«Сот мониторингін жетілдіру, бірыңғай сот тәжірибесін қалыптастыру жүйесі мен талдау жүргізу». Шарт нөмірі: №KZJSISP/ QCBS-07

Қарыз №8361-KZ
 
Сот төрелігінің секторын институционалдық нығайту жобасын (СТСИНЖ) іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік Банктен қаржы алды және осы қаржының бөлігін консультациялық қызмет көрсетуді төлеуге жоспарлап отыр.Консультациялық қызметтер (бұдан әрі «Қызметтер») сот төрелігі секторын нығайтуға бағытталған, судьялардың тиімділігі мен кәсібилігін арттыруға ықпал етеді.
  1. Осы тапсырманың шеңберінде Консультант қызметтің келесі бағыттарын іске асыру қажет:жергілікті соттардың мониторингі мен бағалануын бұдан әрі жетілдіру;
  2. соттар қызметтерінің институционалдық бағалануын, шолуларын, талдамалық және ғылыми жұмыстары тиімділігін арттыру және сот жүйесін жетілдіру;
  3. бірыңғай сот тәжірибесін қалыптастыру жүйесін жетілдіру, континенталды құқық жүйесіндегі мемлекеттердің халықаралық тәжірибесін зерттеу және сот тәжірибесі бірлігін қамтамасыз ету үшін озық механизмдерді енгізу.
Қызмет нәтижелері:
  1. соттар қызметінің мониторингі мен бағалануын бұдан әрі жетілдіру бойынша ұсыным тізімі;
  2. сот тәжірибесіне талдамалық және ғылыми зерттеулерді жүргізудің тиімділігін арттыру бойынша ұсыным тізімі;
  3. бірыңғай сот тәжірибесін қалыптастыру жүйесін жетілдіру бойынша ұсыным тізімі;
  4. Іс-шаралар жоспарын іске асыру туралы есеп.
Тапсырманың орындалуы күтілетін мерзім – 10 (он) ай.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі консультациялық қызметтерді көрсету бойынша құқық қабілетті компанияларды (бұдан әрі «Консультант») өз қызметтерін ұсыну бойынша мүдделілікті білдіруді сұрайды. Мүдделілікті білдіретін Консультанттар қызмет көрсету бойынша біліктілік пен тәжірибені растайтын ақпаратты (кітапша, ұқсас тапсырмалардың сипаттамасы, ұқсас іс-шаралардағы тәжірибе, қызметкерлердің қажетті дағдылары және т.с.с.), соның ішінде қажет болған жағдайда пікір алу үшін ағымдағы/болған клиенттердің аты-жөнін, лауазымдарын және байланыс ақпаратын ұсынуы қажет.
 
Шағынпараққаенгізудіңталаптары:
  1. 5 жылдан кем емес, соның ішінде сот төрелігі, заң үстемесі және сот қалыптастыру немесе сот төрелігі, Іс-жүргізу құқығы және/немесе сот әкімшілендіру салаларында айтарлықтай ғылыми зерттеулерді жүргізу;
  2. танымал және озық әлемдік ұйымдармен халықаралық байланыстын бар болуы;
  3. 2 жылдан кем емес, соның ішінде халықаралық донорлармен қаржыландырылған ірі жобаларды үйлестіру тәжірибесі;
  4. техникалық тапсырманы орындау үшін тиісті немесе одан жоғары біліктілігі, дағдылары мен тәжірибесі барсарапшылардың бар болуы.
Мүдделі консультанттардың назарын Дүниежүзілік Банктің мүдделер қақтығысына қатысты саясатын реттейтін «Дүниежүзілік Банктің Нұсқамасы: Дүниежүзілік Банктің Қарыз алушыларының ХҚҚДБ займдары мен ХДА кредиттері бойынша консультанттарды іріктеу мен жалға алу (2014 жылғы шілдеде қайта қаралған 2011 жылғы қаңтардағы редакциясы) («Консультант Нұсқамасы»)1.9 параграфына аударамыз.
 
Консультанттар өздерінің біліктігін арттыру үшін бірлескен кәсіпорын немесе мердігер консалтингтік компаниялар нысанында басқа компаниялармен бірлесуі мүмкін.
 
Консультант «Консультанттар Нұсқамасында» көрсетілген ресімдерге сәйкес сапа мен құны негізіндегі іріктеу әдісіне (QCBS)сәйкес таңдалып алынатын болады.
 
Толығырақ мәліметті төменде көрсетілген мекенжай бойынша алуға болады: жұмыс уақыты дүйсенбіден жұма аралығында Астана уақыты бойынша 9:00-ден 18:00-ге дейін. Мүдделілік жауапты тұлғасы қолын қойған (pdf нысанындағы) жазбаша немесе электрондық түрде төмендегі мекенжай бойынша (қолма-қол, пошта, факс немесе электрондық пошта арқылы) 2017 жылғы 20маусымынан, сейсенбі, Астана уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірмей білдірілуі тиіс.
 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
Жобаны іске асыру тобы (ЖІАТ)
ЖІАТ басшысы, Абдрашид Р.А. мырзаның назарына
Сарыарқа даңғылы 3/1, «Болашақ» БО,
5-қабат, 507 бөлме
010000, ҚазақстанРеспубликасы, Астанақаласы,
Телефон: +7 (7172) 54 09 81
Дата публикации
30 мая 2017