«Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 27 мамырдағы №58 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 27 мамырдағы №58 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 27 мамырдағы №58 бұйрығына(Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде №20740 болып тіркелген, 2020 жылғы 29 мамырда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

 «Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидасында:

мемлекеттік тілдегі тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы»;

13-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

«13. Көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар.

Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті портал арқылы тапсырған кезде «жеке кабинетіне» өтініш түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салуды қабылдау туралы мәртебесі жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті беруші қол қою үлгісі мен мөр бедерінің өтінішке тіркелген апостиль қоюға жататын сканерленген құжаттың сәйкестігін, сондай-ақ өтінішпен қоса берілген құжаттардың Конвенция мен Бірыңғай қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді.

Өтініш пен қоса берілген Конвенция Конвенция мен Бірыңғай қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтініш түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту түрінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды және порталға көрсетілетін қызмет алушыға жібереді.

Көрсетілетін қызметті алушының өтініші мен ұсынылған құжаттары Қағидалардың талаптарына сәйкес келген жағдайда, лауазымды адам 2 (екі) жұмыс күн ішінде апостильдеуге жататын электрондық  апостиль қалыптастырады және уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ЭҮШ арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» порталға жібереді.»;

14-тармақтың 5-абзацы келесі редакцияда жазылсын:

«Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі өтініш түскен күні оларды қабылдауды жүзеге асырады, содан кейін апостиль қоюға жауапты қызметкерге береді.»;

«Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымшасында:

5-тармағының 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«1. Қағидаларға 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз жеткізгіштегі «апостиль» мөртабаны бар құжат не электрондық форматта жүгінген кезде Е-Апостиль өтініш беру кезінде уәкілетті мемлекеттік органға берген қорғаныш кодын қолдана отырып, апостильді жүктеу арқылы электрондық үкімет порталы арқылы беріледі.»;

«Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидасында:

«қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсету Қағидаларына 3.1 қосымшасымен толықтырылсын».

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

 

Қазақстан Республикасы

Цифрлық даму, инновациялар

және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

2021 жылғы "__" _____________________

 

Дата публикации
01 марта 2021