Мүдделілікті білдірудің сұрауы: Сот төрелігінің секторын институционалдық нығайту

ҚАЗАҚСТАН

«Сот төрелігінің секторын институционалдық нығайту» Жобасы

Қарыз № 8361-KZ

Тапсырма атауы: «Сот актілерін жеке орындау жүйесінің даму стратегиясын әзірлеу»

Шарт нөмірі (Сатып алу Жоспарына сай): №KZJSISP/ QCBS-14

 

Сот төрелігінің секторын институционалдық нығайту жобасын (СТСИНЖ) іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік Банктен қаржы алды және осы қаржының бөлігін «Сот актілерін жеке орындау жүйесінің даму стратегиясын әзірлеу» жобасы бойынша консультациялық қызметтерге жұмсауды жоспарлап отыр.

Консультациялық қызметтер (бұдан әрі - Қызметтер) сот актілерін жеке орындау жүйесінің даму стратегиясын белгілеу арқылы халықаралық озық тәжірибені енгізіп сот актілерінің орындалуының сапасын жоғарлатуға бағытталған.   

Осы тапсырма аясында Консультант келесі әрекет бағыттарын іске асыру қажет:

  • сот актілерін жеке орындау және аталған саладағы кәсіби ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша ҚР-ның ұлттық заңнамасы мен құқық қолдану тәжірибесінің және алдыңғы қатарлы дүниежүзілік заңнама мен тәжірибенің салыстырмалық талдауын жасау (ҚР және ЕЭЫДҰ-ның озық тәжірибелері);
  • озық тәжірибелі мемлекеттің сот актілерін жеке орындау барысын зерттеу;
  • ашық дөңгелек үстел өткізу;
  • Сот актілерін жеке орындау жүйесінің даму стратегиясын әзірлеу.

Қызметтер нәтижелері келесіні қамтиды:

  • Сот актілерін жеке орындау және аталған саладағы кәсіби ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша ҚР-ның ұлттық заңнамасы мен құқық қолдану тәжірибесінің және алдыңғы қатарлы дүниежүзілік заңнама мен тәжірибенің салыстырмалық талдауының нәтижесі бойынша ұсыныстармен қоса талдамалы есеп (ҚР және ЕЭЫДҰ-ның озық тәжірибелері).
  • Сапар нәтижесі бойынша есеп.
  • Ашық дөңгелек үстел өткізу бойынша есеп.
  • Сот актілерін жеке орындау жүйесінің даму стратегиясы.

 

Тапсырманың орындалуының күтілетін мерзімі – 6 ай.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі консультациялық қызметтерді көрсету бойынша құқық қабілетті компанияларды (бұдан әрі «Консультант») өз қызметтерін ұсыну бойынша мүдделілікті білдіруді сұрайды. Мүдделілікті білдіретін Консультанттар Қызмет көрсету бойынша біліктілік пен тәжірибені растайтын ақпаратты (кітапша, ұқсас тапсырмалардың сипаттамасы, ұқсас іс-шаралардағы тәжірибе, қызметкерлердің қажетті дағдылары және т.с.с.) соның ішінде керек жағдайда сипаттау алуға жарамды қазіргі және/немесе өткен клиенттердің аты-жөндері, лауазымдары және байланыс ақпаратын ұсынуы қажет.

 

 

Шағын параққа іріктеп алу талаптары:

  1. сот актілерін орындау немесе мемлекеттік стратегиялық басқару саласындағы консультациялық қызметтерді көрсету тәжірибесі 5 (бес) жылдан кем емес;
  2. қызметтерді орындау үшін сот актілерін орындау саласында біліктілігі мен тәжірибесі бар сарапшылар командасының бар болуы;
  3. қызметтерді жоғарғы сапалы және уақтылы орындау үшін беделі немесе халықаралық танымалдығының болуы; мойындалған рейтинг немесе тәуелсіз бағамен расталуы – қалаулы болып табылады;
  4. халықаралық донорлық ұйымдардың ұқсас жобаларын іске асыруға қатысу бойынша жұмыс тәжірибесінің бар болуы;
  5. аймақ пен ТМД елдерінің заңнамалық ерекшелігін білуі қалаулы болып табылады.

 

Мүдделі консультанттардың назарын Дүниежүзілік Банктің мүдделер қақтығысы мәселесіне қатысты саясатын реттейтін «Дүниежүзілік Банктің Нұсқамасы: Дүниежүзілік Банктің Қарыз алушыларының ХҚҚДБ займдары мен ХДА кредиттері бойынша консультанттарды іріктеу мен жалға алу (2014 жылғы шілдеде қайта қаралған
2011 жылғы қаңтардағы редакциясы) («Консультант Нұсқамасы») 1.9 параграфына аударамыз.

Консультанттар өздерінің біліктігін арттыру үшін бірлескен кәсіпорын немесе мердігер консалтингтік компаниялар нысанында басқа компаниялармен бірлесуі мүмкін.

Консультант «Консультанттар Нұсқамасында» көрсетілген рәсімдерге сәйкес сапасы мен құны бойынша іріктеу әдісіне (QCBS) сәйкес таңдалып алынатын болады.

Қосымша ақпаратты төменде көрсетілген мекенжай бойынша алуға болады: жұмыс уақытында дүйсенбі мен жұма аралығында Астана уақыты бойынша 9:00-ден 18:00-ге дейін.

Мүдделілік танытуды ұсыну жауапты тұлға қол қойған (pdf нысанындағы) жазбаша немесе электрондық түрде төмендегі мекенжай бойынша (қолма-қол, пошта, факс немесе электрондық пошта арқылы) 2019 жылғы 11 сәуір, Астана уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірмей жүргізілуі тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

Жобаны іске асыру тобы (ЖІАТ)

ЖІАТ басшысы, Беркімбаев Б.С. мырзаның назарына

Сарыарқа даңғылы 3/1, «Болашақ» БО,

4-қабат, 404/3 бөлме

010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы,

Телефон: +7 (7172) 54 09 81

E-mail: jsisp@adilet.gov.kz;

Көшірмесі:kz-isg-procurement@kz.pwc.com

kzjsisp-isg-procurement@kz.pwc.com

Дата публикации
19 марта 2019