Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Кейбiр нұсқаулықтарды бекiту туралы» 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 және «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентi туралы» 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Кейбiр нұсқаулықтарды бекiту туралы» 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 және «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентi туралы» 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Кейбiр нұсқаулықтарды бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулықта:

1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Yкiметiнiң кесiмдерiн, Премьер-Министрдiң өкiмдерiн, Президенттiң,  сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмаларының Президент Әкiмшiлiгi Басшылығының, Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының, оның орынбасарларының тапсырмалары бар құжаттардың және Парламент депутаттарының сауал салуларының, депутаттар бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкiметтiң қорытындысын беру туралы өтiнiшпен Парламент Палаталары хаттарының орындалуын бақылауды ұйымдастыруды регламенттейдi.»;

3 тармақтың 1), 2), 3), 4), 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) Үкіметке немесе оның басшылығына тапсырмалар берілетін Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін не актілерінің тармақтарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмаларын;

2) Үкіметке немесе оның басшылығына тапсырмалар бар халықаралық іс-шаралар мен өңірлік сапарлардың қорытындылары бойынша берген Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын не тапсырмаларының тармақтарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмаларын;

3) Үкіметке немесе оның басшылығына тапсырмалар берілетін Қазақстан Республикасы Президентінің,  Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасымен және Қазақстан халқы Ассамблеясының   төрағасымен қатысуымен өтетін кеңестердің, отырыстардың және қоғамдық маңызы бар іс-шаралардың хаттамаларында қамтылған тапсырмаларды не тапсырмалардың тармақтарын;

4) Үкіметке және оның басшылығына жолданған Қазақстан Республикасы Президентінің жеке тапсырмаларын, сондай-ақ  әлеуметтік желілердегі  ресми аккаунттарында немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған тапсырмаларын;

5) Президенттің Үкіметке, Премьер-Министрге және оның орынбасарларына "Бақылауға алынды" деген мөртаңбасы, "шұғыл", "баяндалсын", "ұсыныстар енгізілсін" деген белгілері болған кезде, қызметтік және өзге де құжаттар бойынша жолданған тапсырмаларын  сондай-ақ  әлеуметтік желілердегі  ресми аккаунттарында немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған тапсырмаларын  не тапсырмаларының тармақтарын, сондай-ақ мазмұнынан оларды бақылауға қою қажеттілігі туындайтын тапсырмаларын;»;

7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Егер бақылаудағы құжаттарда (Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларынан, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмаларынан басқа) нақты орындалу мерзімі көрсетілмесе, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстары болмаса, онда мұндай құжаттар келіп түскен күнінен бастап бір ай мерзімде, ал "шұғыл" немесе "жеделдетілсін" деген белгісі болған кезде – 10 (он) жұмыс күні ішінде орындалады.»;

10-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекет басшысының тарсырмаларын, әлеуметтік желілердегі  ресми аккаунттарында немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмаларын  Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің басшылығы мен Премьер-Министрдің, Премьер-Министр орынбасарларының және Кеңсе Басшысының тапсырмаларын бақылаудан алу туралы тапсырмалардың жобаларын дайындау кезінде орындаушы болып табылатын Кеңсенің құрылымдық бөлімшесі қарар жобасын БҚҚБ меңгерушісімен келіседі.»;

12-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмалары бойынша – оларды бақылаудан алу не орындау мерзімін ұзарту туралы не нақты орындау мерзімдерін көрсете отырып, құжаттарды орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру не Үкіметтің бақылауына ауыстыру туралы Премьер-Министрдің не оның орынбасарларының атынан Мемлекет басшысының атына белгіленген тәртіппен дайындалған негізделген хаттың жобасын;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмалары, не Президент Әкімшілігінің актілері мен тапсырмалары бойынша – оларды бақылаудан алу не орындау мерзімін ұзарту туралы не нақты орындау мерзімдерін көрсете отырып, құжаттарды орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру не Үкіметтің бақылауына ауыстыру туралы Премьер-Министр орынбасарларының немесе Кеңсе Басшысының (ол болмаған кезде – оның міндетін атқарушы адамның) атынан Президент Әкімшілігінің атына белгіленген тәртіппен дайындалған негізделген хаттың жобасын;

