылкасыновна Достаеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2005 жылғы 25 мамырда берілген № 0000068 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.
  2. Шымкент қаласының Әділет департаменті:

1) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус М.Ж. Достаеваның мұрағаттық және іс жүргізуінде жатқан құжаттарын жекеше нотариаттық мұрағатқа және басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қолдансын;

2) жекеше нотариус М.Ж. Достаеваның мөрін жоюды және лицензиарға беру үшін оның лицензиясын қайтарып алу бойынша шаралар қабылдасын.

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Негізі: Шымкент қаласы Әділет департаментінің 10.03.2021 ж. № 02-25-06/881-И ұсынысы және Шымкент қаласы Полиция департаментінің сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы 22.02.2021 ж. қаулысы.

 

 

Вице-министр                                                                                 А. Әмірғалиев

 

 

Дата публикации
06 мая 2021