Судьялардың кәсіптік қызметін бағалау. Шарт нөмірі (Сатып алу Жоспарына сай): № KZJSISP/ QCBS-09 -қайталанған

МҮДДЕЛІЛІКТІ БІЛДІРУДІҢ СҰРАУЫ
(ҚАЙТА СҰРАУ)
 
ҚАЗАКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
«Сот төрелігінің секторын институционалдық нығайту» Жобасы
Қарыз № 8361-KZ
Тапсырма атауы: «Судьялардың кәсіптік қызметін бағалау»
Шарт нөмірі (Сатып алу Жоспарына сай): № KZJSISP/ QCBS-09 -қайталанған
 
Сот төрелігінің секторын институционалдық нығайту жобасын (СТСИНЖ) іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік Банктен қаржы алды және осы қаржының бөлігін консультациялық қызмет көрсетуді төлеуге жоспарлап отыр.
Консультациялық қызметтер (бұдан әрі - Қызметтер) сот төрелігі секторын нығайтуға бағытталған, судьялар кәсіпқойлығының және тиімділігінің артуына жағдай жасайды.
Осы тапсырма аясында Консультант келесі әрекет бағыттарын іске асыру қажет:
  1. Судьялардың кәсіптік қызметінің бағалауын одан арғы жетілдіру;
  2. Тәртіптік процесстердің сот жүйесінің дамуына әсерін бағалау;
  3. Судьялар әрекеттеріне шағымдармен жұмысты жетілдіру.
Қызметтер нәтижелері келесіні қамтиды:
  1. Судьялардың кәсіптік қызметінің бағалауын жетілдіру, тәртіптік дағдыны оңтайландыру, судьялар әрекеттеріне шағымдармен жұмысты жетілдіру, ЖСК-інің рөлін нығайту туралы ұсыныстар тізімі;
  2. Сот жюриінің комиссиясының мүшелеріне әдістемелік нұсқаулық;
  3. Шаралар Жоспарының іске асырылуы жайлы есептеме.
Тапсырманың орындалуы күтілетін мерзім – 8 (сегіз) ай.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі консультациялық қызметтерді көрсету бойынша құқық қабілетті компанияларды (бұдан әрі «Консультант») өз қызметтерін ұсыну бойынша мүдделілікті білдіруді сұрайды. Мүдделілікті білдіретін Консультанттар қызмет көрсету бойынша біліктілік пен тәжірибені растайтын ақпаратты (кітапша, ұқсас тапсырмалардың сипаттамасы, ұқсас іс-шаралардағы тәжірибе, қызметкерлердің қажетті дағдылары және т.с.с.) соның ішінде керек жағдайда сипаттау алуға жарамды қазіргі және/немесе өткен клиенттердің аты-жөндері, лауазымдары және байланыс ақпаратын ұсынуы қажет.
 
Шағын параққа енгізудің талаптары:
  1. 10 (он) жылдан кем емес сот төрелігі, заң үстемесі және судьялардың тәуелсіздігі салаларында консультациялық қызметтер көрсету тәжірибесі бар немесе сот төрелігі, судьялардың тәуелсіздігі салаларында айтарлықтай ғылыми зерттеулерді жүргізу;
  2. Танымал және озық әлемдік ұйымдармен халықаралық байланыстын бар болуы;
  3. 5 (бес) жылдан кем емес, соның ішінде халықаралық донорлармен қаржыландырылған ірі жобаларды үйлестіру;
  4. Техникалық тапсырманы орындау үшін тиісті немесе одан жоғары біліктілігі, дағдылары мен тәжірибесі бар сарапшылардың бар болуы.
Мүдделі консультанттардың назарын Дүниежүзілік Банктің мүдделер қақтығысына қатысты саясатын реттейтін «Дүниежүзілік Банктің Нұсқамасы: Дүниежүзілік Банктің Қарыз алушыларының ХҚҚДБ займдары мен ХДА кредиттері бойынша консультанттарды іріктеу мен жалға алу (2014 жылғы шілдеде қайта қаралған 2011 жылғы қаңтардағы редакциясы) («Консультант Нұсқамасы») 1.9 параграфына аударамыз.
 
Консультанттар өздерінің біліктігін арттыру үшін бірлескен кәсіпорын немесе мердігер консалтингтік компаниялар нысанында басқа компаниялармен бірлесуі мүмкін.
 
Консультант «Консультанттар Нұсқамасында» көрсетілген ресімдерге сәйкес сапа мен құны негізіндегі іріктеу әдісіне (QCBS) сәйкес таңдалып алынатын болады.
 
Толығырақ мәліметті төменде көрсетілген мекенжай бойынша алуға болады: жұмыс уақыты дүйсенбіден жұма аралығында Астана уақыты бойынша 9:00-ден 18:00-ге дейін.
 
Мүдделілік жауапты тұлғасы қолын қойған (pdf нысанындағы) жазбаша немесе электрондық түрде төмендегі мекенжай бойынша (қолма-қол, пошта, факс немесе электрондық пошта арқылы) 2017 жылғы 22 қыркүйек, жұма, Астана уақыты бойынша сағат 18.00-денкешіктірмей білдірілуі тиіс.
 
Сарыарқа даңғылы 3/1, «Болашақ» БО,
5-қабат, 507 бөлме
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы,
Телефон: +7 (7172) 54 09 81
Дата публикации
08 сентября 2017