«Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 437 қаулысына толықтыру енгізу туралы

 

«Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы

№ 437 қаулысына толықтыру енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 437 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 32, 288-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерінде:

мынадай мазмұндағы 4 тармақшамен толықтырылсын:

4) «Ипотекалық қарыз бойынша борышты қайта қаржыландыруға байланысты «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңның 47-бабы 1-тармағының 1) тармақшасының негізінде атқарушылық іс жүргізу тоқтатылған кезде жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу өндіріп алуға жатпайды.».

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі                                                            А. Мамин

Дата публикации
15 апреля 2021