Ашық нормативтiк құқықтық актілердің интернет-порталына орналастырылғаны туралы

Ашық нормативтiк құқықтық актілердің
интернет-порталына орналастырылғаны туралы

 

ҚР Әділет министрлігі «ТМД қатысушы мемлекеттердің жалған тауар белгілерін және географиялық көрсеткіштерді пайдаланудың алдын алу мен жолын кесу жөніндегіынтымақтастығы туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын (бұдан әрі – Қаулысының жобасы) әзірледі.

Қаулысының жобасы ТМД-ға қатысушы мемлекеттерге жалған тауар белгілері және географиялық көрсеткіштері бар тауарларды өндіру мен өткізу фактілерінің алдын алу, анықтау және жолын кесу мәселелерінде ынтымақтастықты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жағдайлар жасауға бағытталған.

Қоғамдық талқылау 2021 жылғы 12 наурызынан 2021 жылғы 11 сәуірге дейін жүргізіледі.

Барлық қызығушылық танытқан азаматтар Қаулы жобасын талқылауға келесі сілтеме бойынша: https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=7412690 қатысуға мүмкіндігі бар.

Дата публикации
15 марта 2021