Қазақстанның қылмыстық процессінде жарыспалылықты іске асыру – Консультациялық қызметтер, Шарт № (Сатып алу жоспарына сай): №KZJSISP/ IC-27

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
«Сот төрелігінің секторын институционалдық нығайту» Жобасы
Қарыз № 8361-KZ
Тапсырма атауы: Қазақстанның қылмыстық процессінде жарыспалылықты іске асыру – Консультациялық қызметтер
Шарт № (Сатып алу жоспарына сай): №KZJSISP/ IC-27
 
Сот төрелігінің секторын институционалдық нығайту жобасын (СТСИНЖ) іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Халықаралық қайта қүру және даму банкінен (бұдан әрі - ХҚҚДБ) ХҚҚДБ шарттарының негізінде қаржы алды және осы қаржының бөлігін консультациялық қызмет көрсетуді төлеуге жоспарлап отыр.
Консультанттың консультациялық қызметтері (бұдан әрі «Қызметтер») Қазақстанның құқық қорғау жүйесінде конституциялық реформаларды іске асырудағы қолдау көрсетуді қамтиды. Консультант қолдануға жарамды халықаралық тәжірибенің және озық тәжірибелердің негізінде континентальді құқық елдерінің шеңберінде қылмыстық сот ісін жүргізудің жарыспалылығын енгізу мүмкіндіктерін (соның ішінде, негізгі тәуекелдер, кезеңдер, шығындар сметасы және ықтимал мерзімдер) зерттейді.
Консультант тиісті жарыспалылық системасының элементтерін іске асыру мүмкіндіктері үшін басымдықты көрсететін Қазақстанның құқық қорғау жүйесін жаңғырту бойынша Тұжырымдаманың жобасын дайындауға қолдау көрсетеді.
Қазақстанның құқық қорғау жүйесін жаңғырту бойынша Тұжырымдама жобасына комментарий және мақсатты көрсеткіштер, нәтижелер индикаторларын және негізгі тәуекелдерді қамтитын жарыспалылық элементтерін іске асыру бойынша шығын сметасы, мерзімдер мен кезеңдері бар Қазақстанның қылмыстық сот ісін жүргізуінде тиісті жарыспалылық системасының енгізу Іс-шаралар жоспары тапсырма орындаудың негізгі нәтижелері болып табылады.
Тапсырманың орындалуы күтілетін мерзім – 6 (алты) ай.
Консультанттан күтілетін үлес – 6 айдын ішінде 70 жұмыс күн.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі консультациялық қызметтерді көрсету бойынша құқық қабілетті кандидаттарды (бұдан әрі «Консультант») өз қызметтерін ұсыну бойынша мүдделілікті білдіруді сұрайды.
Осы тапсырманы орындау үшін Консультант келесі минималды талаптарға сай болуы тиіс:
  1. Құқық саласы бойынша жоғары білім;
  2. Тиісті қылмысты процесс жарыспалылық системасында 10 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі;
  3. Шығыс Еуропа мен ТМД елдерінде мемлекеттік органдарға консалтингтік қызметтер көрсету көрнекі тәжірибесі;
  4. ЭЫДҰ, Шығым Еуропа немесе ТМД мемлекеттерінде тиісті  жарыспалылық системасын енгізудің практикалық тәжірибесі;
  5. Аймақ немесе Еуропаның немесе тиісті елдердің қылмыстық кодекстерін / заңдарын / процедураларын / тәжірибелерін, қылмыстық іс жүргізу кодекстерін / заңдарын / процедураларын / тәжірибелерін білу;
  6. Ағылшын тілінде мінсіз оқу, жазу, сөйлеу дағдылары – міндетті, орыс тілін білу – артықшылығы бар.
Консультант «Консультанттар Нұсқамасында» көрсетілген ресімдерге сәйкес жеке консультант негізіндегі іріктеу әдісіне (IC) сәйкес таңдалып алынатын болады. Мүдделі консультанттардың назарын Дүниежүзілік Банктің мүдделер қақтығысына қатысты саясатын реттейтін «Дүниежүзілік Банктің Нұсқамасы: Дүниежүзілік Банктің Қарыз алушыларының ХҚҚДБ займдары мен ХДА кредиттері бойынша консультанттарды іріктеу мен жалға алу (2014 жылғы шілдеде қайта қаралған 2011 жылғы қаңтардағы редакциясы) («Консультант Нұсқамасы») 1.9 параграфына аударамыз.
Толығырақ мәліметті төменде көрсетілген мекенжай бойынша алуға болады: жұмыс уақыты дүйсенбіден жұма аралығында Астана уақыты бойынша 9:00-ден 13:00-ге дейін және 14:00-ден 18:00-ге дейін.
Мүдделілік білдіру (мәлімдеме) түйіндемемен бірге жауапты тұлғасы қолын қойған жазбаша немесе пошта арқылы төмендегі мекенжай бойынша немесе электрондық түрде (pdf нысанындағы) 2017 жылғы 27 шілде, бейсенбі, Астана уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірмей білдірілуі тиіс.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
Жобаны іске асыру тобы (ЖІАТ)
ЖІАТ басшысы, Әбдiрашид Р.А. мырзаның назарына
Сарыарқа даңғылы 3/1, «Болашақ» БО,
5-қабат, 507 бөлме
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы,
Телефон: +7 (7172) 54 09 81
Дата публикации
13 июля 2017