«Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №112 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидаларында:
2 тармағын толықтыру:
«12. цифрлық құжат - мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және өзге де қызметтерді электрондық нысанда алу үшін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау кезінде цифрлық құжаттар сервисімен қалыптастырылатын қажетті электрондық құжат;»;
«13. электрондық құжат - ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған, түпнұсқа құжаттың түрі мен ақпаратын (деректерін) толық жаңғыртатын құжат;»;
«14. Талаптарға сәйкес келетін және оған қол қоюға өкілеттігі бар адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық құжат қағаз жеткізгіштегі қол қойылған құжатпен бірдей.».
142 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«Тіркеуші органның басшысы қол қойған және мөрімен расталған АХАЖ АЖ-дан электрондық(цифрлық) түрдегі азаматтық хал актілері жазбалары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттері шегінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының (ақпараттық жүйелері АХАЖ АЖ-мен ықпалдастырылған мемлекеттік органдарды қоспағанда), адвокатура органдарының, нотариустардың (АХАЖ АЖ-да азаматтық хал актілері жазбалары болмаған кезде), басқа мемлекеттердің АХАТ органдарының (қызметтерінің) сұрау салулары бойынша ғана беріледі (жіберіледі).».
Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, жоюды ұйымдастыру Қағидаларына 4-қосымша:
2 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (кіру арналары)
1) мемлекеттік қызметті көрсетуші арқылы;
2) қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері;
3) Мемлекеттік корпорация арқылы;
4) портал арқылы жүзеге асырылады;
5) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі М. Бекетаев