Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

 

QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY

ÁDILET MINISTRLIGI 

 

 

 

МИНИСТЕРСТВО ЮСТИЦИИ

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

______________________________________________________________________________________

 

 

 

БҰЙРЫҚ                                                                                      ПРИКАЗ

 

__________                                                                                            __________

     

Нұр-Сұлтан қ-сы                                                                                                                                          г. Нур-Султан

 

Лицензияның қолданысын

тоқтата тұру туралы

 

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2018 жылғы
    2 наурызда Шынтемир Абдулович Дарбаевқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 18004595 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2022 жылғы 2 сәуірге дейін тоқтатыла тұрсын.
  2. Қызылорда облысының Әділет департаменті осы бұйрықты
    Ш.А. Дарбаевтың, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
  3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін және лицензиялауды ұйымдастыру басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментіне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Негізі: адвокат Ш.А. Дарбаевтың өтініші және Қызылорда облысы Әділет департаментінің 2021 жылғы 6 сәуірдегі № 1-4/3196 ұсынысы.

 

 

Вице-министр                                                                           А. Әмірғалиев

 

 

 

 

 

Дата публикации
21 апреля 2021