ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
«Сот төрелігінің секторын институционалдық нығайту» Жобасы
Қарыз № 8361-KZ
Тапсырма атауы: ҚР Конституциясына түсініктеме зерттеп дайындайтын Консультант
Шарт № (сатып алу Жоспарына сай): №KZJSISP/ IC-30-33
Сот төрелігінің секторын институционалдық нығайту жобасын (СТСИНЖ) іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік Банктен қаржы алды және осы қаржының бөлігін консультациялық қызмет көрсетуді төлеуге жоспарлап отыр.
Сот секторының нығайтуына бағытталған консультациялық қызметтер (әрі «Қызметтер») Конституцияның жеке бабтарына түсініктеме жобасын дайындау арқылы әлеуметке Конституцияны аңғару және тиімді қолдануды қамтамасыз ету болып табылады.
Консультант барлық тиісті ақпараттар мен материалдарға талдау жасап, Конституцияның жеке бабтарына түсініктеме жобасын дайындайды.
Іске асырылған тапсырманың нәтижесі 2017 жылдың 10 наурызында енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, әлеуметке Конституцияның нормаларын аңғару және тиімді қолдануды қамтамасыз ету болып табылады.
Тапсырманың орындалуы күтілетін мерзім – 2 (екі) ай.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі консультациялық қызметтерді көрсету бойынша құқық қабілетті кандидаттарды (бұдан әрі «Консультант») өз қызметтерін ұсыну бойынша мүдделілікті білдіруді сұрайды. Төрт консультантты жалдау күтілуде.
Осы тапсырманы орындау үшін Консультант келесі минималды талаптарға сай болу керек:
-
10 (он) жылдан кем емес, соның ішінде конституциялық құқық, құқық реформалары, құқықтың үстемдік құруы немесе мемлекеттік басқару салаларында халықаралық кәсіби тәжірибесінің болуы;
-
ЕЭЫДҰ/ТМД елдерінде жұмыс тәжірибесінің бар болуы – артықшылығы бар;
-
Еуропалық Құқық арқылы демократия үшін комиссиясының (Венециандық Комиссия) сарапшысы ретінде жұмыс тәжірибесінің бар болуы – артықшылығы бар;
-
кем дегенде құқық саласында немесе сәйкес тәртіпте ғылыми дәрежесінің бар болуы;
-
нормативті құжаттарға қорытынды, нормативтік-құқықтық актілерге түсініктеме жазудың тәжірибенің болуы;
-
орыс немесе ағылшын тілін білу – міндетті, Мемлекеттік тілді білу – артықшылығы бар.
Консультант «Консультанттар Нұсқамасында» көрсетілген ресімдерге сәйкес жеке консультант негізіндегі іріктеу әдісіне (IC) сәйкес таңдалып алынатын болады. Мүдделі консультанттардың назарын Дүниежүзілік Банктің мүдделер қақтығысына қатысты саясатын реттейтін «Дүниежүзілік Банктің Нұсқамасы: Дүниежүзілік Банктің Қарыз алушыларының ХҚҚДБ займдары мен ХДА кредиттері бойынша консультанттарды іріктеу мен жалға алу (2014 жылғы шілдеде қайта қаралған 2011 жылғы қаңтардағы редакциясы) («Консультант Нұсқамасы») 1.9 параграфына аударамыз.
Толығырақ мәліметті төменде көрсетілген мекенжай бойынша алуға болады: жұмыс уақыты дүйсенбіден жұма аралығында Астана уақыты бойынша 9:00-ден 13:00-ге дейін және 14:00-ден 18:00-ге дейін.
Мүдделілік білдіру (мәлімдеме) түйіндемемен бірге жауапты тұлғасы қолын қойған жазбаша немесе пошта арқылы төмендегі мекенжай бойынша немесе электрондық түрде (pdf нысанындағы) 2017 жылғы 31 шілде, дүйсенбі, Астана уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірмей білдірілуі тиіс.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
Жобаны іске асыру тобы (ЖІАТ)
ЖІАТ басшысы, Әбдiрашид Р.А. мырзаның назарына
Сарыарқа даңғылы 3/1, «Болашақ» БО,
5-қабат, 507 бөлме
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы,
Телефон: +7 (7172) 54 09 81