Сот төрелігінің секторын институционалдық нығайту. Шарт нөмірі: (сатып алу Жобасына сәйкес) №KZJSISP/ CQS-07

МҮДДЕЛІЛІКТІ БІЛДІРУДІҢ СҰРАУЫ
 
ҚАЗАҚСТАН
«Сот төрелігінің секторын институционалдық нығайту» Жобасы
Қарыз № 8361-KZ
Тапсырма атауы: «Сот-атқарушылық іс жүргізуді жаңғырту»
Шарт нөмірі: (сатып алу Жобасына сәйкес) №KZJSISP/ CQS-07
 
Сот төрелігінің секторын институционалдық нығайту жобасын (СТСИНЖ) іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік Банктен қаржы алды және осы қаржының жарты бөлігін консультациялық қызмет көрсетуді төлеуге жоспарлап отыр.
 
Жобаның мақсаты: (a) іріктелген заңдарды тиімді іске асыру үшін іріктелген мекемелердің институционалдық мүмкіндіктерін арттыру және (b) сот төрелігі секторында іріктелген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тиімділігін, ашықтығын және оларға қол жетімділікті арттыру болып табылады.
 
Тапсырманың мақсаты (i) заңнама мен құқық қолдану тәжірибесіне салыстырмалы талдау жасау, сондай ақ тиісті ұсыныстарға қол жеткізу (ii) Қазақстандағы сот актілерін орындаудың құқықтық және институционалдық базасын нығайту мен жаңғырту үшін Әділет министрлігіне техникалы қолдау көрсету болып табылады.
 
Тапсырманың күтілетін нәтижелері:
(a) сот актілерін орындау мәселелері бойынша ұлттық заңнама мен Қазақстандық және озық халықаралық практикаларды салыстыру нәтижесіндегі салыстырмалы талдау мен презентация (озық тәжірибелер);
(b) озық тәжірибесі бар мемлекетке сот актілерін орындау үдерісімен танысу үшін сапар ұйымдастыру;
(c) озық халықаралық практикаларды есепке алғандағы сот актілерін орындау жүйесін жетілдіруге бағытталған заң жобасы.
 
Тапсырманың орындалуы күтілетін мерзім – 5 (бес) ай.
 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі консультациялық қызметтерді көрсету бойынша құқық қабілетті компанияларды (бұдан әрі «Консультант») өз қызметтерін ұсыну бойынша мүдделілікті білдіруді сұрайды. Мүдделілікті білдіретін Консультанттар қызмет көрсету бойынша біліктілік пен тәжірибені растайтын ақпаратты (кітапша, ұқсас тапсырмалардың сипаттамасы, ұқсас іс-шаралардағы тәжірибе, қызметкерлердің қажетті дағдылары және т.с.с.) соның ішінде қажет болған жағдайда толық ақпаратты алуға болатын ағымдағы және/немесе болған клиенттердің аты-жөнін, атауын және байланыс ақпаратын ұсынуы қажет.
Консультант келесі біліктілік талаптарына сай болуы тиіс:
  1. 5 (бес) жылдан кем емес, соның ішінде мүмкіндігінше сот актілерін орындау саласында консультациялық қызметтер көрсету;
  2. ЭЫДҰ және /немесе Еуропалық Одақтың мүше мемлекеттерінде ұқсас тапсырмаларда жұмыс жасау тәжірибесі:
  3. командасында сот актілерін орындау саласында тәжірибесі мен білімі бар сарапшылардың бар болуы;
  4. жоғары сапалы және уақтылы қызмет көрсетуі үшін жоғары беделінің немесе танылған рейтинг немесе тәуелсіз бағалау бойынша дәлелденген халықаралық беделдің болуы;
  5. мүмкіндігінше аймақ пен ТМД елдерінің заңнамалық ерекшелігін білуі.
 
Мүдделі консультанттардың назарын Дүниежүзілік Банктің мүдделер қақтығысына қатысты саясатын реттейтін «Дүниежүзілік Банктің Нұсқамасы: Дүниежүзілік Банктің Қарыз алушыларының ХҚҚДБ займдары мен ХДА кредиттері бойынша консультанттарды іріктеу мен жалға алу (2014 жылғы шілдеде қайта қаралған 2011 жылғы қаңтардағы редакциясы) («Консультант Нұсқамасы») 1.9 параграфына аударамыз.
Консультанттар өздерінің біліктігін арттыру үшін бірлескен кәсіпорын немесе мердігер консалтингтік компаниялар нысанында басқа компаниялармен бірлесуі мүмкін.
Консультант «Консультанттар Нұсқамасында» көрсетілген ресімдерге сәйкес Консультанттарды сапа негізіндегі іріктеу әдісіне (CQS) сәйкес таңдалып алынатын болады.
Толығырақ мәліметті төменде көрсетілген мекенжай бойынша алуға болады: жұмыс уақыты дүйсенбіден жұма аралығында Астана уақыты бойынша 9:00-ден 18:00-ге дейін. Мүдделілік жауапты тұлғасы қолын қойған (pdf нысанындағы) жазбаша немесе электрондық түрде төмендегі мекенжай бойынша (қолма-қол, пошта, факс немесе электрондық пошта арқылы) 2018 жылғы 10 мамырынан, Астана уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірмей білдірілуі тиіс.
 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
Жобаны іске асыру тобы (ЖІАТ)
 
ЖІАТ басшысы, Абдрашид Р.А. мырзаның назарына
Сарыарқа даңғылы 3/1, «Болашақ» БО,
4-қабат, 404/3 бөлме
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы,
Телефон: +7 (7172) 54 09 81
Дата публикации
12 апреля 2018