|
QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY ÁDILET MINISTRLIGI |
МИНИСТЕРСТВО ЮСТИЦИИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
|
|
|
BUIRYQ |
|
ПРИКАЗ |
20___ жылғы __________ № ____________________
«Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қағидалар:
1) мәмілелерді куәландыру;
2) мүлікті иеліктен шығару туралы шарттарды куәландыру;
3) келісулерді куәландыру;
4) мүлікті пайдалану тәртібі туралы шарттарды куәландыру;
5) неке шарттарын куәландыру;
6) алимент төлеу туралы келісімін куәландыру;
7) өсиеттерді куәландыру;
8) конвертті ашу және құпия өсиеттің мәтінін жариялау;
9) сенімхаттарды куәландыру;
10) шаруашылық серіктестіктерінің құрылтай құжаттарын куәландыру;
11) мұраны сенімгерлік басқарушыны тағайындау;
12) мұрагерлікке құқық туралы куәлік беру;
13) жұбайлардың және ортақ бірлескен меншік құқығы негізінде мүлкі бар өзге адамдардың ортақ мүліктегі үлесіне меншік құқығы туралы куәлік беру;
14) құжаттардың көшірмелері мен олардың үзінді көшірмелерінің дұрыстығын куәландыру;
15) құжаттардағы қойылған қолдардың төлнұсқалығын куәландыру;
16) құжаттардың бір тілден екінші тілге аудармасының дұрыстығын куәландыру;
17) фактілерді куәландыру;
18) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін басқа жеке және заңды тұлғаларға беру;
19) ақшаларды депозитке қабылдау;
20) вексельдер наразылықтарын жасау;
21) құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтауға қабылдау;
22) теңіз наразылықтарын жасау;
23) дәлелдемелерді қамтамасыз ету;
24) атқарушылық жазбаларды жасау кезінде мемлекеттік нотариустардың және жеке практикамен айналысатын нотариустардың (бұдан әрі - нотариус) нотариаттық іс-әрекеттер жасау тәртібін белгілейді;
25) нотариус дайындаған электрондық құжаттың қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдейлігін куәландырады;
26) нотариус дайындаған қағаз жеткізгіштегі құжаттың электрондық құжатпен бірдейлігін куәландырады.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде нотариустар жасайтын өзге де нотариаттық іс-әрекеттер көзделуі мүмкін.»;
58-тармақ алып тасталсын;
218-тармақ қазақ тілінде мәтіні өзгермейді;
227, 228, 229 және 230-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«227. Нотариус атқарушылық жазба жасалғаннан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей көшірмесін электрондық почта мекен-жайы бойынша немесе борышкердің соңғы белгілі тұрғылықты (орналасқан) немесе тіркелген жері бойынша беру туралы хабарламамен жеткізуді тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдарын пайдалана отырып, борышкерге табыс етеді немесе жібереді.
Егер атқарушылық жазбаның көшірмесі борышкерге:
1) тараптар арасында жасалған шартта көрсетілген электрондық пошта мекенжайына;
2) соңғы белгілі тұрғылықты жері бойынша табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен жіберілген болса, оның ішінде кәмелетке толған отбасы мүшелерінің бірі, көрсетілген мекенжай бойынша адаммен тұрып жатқан басқа адам алған болса;
3) жеткізілгенін тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланыла отырып жіберілген болса, ол алынды деп есептеледі.
Хабарламаны қабылдаудан бас тартуға байланысты адресатқа, алушыға оны табыс ету мүмкін болмағаны туралы белгісімен хабарлама қайтарылған жағдайда, атқарушылық жазбаның көшірмесі тиісті түрде жіберілді деп есептеледі.
Ілеспе хат шығыс құжаттарды тіркеу журналында тіркеледі.
Жеткізу бойынша шығындарды өндіріп алушы дербес төлейді.
Заңды тұлғаның атынан берілетін өтінішке бірінші басшы қол қояды, заңды тұлғаның мөрімен (болған жағдайда) бекітіледі.»;
232-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«232. Атқару жазбасының күшін жою туралы қаулының көшірмелері өндіріп алушы мен борышкерге ол шығарылғаннан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.
Атқарушылық жазбаның күшін жою туралы қаулы дау айтуға жатпайды.
Егер жасалған атқарушылық жазба борышкердің қарсылығы бойынша нотариустың қаулысымен күшін жоймаса, оларға дау айту сот тәртібімен жүзеге асырылады»;
234-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«234. Нотариустың істерінде өндіріп алушыға берген немесе жолданған атқарушылық жазбаның көшірмесі, сондай-ақ берешекті белгілейтін құжаттың көшірмесі және «Атқарушылық іс жүргізу органдары» мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне жолдаған атқарушылық жазбасы туралы БНАЖ-дан алынған хабарлама қалады.
Егер атқарушылық жазбаны жасау үшін берешекті белгілейтін құжаттан басқа, берешекті өндіріп алу даусыз тәртіппен жүргізілетін басқа да құжаттарды ұсыну қажет болса, онда олар атқарушылық жазбаға тігілмейді, нотариустың істерінде қалады.»;
мынадай мазмұнда 26-тараумен толықтырылсын:
«26-тарау. Нотариус дайындаған электрондық құжаттың қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдейлігін куәландырады. Нотариус дайындаған қағаз жеткізгіштегі құжаттың электрондық құжатпен бірдейлігін куәландырады»;
235-236-тармақтармен толықтырылсын:
«235. Нотариус сканерлеу арқылы нотариат куәландырған қағаз құжаттың электрондық бейнесін дайындайды. Электрондық құжат нотариустың куәландыру жазбасын қоса алғанда, куәландырылған құжаттың бүкіл мәтінін қамтуға тиіс. Нотариус дайындалған электрондық құжатта куәландыру жазбасын жасайды және өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы қол қояды. Нотариустың электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат БНАЖ жүйесінде орналастырылады.
Электрондық құжаттың, қағаз жеткізгіштегі құжаттың маңыздылығын куәландырған нотариустың электрондық цифрлық қолтаңбасын тексеру және оның кімге тиесілі екендігі туралы ақпаратты нотариус куәландыру жазбасында тіркейді. Қағаз құжат электрондық құжаттың, қағаз жеткізгіштегі құжаттың маңыздылығын куәландырған нотариустың куәландыру жазбасын қоса алғанда, куәландырылған құжаттың бүкіл мәтінін қамтуға тиіс. Дайындалған қағаз құжатта нотариус куәландыру жазбасын жасайды.».
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі М. Бекетаев