Қазақстан Республикасы Президентінің тарпсырмаларын  сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмаларын    орындау мерзімін ұзарту, бақылаудың түрлеріне ауыстыру, бақылаудын алу Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентіне сәйкес жүзеге асырылады.»;

12-тармақтың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекет басшысының  тапсырмалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмалары, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкімет басшылығының тапсырмаларын бақылаудан алу туралы Үкімет басшылығының шешімі шығарылғанға дейін құжаттарға БҚҚБ меңгерушісі міндетті түрде бұрыштама қояды.»;

8-4 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«18-4. Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы ай сайын Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне Мемлекет басшысының  тапсырмалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмалары, және Үкімет басшылығының тапсырмаларын орындау бойынша мемлекеттік органдардағы орындаушылық тәртіптің жай-күйі туралы баяндайды.»;

19 тармақта:

Бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«19-1. Мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Президенттің актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмаларының, Премьер-Министрдің актілері мен тапсырмаларының, Премьер-Министрдің орынбасарлары, Кеңсе Басшысы тапсырмаларының орындалуын бақылауды мынадай лауазымды тұлғалар жүзеге асырады:»;

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) мемлекеттік органның аппарат басшысы актілер мен тапсырмалардың орындалуын және орындаушылық тәртіптің сақталуын бақылауды ұйымдастырады, мемлекеттік орган бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;»;

26-тармақтың біріші бөлігі тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«26. Мемлекет басшысының тапсырмалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмалары,, Президент Әкімшілігі Басшысының актілері мен тапсырмаларын, депутаттық сауалдарды, Парламенттің хаттары мен Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына қорытындыларды, прокурорлық қадағалау және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің актілерін алған кезде Кеңсенің құрылымдық бөлімшесі Кеңседе тіркелген күнінен бастап мемлекеттік органдардың атына тиісті тапсырманы үш жұмыс күнінен кешіктірмей, ал "өте шұғыл" деген белгісі бар тапсырманы – дереу, "шұғыл" немесе "жеделдетілсін" деген белгісі бар тапсырмаларды бір жұмыс күні ішінде Үкімет пен Кеңсе басшылығының қол қоюына береді.».

2) «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 443-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентiнде:

         8-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Премьер-Министр, оның орынбасары және Кеңсе Басшысы өз құзыретіне енетін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік органдары мен ұйымдарының басшыларына, олармен алдын ала келіспей-ақ орындалуға міндетті тапсырмалар бере алады.»;

8-1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8-1. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның орындау мерзімі алты айдан асатын кешенді және ведомствоаралық сипаты бар актілері мен тапсырмаларын орындау өздерінің құзыреті шеңберінде екі және одан көп мемлекеттік органға жүктелген, сондай-ақ қандай да бір саладағы/аядағы/өңірдегі тәсілдердің, нормалар мен қағидалардың жаңаларын қалыптастыруға және іске асыруға не қолда барын өзгертуге бағытталған жағдайда, орындаушы мемлекеттік орган құжат келіп түскеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 1-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) әзірлейді және оны Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесімен келіседі.

Тапсырмаларды ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру кезінде ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы) міндетті түрде әзірленеді. Орындаушы мемлекеттік орган Қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) әзірлейді және бекітеді және Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшелерімен келіседі.

