«Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi жүргiзуi жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 398 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

 

QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY

ÁDILET MINISTRLIGI 

 

 

 

МИНИСТЕРСТВО ЮСТИЦИИ

 

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

 

______________________________________________________________________________________

 

BUIRYQ

 

 

 

ПРИКАЗ

 

____________________________________________

                                       Nur-Sultan qalasy

 

 

 

№______________________________________________

                                     город Нур-Султан

 

 

 

«Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi жүргiзуi жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы                       30 желтоқсандағы № 398 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Қазақстан Республикасы әділет органдарының әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 398 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10112 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:

Жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы әділет органдарының әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізуі жөніндегі ңұсқалықта:

«1. Жалпы ережелер», «2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау», «3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету
шараларын қабылдау», «4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу», «5. Әділет органдарының уәкілетті лауазымды адамдарының әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауы», «6. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жөніндегі заңды күшіне енбеген қаулыларды апелляциялық тәртіпте қайта қарау», «7. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жөніндегі заңды күшіне енген қаулыларды және шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижесі бойынша оларға жаңадан ашылған мән-жайлар жөніндегі қаулыларды қайта қарау», «8. Әкiмшiлiк жазалар қолдану туралы қаулыларды орындау», «9. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша
iс қағаздарын жүргiзу» деген сөздерден бұрын «Тарау» деген сөздермен толықтырылсын;

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

         «38. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу саласындағы, атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның басшысы мен олардың орынбасарлары, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әділет органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары, сондай-ақ аудандық және қалалық әділет бөлімшелерінің басшылары Кодекстің 230 (екінші бөлігі) (егер осы бұзушылықты жеке нотариус жасаса), 457, 468, 670, 671, 672 баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық істерді қарайды және әкімшілік жазалар қолданады.

Заңды тұлғаларды, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласындағы уәкілетті органның, оның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы Кодекстің 464 және 466-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды және ескерту мен әкімшілік айыппұл жасау түріндегі әкімшілік жазаларды қолданады.».

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң ызметтерді ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз ету тапсырылды.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
  3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Лауазымы

 

  Аты-жөні

 

 

 

 

Дата публикации
03 марта 2021