МҮДДЕЛІЛІКТІ БІЛДІРУДІҢ СҰРАУЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
«Сот төрелігінің секторын институционалдық нығайту» Жобасы
Қарыз № 8361-KZ
Тапсырма атауы: «Жұмыс барысының тиімділігін арттыру және оңтайландыру мақсатымен пилоттық соттарды қолдау»
Шарт №(сатып алу Жоспарына сай): №KZJSISP/ QCBS-08
Сот төрелігінің секторын институционалдық нығайту жобасын (СТСИНЖ) іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік Банктен қаржы алды және осы қаржының бөлігін консультациялық қызмет көрсетуді төлеуге жоспарлап отыр.
Сот секторының нығайтуына бағытталған консультациялық қызметтер(әрі «Қызметтер») судьялар қызметінің тиімділігі мен кәсіпқойлығының артуына себептес болады.
Осы тапсырманың шеңберінде Консультант:
-
Судьялардың соттан тыс жұмыс мөлшеріне алып соғатын факторларды (әкімгершілік, функционалдық, ұйымдастырушылық, кадрлық, бюджеттік) анықтау мақсатымен сот жұмысына диагностика мен талдау жасау;
-
Тежеушілік факторлар жою және судьяларқызметінің тиімділігін артыру бойынша жасалған ұсыныстарды атқару мақсатында Іс-шаралар жоспарын жасау мен іске асыру;
-
Судьялардың соттан тыс жұмыс мөлшерін азайту және олардың тиімділігін арттыру үшін қосымша қызметкерлерді(әр пилоттық сотқа бір кеңесші және бес судьялардың көмекшісі) жалдау арқылы тәжірибелік қолдау көрсету;
-
Пилоттық соттардың судьялар мен қызметкерлері үшін қаралатын істерді басқару және сот әкімшілендіруді оңтайландыру бойынша тренингтермен семинарларды ұйымдастыру және өткізу.
Қызмет нәтижелері:
-
Судьялардың соттан тыс міндеттері жайлы талдау есептемесі, пилоттық соттардағы судьялардың тиімділігін артыру және соттан тыс жұмыс мөлшерін кемітуге бағытталған ұсыныстар тізімі;
-
Іс-шаралар жоспарың, судьялар мен қызметкерлердің жеке жоспарларыніске асырутуралы есеп;
-
Судьялар кеңесшілерімен қызметі туралы есеп, соның ішінде жұмыс түрлері туралы статистикалық ақпарат, судьялардың кейбір соттан тыс қызметтерін қосымша қызметкерлерге беру бойынша талдау мен ұсыныстар (заңнама деңгейінде судьялар кеңесшілері мен көмекшілерін енгізу негіздемесі),
Тапсырманың орындалуы күтілетін мерзім –10 (он) ай.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі консультациялық қызметтерді көрсету бойынша құқық қабілетті компанияларды (бұдан әрі «Консультант») өз қызметтерін ұсыну бойынша мүдделілікті білдіруді сұрайды. Мүдделілікті білдіретін Консультанттар қызмет көрсету бойынша біліктілік пен тәжірибені растайтын ақпаратты (кітапша, ұқсас тапсырмалардың сипаттамасы, ұқсас іс-шаралардағы тәжірибе, қызметкерлердің қажетті дағдылары және т.с.с.),соның ішінде қажет болған жағдайда пікір алу үшін ағымдағы/болған клиенттердің аты-жөнін, лауазымдарын және байланыс ақпаратын ұсынуы қажет.
Шағын параққа енгізудің талаптары:
-
5 (бес) жылдан кем емес, соның ішінде сот төрелігі, заң үстемесі және судьялар тәуелсіздігі немесе сот төрелігі, Іс-жүргізу құқығы және/немесесот әкімшілендіру салаларында айтарлықтай ғылыми зерттеулерді жүргізу;
-
Танымалы және озық әлемдік ұйымдармен халықаралық байланыстың бар болуы;
-
2 (екі) жылдан кем емес соның ішінде халықаралық донорлармен қаржыландырылған ірі жобаларды үйлестіру;
-
Тапсырманы орындау үшін тиісті немесе одан жоғары біліктілігі, дағдылары және тәжірибесі бар сарапшыларының болуы.
Мүдделі консультанттардың назарын Дүниежүзілік Банктің мүдделер қақтығысына қатысты саясатын реттейтін «Дүниежүзілік Банктің Нұсқамасы: Дүниежүзілік Банктің Қарыз алушыларының ХҚҚДБ займдары мен ХДА кредиттері бойынша консультанттарды іріктеу мен жалға алу (2014 жылғы шілдеде қайта қаралған 2011 жылғы қаңтардағы редакциясы) («Консультант Нұсқамасы»)1.9 параграфына аударамыз.
Консультанттар өздерінің біліктігін арттыру үшін бірлескен кәсіпорын немесе мердігер консалтингтік компаниялар нысанында басқа компаниялармен бірлесуі мүмкін.
Консультант «Консультанттар Нұсқамасында» көрсетілген ресімдерге сәйкес сапа мен құны негізіндегі іріктеу әдісіне (QCBS)сәйкес таңдалып алынатын болады.
Толығырақ мәліметті төменде көрсетілген мекенжай бойынша алуға болады: жұмыс уақыты дүйсенбіден жұма аралығында Астана уақыты бойынша 9:00-ден 18:00-ге дейін.
Мүдделілік жауапты тұлғасы қолын қойған (pdf нысанындағы) жазбаша немесе электрондық түрде төмендегі мекенжай бойынша (қолма-қол, пошта, факс немесе электрондық пошта арқылы) 2017 жылғы 22 тамызынан сейсенбі, Астана уақыты бойынша сағат 18.00-денкешіктірмей білдірілуі тиіс.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
Жобаны іске асыру тобы (ЖІАТ)
ЖІАТ басшысы, ӘбдiрашидР.А. мырзаның назарына
Сарыарқа даңғылы 3/1, «Болашақ» БО,
5-қабат, 507 бөлме
010000, ҚазақстанРеспубликасы, Астанақаласы,
Телефон: +7 (7172) 54 09 81