Ұзақ мерзімді бақылауға ауыстырылған тапсырмалар бойынша ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) бекіту тәртібі осы Регламенттің 8-2-тармағында белгіленген тәртіпке ұқсас.»;

8-2-тармақта:

екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«8-2. Ұйымдастыру іс-шараларының жоспарында (жол картасында) орындау мерзімдері айқындалып, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін немесе тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмаларын  орындаудың нысаналы және сапалық-сандық көрсеткіштері көрсетіліп, орындаушы мемлекеттік орган мен бірлесіп орындаушылардың іс-қимыл жасасу тәртібі қамтылады.»;

мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«Бір орындаушы мемлекеттік орган және қажет болған кезде оның ведомстволық бағынысты ұйымдары ғана қатысатын ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) осы мемлекеттік органның бірінші басшысы бекітеді.»;

8-3, 8-4, 8-5, 8-6 – тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«8-3. Ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы) қабылданған жағдайда  мемлекеттік органдардың  Регламенттің 8-2-тармағында көзделген Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шараларының жоспарларын бекітуі талап етілмейді.

8-4. Ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы) болмаған жағдайда, қажет болса, орындаушы мемлекеттік органның (ұйымның) бірінші басшысының шешімімен Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіледі.

8-5. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралардың орындаушысы Үкімет болып табылатын жоспарын жасаған кезде олардың орындалуын Премьер-Министрдің тиісті орынбасарының үйлестіруі көзделеді.

8-6. Орындаушы мемлекеттік органдардың (ұйымдардың) және бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың (ұйымдардың) лауазымды адамдары өздеріне берілген тапсырмалардың сапасыз орындалғаны және уақтылы орындалмағаны үшін дербес жауапты болады.

Квазимемлекеттік сектор субъектілері (ұйымдар) тапсырмаларды бірлесіп орындаушылар ретінде айқындалады. Бұл ретте орындауды үйлестіру жауапкершілігі мемлекеттік басқару органына немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі түріндегі жалғыз құрылтайшыға жүктеледі. Мемлекеттік емес ұйымдарға қатысты ұсынымдық сипаттағы тапсырмалар беріледі, бұл ретте орындауды үйлестіру тиісті мемлекеттік басқару саласының мемлекеттік органына жүктеледі.»;

8-8 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8-8.  Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың іске асырылу барысы туралы Үкімет ақпараты Президент Әкімшілігіне енгізіледі, оған Қазақстан Республикасы Президентінің, Президент Әкімшілігі Басшысының немесе Президент көмекшісінің – Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының қарарының адресатына қарай Премьер-Министр, Премьер-Министрдің тиісті орынбасары немесе Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы қол қояды.»;

8-9-тармақ алып тасталсын;

8-10, 8-11 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«8-10. Егер Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің және/немесе тапсырмаларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмаларының тармақтарын белгіленген мерзімде орындау мүмкін болмаған жағдайда, онда орындаушы мемлекеттік органның (ұйымның) басшысы, ал Үкіметтің өкілеттіктері қозғалатын болса – Премьер-Министрмен (оның міндетін атқарушы адаммен) немесе оның орынбасарымен келіскеннен кейін белгіленген мерзімнен кешіктірмей, Президент Әкімшілігіне орындаудың ағымдағы жай-күйі көрсетіліп, орындау мерзімін ұзарту не оны орта мерзімді бақылауға ауыстыру қажеттілігінің дәлелді негіздемесімен хат енгізеді. Бұл ретте нақты орындау мерзімі, орындаушы мемлекеттік органның, сондай-ақ бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың жауапты саяси мемлекеттік қызметшілері және ұйымдардың лауазымды адамдары көрсетіледі.

Қағидаларының 36-1-тармағында көрсетілген, белгіленген мерзімде орындалмайтын тапсырмалар бойынша орындаушы мемлекеттік органның (ұйымның) басшысы белгіленген мерзімнен кешіктірмей, Үкімет басшылығының немесе Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының атына орындаудың ағымдағы жай-күйін көрсете отырып, орындау мерзімін ұзарту не оны орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру қажеттілігінің дәлелді негіздемесімен хат енгізеді. Үкімет хат бойынша қабылданған шешім туралы Президент Әкімшілігін он жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.

Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген тапсырмаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің және/немесе тапсырмаларының, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың тармақтарын орындау мерзімдерін ұзартуға не оларды орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыруға Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысы не оның Президент Әкімшілігінің жауапты лауазымды адамдары виза қойған Үкіметтің не орындаушы мемлекеттік органның ұсынысына келісімі негізінде Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Президент Әкімшілігі Басшысының шешімі бойынша бір реттен асырмай жол беріледі.

Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген тапсырмаларды орындау мерзімдерін ұзартуға не оларды орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыруға Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарының шешімі бойынша бір реттен асырмай жол беріледі.

Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерінде қамтылған тапсырмалар бойынша орындау мерзімін ұзарту, оларды орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру, сондай-ақ аралық хабар беру мерзімін белгілеу туралы шешімді Президент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы қабылдайды.

Орта мерзімді бақылауға ауыстыру Президент Әкімшілігіне тапсырманың орындалу барысы туралы ай сайын немесе тоқсан сайын аралық хабар бере отырып жүзеге асырылады. Бастапқы белгіленген мерзім ішінде объективті қалыптасқан сыртқы мән-жайлар бойынша тапсырманың орындалуын аяқтау және/немесе түпкілікті нәтижеге қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда, орта мерзімді бақылауға ауыстыру туралы шешім қабылданады.

Ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру Президент Әкімшілігіне тапсырманың орындалу барысы туралы тоқсан сайын немесе жарты жыл сайын аралық хабар бере отырып жүзеге асырылады. Объективті қалыптасқан сыртқы мән-жайлар бойынша белгіленген мерзімге тапсырманың орындалуын аяқтау мүмкін болмаған жағдайда және тапсырманың орындалу нәтижелерінің тиімділігіне немесе оның ел дамуының түйінді индикаторларына қол жеткізуге тигізетін ықпалына бақылауды жүзеге асыру қажет болған жағдайда, ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру туралы шешім қабылданады.

8-11. Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген тапсырмаларды қоспағанда, актілердің және/немесе тапсырмалардың тармақтарын орындау мерзімін қайтадан ұзартуға Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Президент Әкімшілігі Басшысының шешімі бойынша айрықша жағдайларда, мемлекеттік саяси қызметшілердің және ұйымдардың жауапты лауазымды адамдарының тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселе қарап және бір айдан аспайтын мерзімде Президент Әкімшілігіне қабылданған шаралар туралы хабар бере отырып жол беріледі.

Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген басқа тапсырмаларды орындау мерзімдерін қайта ұзартуға Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарының шешімі бойынша айрықша жағдайларда, мемлекеттік саяси қызметшілердің және ұйымдардың жауапты лауазымды адамдарының тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселені қарап және бір айдан аспайтын мерзімде Премьер-Министр Кеңсесіне қабылданған шаралар туралы хабар бере отырып жол беріледі.

 Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды орындау мерзімін қайта ұзартуға Президент көмекшісінің – Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының шешімі бойынша айрықша жағдайларда, мемлекеттік саяси қызметшілердің және ұйымдардың жауапты лауазымды адамдарының тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселені қарап және бір айдан аспайтын мерзімде Президент Әкімшілігіне қабылданған шаралар туралы хабар бере отырып жол беріледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің орындау мерзімі үш айдан асатын актілері мен тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмаларын қайтадан ұзарту туралы ұсынысты Президент Әкімшілігіне орындаушы мемлекеттік орган (ұйым), ал Үкіметтің өкілеттіктері қозғалса – Премьер-Министрмен (оның міндеттерін атқарушы адаммен) немесе оның орынбасарымен келісілгеннен кейін оны орындау мерзімі аяқталғанға дейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей енгізеді.

Осы Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген, негізгі орындаушылары Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар болып табылатын тапсырмаларды қоспағанда, орындалу мерзімі үш айдан асатын тапсырмалардың орындалуын қайта ұзарту туралы ұсынысты орындаушы мемлекеттік орган (ұйым) орындалу мерзімінің аяқталуына дейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей Үкімет басшылығына немесе Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысына енгізеді.

