ҚР Конституциясына түсініктеме шоғырлайтын және жұмысты үйлестіретін Консультант (Координатор), Шарт № (сатып алу Жоспарына сай): № KZJSISP/ IC-23

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
«Сот төрелігінің секторын институционалдық нығайту» Жобасы
Қарыз № 8361-KZ
Тапсырма атауы: ҚР Конституциясына түсініктеме шоғырлайтын және жұмысты үйлестіретін Консультант (Координатор)
Шарт № (сатып алу Жоспарына сай): № KZJSISP/ IC-23
 
Сот төрелігінің секторын институционалдық нығайту жобасын (СТСИНЖ) іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік Банктен қаржы алды және осы қаржының бөлігін консультациялық қызмет көрсетуді төлеуге жоспарлап отыр.
Сот секторының нығайтуына бағытталған консультациялық қызметтер (әрі «Қызметтер») Конституцияның жеке бабтарына түсініктеме жобасын дайындау арқылы әлеуметке Конституцияны аңғару және тиімді қолдануды қамтамасыз ету болып табылады.
Координатор жалпы үйлестіруді қамтамасыз етеді, материалдарды жинайды, шоғырландырады,  түсініктеме жобасына редакциялық қайта қарайды, жобаның баспа нұсқасына (сигналдық көшірме) келісім алады.
Іске асырылған тапсырманың нәтижесі 2017 жылдың 10 наурызында енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, әлеуметке Конституцияның нормаларын аңғару және тиімді қолдануды қамтамасыз ету болып табылады.
Тапсырманың орындалуы күтілетін мерзім – 4 (төрт) ай.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі консультациялық қызметтерді көрсету бойынша құқық қабілетті кандидаттарды (бұдан әрі «Консультант») өз қызметтерін ұсыну бойынша мүдделілікті білдіруді сұрайды.
Осы тапсырманы орындау үшін Консультант келесі минималды талаптарға сай болу керек:
  1. 10 (он) жылдан кем емес, соның ішінде конституциялық құқық, құқық реформалары, құқықтың үстемдік құруы немесе мемлекеттік басқару салаларында тиісті кәсіби тәжірибесінің болуы;
  2. кем дегенде құқық саласында ғылыми дәрежесінің бар болуы (PhD немесе жергілікті балама);
  3. орыс тілін білу – міндетті, қазақ және/немесе ағылшын тілді білу – артықшылығы бар.
Консультант «Консультанттар Нұсқамасында» көрсетілген ресімдерге сәйкес жеке консультант негізіндегі іріктеу әдісіне (IC) сәйкес таңдалып алынатын болады. Мүдделі консультанттардың назарын Дүниежүзілік Банктің мүдделер қақтығысына қатысты саясатын реттейтін «Дүниежүзілік Банктің Нұсқамасы: Дүниежүзілік Банктің Қарыз алушыларының ХҚҚДБ займдары мен ХДА кредиттері бойынша консультанттарды іріктеу мен жалға алу (2014 жылғы шілдеде қайта қаралған 2011 жылғы қаңтардағы редакциясы) («Консультант Нұсқамасы») 1.9 параграфына аударамыз.
Толығырақ мәліметті төменде көрсетілген мекенжай бойынша алуға болады: жұмыс уақыты дүйсенбіден жұма аралығында Астана уақыты бойынша 9:00-ден 13:00-ге дейін және 14:00-ден 18:00-ге дейін.
Мүдделілік білдіру (мәлімдеме) түйіндемемен бірге жауапты тұлғасы қолын қойған жазбаша немесе пошта арқылы төмендегі мекенжай бойынша немесе электрондық түрде (pdf нысанындағы) 2017 жылғы 31 шілде, дүйсенбі, Астана уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірмей білдірілуі тиіс.
 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
Жобаны іске асыру тобы (ЖІАТ)
ЖІАТ басшысы, Әбдiрашид Р.А. мырзаның назарына
Сарыарқа даңғылы 3/1, «Болашақ» БО,
5-қабат, 507 бөлме
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы,
Телефон: +7 (7172) 54 09 81
Көшірмесі:kz-isg-procurement@kz.pwc.com,
Дата публикации
17 июля 2017