«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 1 қарашадағы № 1520 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 2 қарашадағы № 55 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

 

QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY

ÁDILET MINISTRLIGI 

 

 

 

МИНИСТЕРСТВО ЮСТИЦИИ

 

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

 

______________________________________________________________________________________

 

BUIRYQ

 

 

 

ПРИКАЗ

 

____________________________________________

                                       Nur-Sultan qalasy

 

 

 

№______________________________________________

                                     город Нур-Султан

 

 

 

 «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 1 қарашадағы  № 1520 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 2 қарашадағы № 55

 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 1 қарашадағы № 1520 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 2 қарашадағы № 55 бірлескен бұйрығына (бұдан әрі – Бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17723 болып тіркелген, 2018 жылғы 11 қарашада электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:

осы бұйрыққа жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі - Өлшемшарттары)                                        1-қосымшаға:

2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) елеулі бұзушылықтар –жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген келесі талаптарды бұзу:

көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол бермеу;

жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде негізсіз тоқтата тұруға жол бермеу;

құқықтық кадастрдың тіркеу ісіндегі құжаттардың көшірмелерін тіркеуші орган ақпарат алуға сұрау салу берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей беруге тиіс;

көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес үдерістерін сақтау;

бір және одан астам расталған шағымның немесе арыздың болуы;

лауазымды тұлғалардың «ЖМТ МДК» АЖ-де жұмыс жасау үшін басқа лауазымды тұлғаның жеке логинін пайдалануы;»;

Өлшемшарттарына сәйкес келеді:

кестенің 11-тармағы бақылау субъектілер қызметінің тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшартары мынадай редакцияда жазылсын:

«құқықтық кадастрдың тіркеу ісіндегі құжаттардың көшірмелерін тіркеуші орган ақпарат алуға сұрау салу берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей беруге тиіс»;

осы бұйрықтың тексеру парағының 2-қосымшаға:

тексеру парағының 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«құқықтық кадастрдың тіркеу ісіндегі құжаттардың көшірмелерін тіркеуші орган ақпарат алуға сұрау салу берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей беруге тиіс».

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң ызметтерді ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз ету тапсырылды.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
  3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Лауазымы

 

  Аты-жөні

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық  экономика министрлігі

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Бас Прокуратурасының

Құқықтық статистика

және арнайы есепке алу

жөніндегі комитеті

Дата публикации
03 марта 2021