ҚАЗАКСТАН
«Сот төрелігінің секторын институционалдық нығайту» Жобасы
Қарыз №8361-KZ
Тапсырма атауы: «Заңды тұлғаларды тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтерді жетілдіру»
Шарт нөмірі (Сатып алу Жоспарына сай): №KZJSISP/QCBS-11
Сот төрелігінің секторын институционалдық нығайту жобасын (СТСИНЖ) іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік Банктен қаржы алды және осы қаржының бөлігін «Заңды тұлғаларды тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтерді жетілдіру» жобасы бойынша консультациялық қызметтерге жұмсауды жоспарлап отыр.
Консультациялық қызметтер (бұдан әрі - Қызметтер) (i) заңды тұлғаларды тіркеу, филиал мен өкілдіктің есептік тіркеуі саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және (ii) тиісті тіркеу дерекқорындағы ақпараттық ағынды жүйелендіруге бағытталған.
Осы тапсырма аясында Консультант келесі әрекет бағыттарын іске асыру қажет:
1) заңды тұлғаларды тіркеу, филиал мен өкілдіктің есептік тіркеуіне байланысты ҚР-ның ұлттық заңнамасы мен құқық қолдану тәжірибесінің және озықхалықаралық тәжірибенің салыстырмалық талдауын жасау;
2) дөңгелек үстел өткізу;
3) озық тәжірибелі мемлекеттіңзаңды тұлғаларды тіркеу, филиал мен өкілдіктің есептік тіркеу үдерісіментанысу.
Қызметтер нәтижелері келесіні қамтиды:
1) Атқарылған қызмет туралы есеп мынаны қамтуы тиіс:
- заңды тұлғаларды тіркеу, филиал мен өкілдіктің есептік тіркеуінің тиімділігі мен сапасын тежейтін, сонымен қатар қоғамның жемқорлықты қабылдауына себептес болатын негізгі проблемалар;
- айқындалған мәселелерді шешуге бағытталған, заңнамалық базаны өзгертуге байланысты емес нақты әрекеттер (жылдам жеңістер) ұсынысы, сонымен қатар заңды тұлғалардың және филиал мен өкілдіктердің есептік тіркеуін ашықтығын және бақылауын жоғарлату үшін негізгі әрекеттер;
- 2020 және 2023 жылдар аралығында ұзақ мерзімді іс-шараларға жұмсалатын шығындарды көрсете отырып, жоғарыдан таңдалған іс-әрекеттер тізімін (жылдам жеңістер) жүзеге асыру бойынша әрекеттер жоспары.
2) Заңды тұлғаларды тіркеу, филиал мен өкілдіктің есептік тіркеуіне байланысты ҚР-ның мемлекеттік заңнамасы мен құқық қолдану тәжірибесінің және озық халықаралық тәжірибенің (озық тәжірибе) салыстырмалық талдауының нәтижесіне негізделген талдамалы есеп пен ұсыныстар;
3) Дөңгелек үстел өткізу нәтижесі бойынша есеп;
4) Іс-сапар нәтижесі бойынша есеп;
5) Заңды тұлғалардың тіркеуін, филиал мен өкілдіктердің есептік тіркеуін жетілдіруге бағытталған ұсыныстардыкелісу нәтижесіндегі есеп, сондай-ақ Заңды тұлғалардың тіркеуін, филиал мен өкілдіктердің есептік тіркеуін жетілдіруге бағытталған іс шараларды іске асыру бойынша жоспар жобасы.
Тапсырманың орындалуы күтілетін мерзім – 8ай.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі консультациялық қызметтерді көрсету бойынша құқыққа қабілетті компанияларды (бұдан әрі «Консультант») қызметтерді ұсыну бойынша мүдделілікті білдіруге шақырады. Мүдделі Консультанттар қызмет көрсету бойынша біліктілігімен тәжірибесін растайтын ақпаратты (кітапша, ұқсас тапсырмалардың сипаттамасы, ұқсас іс-шаралардағы тәжірибе, қызметкерлердің қажетті дағдылары және т.с.с.), соның ішінде қажет болған жағдайда пікір алуға жарамды қазіргі және/немесе өткен клиенттердің аты-жөндері, лауазымдары және байланыс ақпаратын ұсынуы қажет.
Шағын тізімге іріктеп алу талаптары:
a) 5 (бес) жылдан кем емес, соның ішінде мүмкіндігінше заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы консультациялық қызметтер көрсету;
b) Қызметтерді атқару үшін біліктігі, дағдылары, тәжірибесі бар және корпоративтік құқық білетін сарапшылар командасының бар болуы;
c) жоғарғы сапалы және уақтылы қызметтер көрсететін беделі немесе халықаралық танымалдығының болуы; мойындалған рейтинг немесе тәуелсіз бағамен расталуы – қалаулы болып табылады;
d) халықаралық донорлық ұйымдардың ұқсас жобаларын іске асыруға қатысу бойынша жұмыс тәжірибесінің бар болуы;
e) мүмкіндігінше аймақ пен ТМД елдерінің заңнамалық ерекшелігін білуі.
Мүдделі консультанттардың назарын Дүниежүзілік Банктің мүдделер қақтығысы мәселесіне қатысты саясатын реттейтін «Дүниежүзілік Банктің Нұсқамасы: Дүниежүзілік Банктің Қарыз алушыларының ХҚҚДБ займдары мен ХДА кредиттері бойынша консультанттарды іріктеу мен жалға алу (2014 жылғы шілдеде қайта қаралған
2011 жылғы қаңтардағы редакциясы) («Консультант Нұсқамасы») 1.9 параграфына аударамыз.
Консультанттар өздерінің біліктігін арттыру үшін бірлескен кәсіпорын немесе мердігер консалтингтік компаниялар нысанында басқа компаниялармен бірлесуі мүмкін.
Консультант «Консультанттар Нұсқамасында» көрсетілген ресімдерге сәйкес сапасы мен құны бойынша іріктеу әдісіне (QCBS) сәйкес таңдалып алынатын болады.
Қосымша ақпаратты төменде көрсетілген мекенжай бойынша алуға болады: жұмыс уақытында дүйсенбі мен жұма аралығында Астана уақыты бойынша 9:00-ден 18:00-ге дейін.
Мүдделілік танытуды ұсыну жауапты тұлға қол қойған (pdf нысанындағы) жазбаша немесе электрондық түрде төмендегі мекенжай бойынша (қолма-қол, пошта, факс немесе электрондық пошта арқылы) 2019 жылғы 26 наурызға деиін, Астана уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірмей жүргізілуі тиіс.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
Жобаны іске асыру тобы (ЖІАТ)
ЖІАТ басшысы, Беркімбаев Б.С. мырзаның назарына
Сарыарқа даңғылы 3/1, «Болашақ» БО,
4-қабат, 404/3 бөлме
010000, ҚазақстанРеспубликасы, Астанақаласы,
Телефон: +7 (7172) 54 09 81