Пилоттық соттардағы мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін энергия тиімділігі мен қол жетімділікті арттыру бойынша талдау мен ұсынымдар. Шарт нөмірі: (Сатып алу жоспарына сәйкес) №KZJSISP/CQS-04

МҮДДЕЛІЛІКТІ БІЛДІРУДІҢ СҰРАУЫ
 
ҚАЗАҚСТАН
«Сот төрелігінің секторын институционалдық нығайту» Жобасы
Қарыз № 8361-KZ
Тапсырма атауы: «Пилоттық соттардағы мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін энергия тиімділігі мен қол жетімділікті арттыру бойынша талдау мен ұсынымдар»
Шарт нөмірі: (Сатып алу жоспарына сәйкес) №KZJSISP/CQS-04
 
Сот төрелігінің секторын институционалдық нығайту жобасын (СТСИНЖ) іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік Банктен қаржы алды және осы қаржының жарты бөлігін консультациялық қызмет көрсетуді төлеуге жоспарлап отыр.
 
Жобаның мақсаты: (a) іріктелген заңдарды тиімді іске асыру үшін іріктелген мекемелердің институционалдық мүмкіндіктерін арттыру және (b) сот төрелігі секторында іріктелген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тиімділігін, ашықтығын және оларға қол жетімділікті арттыру болып табылады.
 
Осы Тапсырманың мақсаты пилоттық соттар ғимараттарының энергия тиімділігін арттыруды және мүмкіндіктері шектеулі адамдардың соттар ғимараттарына қол жетімділігін арттыруды қосқанда ҚР ЖС соттар ғимараттарын тиімді пайдалану мен басқару бойынша мүмкіншіліктерін арттыру үшін ҚР ЖС техникалық қолдау жасау болып табылады.
 
Тапсырманың орындалуы сот жүйесінің мынадай негізгі міндеттерінің іске асырылуына ықпалын тигізуі тиіс:
  1. сот төрелігіне қол жетімділікті қамтамасыз ету;
  2. сот жүйесіне сенімді арттыру;
  3. сот жүйесінің тиімділігі мен ашықтығын арттыру;
  4. сот жүйесін жаңғырту.
Тапсырманың күтілетін нәтижелері:
  1. объектілердегі нақты энергия тиімділігінің жағдайына талдау мен диагностика жүргізу, олардың энергия тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар жасау;
  2. мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін объектілердің нақты қол жетімділігі жағдайына талдау мен диагностика жүргізу, мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін қол жетімділік және қолайлы болуларын арттыру бойынша ұсынымдар жасау;
  3. ұсынымдарды іске асыру бойынша есептік бюджеті бар Іс-шаралар жоспарын жасау.
Тапсырманың орындалуы күтілетін мерзім – 5 (бес) ай.
 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі консультациялық қызметтерді көрсету бойынша құқық қабілетті компанияларды (бұдан әрі «Консультант») өз қызметтерін ұсыну бойынша мүдделілікті білдіруді сұрайды. Мүдделілікті білдіретін Консультанттар қызмет көрсету бойынша біліктілік пен тәжірибені растайтын ақпаратты (кітапша, ұқсас тапсырмалардың сипаттамасы, ұқсас іс-шаралардағы тәжірибе, қызметкерлердің қажетті дағдылары және т.с.с.), соның ішінде егжей-тегжейлі ақпаратты растай алатын ағымдағы және/немесе болған клиенттердің аттарын, атауларын және байланыс мәліметтерін ұсынуы қажет.
 
Консультант мынадай біліктілік талаптарына сәйкес болуы тиіс:
  1. 5 (бес) жылдан кем емес, мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін қол жетімділікті жақсарту, қоғамдық ғимараттардың энергия тиімділігін арттыру саласында қызметтер көрсету тәжірибесі бар болуы;
  2. мүмкіндігінше мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін энергия тиімділігі мен қол жетімділікті арттыру саласында танымал және озық әлемдік ұйымдармен халықаралық байланыстын бар болуы;
  3. 2 жылдан кем емес, соның ішінде халықаралық донорлармен қаржыландырылған ірі жобаларды үйлестіру тәжірибесі;
  4. энергоаудитті өткізу үшін рұқсат беру құжаттардың және қажетті лицензиялардың болуы;
  5. техникалық тапсырманы орындау үшін тиісті немесе одан жоғары біліктілігі, дағдылары мен тәжірибесі бар: басшының, энергоаудитордың, энергия тиімділікті арттыру саласында сарапшының және мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін қолжетімді ғимараттар саласында сәулетші-сарапшының болуы.
Мүдделі консультанттардың назарын Дүниежүзілік Банктің мүдделер қақтығысына қатысты саясатын реттейтін «Дүниежүзілік Банктің Нұсқамасы: Дүниежүзілік Банктің Қарыз алушыларының ХҚҚДБ займдары мен ХДА кредиттері бойынша консультанттарды іріктеу мен жалға алу (2014 жылғы шілдеде қайта қаралған 2011 жылғы қаңтардағы редакциясы) («Консультант Нұсқамасы») 1.9 параграфына аударамыз.
 
Консультанттар өздерінің біліктігін арттыру үшін бірлескен кәсіпорын немесе мердігер консалтингтік компаниялар нысанында басқа компаниялармен бірлесуі мүмкін. Консультант «Консультанттар Нұсқамасында» көрсетілген ресімдерге сәйкес біліктілік бойынша іріктеу әдісіне (CQS) сәйкес таңдалып алынатын болады.
 
Толығырақ мәліметті төменде көрсетілген мекенжай бойынша алуға болады: жұмыс уақыты дүйсенбіден жұма аралығында Астана уақыты бойынша 9:00-ден 18:00-ге дейін. Мүдделілік жауапты тұлғасы қолын қойған (pdf нысанындағы) жазбаша немесе электрондық түрде төмендегі мекенжай бойынша (қолма-қол, пошта, факс немесе электрондық пошта арқылы) 2017 жылғы 27 қазанынан, жұма, Астана уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірмей білдірілуі тиіс.
 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
Жобаны іске асыру тобы (ЖІАТ)
Сарыарқа даңғылы 3/1, «Болашақ» БО,
4-қабат, 404/3бөлме
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы,
Телефон: +7 (7172) 54 09 81
Көшірмесі:kz-isg-procurement@kz.pwc.com, 
Дата публикации
05 октября 2017