ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
«Сот төрелігінің секторын институционалдық нығайту» Жобасы
Қарыз № 8361-KZ
Тапсырма атауы: Конституциялық реформаны қолдау: Қылмыстық процессті жетілдіру
Шарт № (Сатып алу жоспарына сай): №KZJSISP/ IC-29
Сот төрелігінің секторын институционалдық нығайту жобасын (СТСИНЖ) іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Халықаралық қайта құру және даму банкінен (бұдан әрі - ХҚҚДБ) ХҚҚДБ шарттарының негізінде қаржы алды және осы қаржының бөлігін консультациялық қызмет көрсетуді төлеуге жоспарлап отыр.
Консультанттың консультациялық қызметтері (бұдан әрі – «Қызметтер») қылмыстық процессті жетілдіруді және:
a) соның ішінде қылмыс бойынша, сот алдын ала тергеу ресімдерін жеңілдету;
b) сот алдын ала тергеу сатысында сот бақылауын кеңейту;
c) қылмыстық қудалау органдары, прокуратура және сот арасында өкілеттіктерді нақты бөлу және қосарланушылықты жою;
d) қылмыстық процесстің экономикалық тиімділігін қамтамасыз етуге басымдықты көрсететін конституциялық реформаларды іске асырудағы қолдау көрсетуді қамтиды.
Консультант сотқа дейінгі тергеу ресімдерін жетілдіруге басымдығы көрсетілетін Қазақстанның құқық қорғау жүйесін жаңғырту бойынша Тұжырымдама жобасын дайындауға қолдау көрсетеді.
Қазақстанның құқық қорғау жүйесін жаңғырту бойынша Тұжырымдама жобасына комментарий және (а) нәтижелер мониторингтеуді, (б) жүзеге асырылатын көрсеткіштерді, (в) өзгерістерді басқару шараларын, (г) мерзімдермен кезеңдерді және шығындар сметасын қосатын Ведомствоаралық іс-шаралар жоспары тапсырма орындаудың негізгі нәтижелері болып табылады.
Тапсырманың орындалуы күтілетін мерзім – 6 (алты) ай.
Консультанттан күтілетін үлес – 6 айдын ішінде 70 жұмыс күн.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі консультациялық қызметтерді көрсету бойынша құқық қабілетті кандидаттарды (бұдан әрі «Консультант») өз қызметтерін ұсыну бойынша мүдделілікті білдіруді сұрайды.
Осы тапсырманы орындау үшін Консультант келесі минималды талаптарға сай болуы тиіс:
-
Құқық саласы бойынша жоғары білім;
-
Құқық қорғау және / немесе сот төрелігінің жүйесінде 10 жылдан кем емес тиісті жұмыс тәжірибесі;
-
ЭЫДҰ, Шығыс Еуропа мен ТМД елдерінде мемлекеттік органдарға құқық қорғау жүйесін және / немесе сот төрелігі секторын реформалау бойынша консалтингтік қызметтер көрсету көрнекі тәжірибесі;
-
Аймақ немесе Еуропаның немесе тиісті елдердің қылмыстық кодекстерін / заңдарын / процедураларын / тәжірибелерін, қылмыстық іс жүргізу кодекстерін / заңдарын / процедураларын / тәжірибелерін білу;
-
Ағылшын тілінде мінсіз оқу, жазу, сөйлеу дағдылары – міндетті, орыс тілін білу – артықшылығы бар.
Консультант «Консультанттар Нұсқамасында» көрсетілген ресімдерге сәйкес жеке консультант негізіндегі іріктеу әдісіне (IC) сәйкес таңдалып алынатын болады. Мүдделі консультанттардың назарын Дүниежүзілік Банктің мүдделер қақтығысына қатысты саясатын реттейтін «Дүниежүзілік Банктің Нұсқамасы: Дүниежүзілік Банктің Қарыз алушыларының ХҚҚДБ займдары мен ХДА кредиттері бойынша консультанттарды іріктеу мен жалға алу (2014 жылғы шілдеде қайта қаралған 2011 жылғы қаңтардағы редакциясы) («Консультант Нұсқамасы») 1.9 параграфына аударамыз.
Толығырақ мәліметті төменде көрсетілген мекенжай бойынша алуға болады: жұмыс уақыты дүйсенбіден жұма аралығында Астана уақыты бойынша 9:00-ден 13:00-ге дейін және 14:00-ден 18:00-ге дейін.
Мүдделілік білдіру (мәлімдеме) түйіндемемен бірге жауапты тұлғасы қолын қойған жазбаша немесе пошта арқылы төмендегі мекенжай бойынша немесе электрондық түрде (pdf нысанындағы) 2017 жылғы 27 шілде, бейсенбі, Астана уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірмей білдірілуі тиіс.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
Жобаны іске асыру тобы (ЖІАТ)
ЖІАТ басшысы, Әбдiрашид Р.А. мырзаның назарына
Сарыарқа даңғылы 3/1, «Болашақ» БО,
5-қабат, 507 бөлме
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы,
Телефон: +7 (7172) 54 09 81