ҚАЗАКСТАН
«Сот төрелігінің секторын институционалдық нығайту» Жобасы
Қарыз №8361-KZ
Тапсырма атауы: «Құқықтық насихаттауды іске асыру саласындағы әділет органдарының қызметін жетілдіру»
Шарт нөмірі (Сатып алу Жоспарына сай): №KZJSISP/QCBS-13
Сот төрелігінің секторын институционалдық нығайту жобасын (СТСИНЖ) іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік Банктен қаржы алды және осы қаржының бөлігін «Құқықтық насихаттауды іске асыру саласындағы әділет органдарының қызметін жетілдіру» жобасы бойынша консультациялық қызметтерге жұмсауды жоспарлап отыр.
Консультациялық қызметтер (бұдан әрі - Қызметтер)құқықтық насихаттау саласындағы мемлекеттің саясатын жетілдіру арқылы қоғамныңқұқықтық ақпараттанумен мәдениеті деңгейін арттыруға бағытталған.
Осы тапсырма аясында Консультант келесі әрекет бағыттарын іске асыру қажет:
Қызметтер нәтижелері келесіні қамтиды:
- халықтың құқықтық мәдениетінің артуына ықпал ететін, осы саладағы әділет органдары қызметінің тиімділігі мен сапасын тежейтін негізгі проблемалар және құқықтық насихаттау бойынша құқықтық ақпараттың сапасы мен оның әділет органдарының ақпарат базаларында бар болуы бойынша негізгі проблемалар;
- айқындалған мәселелерді шешуге бағытталған, заңнамалық базаны өзгертуге байланысты емес нақты әрекеттер (жылдам жеңістер) ұсынысы, соның ішінде озық дүниежүзілік тәжірибеге негізделген құқықтық насихаттауды іске асыру бойынша жаңа тиімді тәсілдер мен шаралар;
- 2020 және 2023 жылдар аралығында ұзақ мерзімді іс-шараларға жұмсалатын шығындарды көрсете отырып, жоғарыдан таңдалған іс-әрекеттер тізімін (жылдам жеңістер) жүзеге асыру бойынша әрекеттер жоспары.
Тапсырманың орындалуы күтілетін мерзім – 10 ай.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі консультациялық қызметтерді көрсету бойынша құқыққа қабілетті компанияларды (бұдан әрі «Консультант») қызметтерді ұсыну бойынша мүдделілікті білдіруге шақырады. Мүдделі Консультанттар қызмет көрсету бойынша біліктілігімен тәжірибесін растайтын ақпаратты (кітапша, ұқсас тапсырмалардың сипаттамасы, ұқсас іс-шаралардағы тәжірибе, қызметкерлердің қажетті дағдылары және т.с.с.), соның ішінде қажет болған жағдайда пікір алуға жарамды қазіргі және/немесе өткен клиенттердің аты-жөндері, лауазымдары және байланыс ақпаратын ұсынуы қажет.
Шағын тізімге іріктеп алу талаптары:
Мүдделі консультанттардың назарын Дүниежүзілік Банктің мүдделер қақтығысы мәселесіне қатысты саясатын реттейтін «Дүниежүзілік Банктің Нұсқамасы: Дүниежүзілік Банктің Қарыз алушыларының ХҚҚДБ займдары мен ХДА кредиттері бойынша консультанттарды іріктеу мен жалға алу (2014 жылғы шілдеде қайта қаралған
2011 жылғы қаңтардағы редакциясы) («Консультант Нұсқамасы») 1.9 параграфына аударамыз.
Консультанттар өздерінің біліктігін арттыру үшін бірлескен кәсіпорын немесе мердігер консалтингтік компаниялар нысанында басқа компаниялармен бірлесуі мүмкін.
Консультант «Консультанттар Нұсқамасында» көрсетілген ресімдерге сәйкес сапасы мен құны бойынша іріктеу әдісіне (QCBS) сәйкес таңдалып алынатын болады.
Қосымша ақпаратты төменде көрсетілген мекенжай бойынша алуға болады: жұмыс уақытында дүйсенбі мен жұма аралығында Астана уақыты бойынша 9:00-ден 18:00-ге дейін.
Мүдделілік танытуды ұсыну жауапты тұлға қол қойған (pdf нысанындағы) жазбаша немесе электрондық түрде төмендегі мекенжай бойынша (қолма-қол, пошта, факс немесе электрондық пошта арқылы) 2019 жылғы 11 наурыздың, Астана уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірмей жүргізілуі тиіс.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
Жобаны іске асыру тобы (ЖІАТ)
ЖІАТ басшысы, Беркімбаев Б.С. мырзаның назарына
Сарыарқа даңғылы 3/1, «Болашақ» БО,
4-қабат, 404/3 бөлме
010000, ҚазақстанРеспубликасы, Астанақаласы,
Телефон: +7 (7172) 54 09 81
E-mail: jsisp@adilet.gov.kz;
Көшірмесі:kz-isg-procurement@kz.pwc.com,