Сот төрелігінің секторын институционалдық нығайту. Шарт № (сатып алу Жоспарына сай): KZJSISP/TRL-16-20

МҮДДЕЛІЛІКТІ БІЛДІРУДІҢ СҰРАУЫ
 
ҚАЗАҚСТАН
«Сот төрелігінің секторын институционалдық нығайту» Жобасы
Қарыз № 8361-KZ
Тапсырма атауы: Логистика қызметтері
Шарт № (сатып алу Жоспарына сай): KZJSISP/TRL-16-20
 
Сот төрелігінің секторын институционалдық нығайту жобасын (СТСИНЖ) іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік Банктен қаржы алды және осы қаржының бөлігін логистикалық қызмет көрсетуді төлеуге жоспарлап отыр.
Қызметтер СТСИНЖ шеңберінде Консультант пен мемлекеттік органдар-бенефициарлар арасында жасалған келісімшарт бойынша, логистикалық қызметтерге қатысты танысу сапарларын және шетел елдерінде біліктілікті арттыру, Қазақстанда семинар және дөңгелек үстелді ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асыруды қамтиды.
Осы тапсырманың шеңберінде логистикалық компания Әділет министрлігіне және мемлекеттік органдар-бенефициарларға іс-шараларды ұйымдастыру және шетел елдеріне сапар, соның ішінде (бірақ шектелмеген) визалық қолдау, жол, мекендеу және ұшуға техникалық қолдауды қамтамсыз ету керек.
 
Күтілетін нәтижелер:
Келісімшартты орындау шеңберінде логистикалық компаниядан тәжірибе алмасу және шетел елдерінде біліктілігін арттыру бойынша 24 танысу сапарларын және Қазақстанда тренинг, семинар, дөңгелек үстел, конференция, курстар бойынша 8 іс-шараларын ұйымдастыру күтілуде.
 
Тапсырманың орындалуы күтілетін мерзім – келісімшартқа қол қойылған күннен бастап 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін.
 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі логистикалық қызметтерді көрсету бойынша құқық қабілетті компанияларды өз қызметтерін ұсыну бойынша мүдделілікті білдіруді сұрайды. Мүдделілікті білдіретін Консультанттар қызмет көрсету бойынша біліктілік пен тәжірибені растайтын ақпаратты (кітапша, ұқсас тапсырмалардың сипаттамасы, ұқсас іс-шаралардағы тәжірибе, қызметкерлердің қажетті дағдылары және т.с.с.), соның ішінде қажеттілік туындаған жағдайда толығырақ ақпаратты алуға болатын қазіргі және/немесе бұрын болған клиенттердің атын, атауын, байланыс ақпаратын ұсынуы қажет.
 
Компанияны таңдаудың критерийлері:
Компания келесі минималды талаптарға сай болуы керек:
  1. Қазақстанның ішінде және шетелге сапар ұйымдастыру бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар заңды тұлға;
  2. семинар, дөңгелек үстел, халықаралық конференцияларды ұйымдастыру, соның ішінде ілеспе/кейінгі аударманы ұйымдастыру бойынша 3 жылдан кем емес тәжірибенің болуы;
  3. Шетелде тәжірибе алмасу және біліктілігін арттыру, Қазақстандағы іс-шараларды, семинарларды және дөңгелек үстелдер өткізу бойынша логистикалық қызметтерді ұйымдастыру үшін кем дегенде 3 білікті мамандардың бар болуы;
  4. мүмкіндігінше 24 сағат, аптасына 7 күн жұмыс істейтін тұрақты кол-орталығының бар болуы;
  5. қысқа мерзім ішінде кез келген Қазақстан өңірінде іс-шараларды өткізу жөніндегі жедел штабты ұйымдастыру тәжірибенің болуы, Алматы және Астана қалаларында өкілдігінің болуы артықшылық болады.
 
Мүдделі компаниялардың назарын Дүниежүзілік Банктің мүдделер қақтығысына қатысты саясатын реттейтін «Дүниежүзілік Банктің Нұсқамасы: Дүниежүзілік Банктің Қарыз алушыларының ХҚҚДБ займдары мен ХДА кредиттері бойынша консультанттарды іріктеу мен жалға алу (2014 жылғы шілдеде қайта қаралған 2011 жылғы қаңтардағы редакциясы) («Консультант Нұсқамасы») 1.9 параграфына аударамыз.
Компаниялар өздерінің біліктігін арттыру үшін бірлескен кәсіпорын1 немесе мердігер консалтингтік компаниялар2 нысанында басқа компаниялармен бірлесуі мүмкін.
Компания Дүниежүзілік банктің қарыз алушыларының Тауарлар, жұмыс және консультациялық емес қызметтерді сатып алу бойынша нұсқамасында (2014 жылғы шілдеде қайта қаралған 2011 жылғы қаңтардағы редакциясы) көрсетілген рәсімдеріне сәйкес Негіздемелік келісім әдісіне (FA) сәйкес таңдалып алынатын болады.
Толығырақ мәліметті төменде көрсетілген мекенжай бойынша алуға болады: жұмыс уақыты дүйсенбіден жұма аралығында Астана уақыты бойынша 9:00-ден 18:00-ге дейін. Мүдделілік жауапты тұлғасы қолын қойған (pdf нысанындағы) жазбаша немесе электрондық түрде төмендегі мекенжай бойынша (қолма-қол, пошта немесе электрондық пошта арқылы) 2018 жылғы 20 ақпанның, Астана уақыты бойынша сағат 15.00-ден кешіктірмей білдірілуі тиіс.
 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
Жобаны іске асыру тобы (ЖІАТ)
Сарыарқа даңғылы 3/1, «Болашақ» БО,
4-қабат, 404/3 бөлме
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы,
Телефон: +7 (7172) 54 09 81
Дата публикации
06 февраля 2018