«Топологияларға айрықша құқық беруді, оларды пайдалануға құқықты табыстауды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы
№ 1344 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29 маусымдағы Заңының 4-бабының 2) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының
1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Топологияларға айрықша құқық беруді, оларды пайдалануға құқықты табыстауды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі