|
QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY
ÁDILET MINISTRLIGI
|
|
МИНИСТЕРСТВО ЮСТИЦИИ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
|
|
______________________________________________________________________________________
|
|
BUIRYQ
|
|
ПРИКАЗ
|
|
____________________________________________
Nur-Sultan qalasy
|
|
№______________________________________________
город Нур-Султан
|
2021 жылдың 2 жартыжылдығына арналған жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және коммерциялық ұйымдар болып табылатын
заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу
саласындағы бақылау субъектісіне бару арқылы
профилактикалық бақылау тізімдерін бекіту туралы
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы», «Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 1 қарашадағы № 1520, 2019 жылғы 5 шілдедегі № 350 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 2 қарашадағы № 55, 2019 жылғы 9 шілдедегі № 61 бірлескен бұйрықтарына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылы 9 қарашада № 17723 және 2019 жылы 9 шілдеде № 18998 болып тіркелді), БҰЙЫРАМЫН:
- Осы бұйрықтың 1-15 қосымшаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс-Қазақстан, Батыс-Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік-Қазақстан, Түркістан облыстары, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалалары Әділет департаменттерінің 2021 жылдың 2 жартыжылдығына арналған жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу саласындағы бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау тізімдері бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс-Қазақстан, Батыс-Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік-Қазақстан, Түркістан облыстары, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалалары Әділет департаменттерінің басшылары 2021 жылдың 2 жартыжылдығына арналған жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу саласындағы бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау тізімдерінің орындалуын қамтамасыз етсін.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңқызметін ұйымдастыру департаменті 2021 жылдың 2 жартыжылдығына арналған жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу саласындағы бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау тізімдерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі М. Бекетаев
Согласовано
20.04.2021 09:58 Ламашарипова Гульмира Амангельдиновна
20.04.2021 10:07 Досанова Раушан Серикбаевна
20.04.2021 10:26 Сапаева Салтанат Н
20.04.2021 11:42 Тленчиев Алан Тулебаевич
20.04.2021 16:06 Әмірғалиев Азамат Халимеденұлы
20.04.2021 16:52 Осипов Мирас Маратович
Подписано
20.04.2021 17:47 Бекетаев Марат Бакытжанович
|
|
|