|
QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY
ÁDILET MINISTRLIGI
|
|
МИНИСТЕРСТВО ЮСТИЦИИ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
|
|
BUIRYQ
|
|
ПРИКАЗ
|
20___ жылғы __________ № ____________________
Лицензияның қолданысын
қайта бастау туралы
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2017 жылғы 19 шілдеде Гульнара Маратовна Казиеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 17013002 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта басталсын.
- Қостанай облысының Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше нотариус Г.М. Казиеваның назарына жеткізсін.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын қайта бастау туралы жазбаны енгізсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негізі: Г.М. Казиеваның 2021 жылғы 01.03. өтініші.
Вице-министр А. Әмірғалиев