Премьер-Министр Кеңсесінің жауапты құрылымдық бөлімшесі бұл ұсыныстың келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырманың орындалмау себебін анықтау мәселесі бойынша тексеру жүргізеді және оның нәтижелері бойынша сараптамалық қорытынды дайындайды.»;

8-15 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8-15. Мемлекеттік органдарда Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының және Премьер-Министрдің актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмаларының орындалу уақтылығы мен сапасына жауапкершілік осы Реламенттің 128-тармағында көзделген лауазымды тұлғаларына жүктеледі.»;

10 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Министрлiктер аппараттарының қызметiн ведомствоаралық үйлестiрудi Кеңсе Басшысы аппарат басшылармен (аппарат басшысының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын лауазымды тұлғалармен) кеңестер өткiзу және Кеңсе Басшысының тиiстi тапсырмалары жолымен жүзеге асырады.»;

14-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Кеңсе Үкімет басшылығы мен Кеңсе Басшысының атына жазылған, мемлекеттік органның (ұйымның) бірінші басшысы немесе тиісті бұйрық болған кезде бірінші басшының міндеттерін атқару ресми түрде жүктелген адам, қол қойған құжаттарды қабылдайды.»;

23-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Үкімет мүшесінің мәжіліске қатысуы мүмкін болмаған жағдайда, тиісті орынбасарларының қатысуы мәжіліс басталғанға дейін кемінде 2 (екі) сағат бұрын Премьер-Министрмен не Кеңсе Басшысымен алдын ала келісіледі.»;

34-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«34. Жобаны  әзірлеуші мемлекеттік орган МО ИП-та заң қызметі басшысының (не оның міндетін атқарушы адамның) және мемлекеттік органның бірінші басшысының, немесе оның орынбасарының, немесе мемлекеттік органның аппарат басшысының мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасын (бұдан әрі – ЭЦҚ) пайдалана отырып куәландырылған қаулы (өкім) жобасын, оған түсіндірме жазбаны және басқа да қажетті құжаттарды электрондық құжаттар нысанында орналастырады және МО ИП арқылы тиісті мемлекеттік органдарға келісуге жібереді, ал ұйымдарға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларында белгіленген тәртіппен расталған электрондық құжаттың қағаз көшірмесі келісуге жіберіледі.»;

35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«35. Орталық атқарушы органдардың Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын дайындау және келісу кезіндегі өзара іс-қимылы  аппарат басшылар (немесе  аппарат басшысының функцияларын орындауға уәкілетті лауазымды тұлғалар)  арқылы жүзеге асырылады.»;

47 тармақта 1), 2), 3)  тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«1) жоба ескертулерсіз келісілуі мүмкін. Мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе оның орынбасары немесе облыстың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімі (оның міндетін атқарушы адам) ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, МОИП-та электрондық құжат нысанындағы жобаны келіседі.

2) бар ескертулерді жою үшін жоба пысықтауға жіберілуі мүмкін. Бұл ретте МО ИП-та келісуші орган ескертулерді орналастырады, онда оларды жою жөніндегі ұсыныстар міндетті түрде қамтылуға тиіс және оған ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, мемлекеттік органның бірінші басшысы, немесе оның орынбасары қол қояды. Бұл жағдайда әзірлеуші ескертулермен келіскен кезде жобаларды пысықтау МО ИП-та жүзеге асырылады, бұдан кейін әзірлеуші МО ИП-та мемлекеттік органның бірінші басшысының немесе оның орынбасарының ЭЦҚ-сын куәландыра отырып қол қойылған жобаның пысықталған (келесі) нұсқасын орналастырады және оны мемлекеттік органдарға қайта келісуге жолдайды;

3) жобаны келісуден бас тартылды. Бұл ретте келісуші мемлекеттік орган МО ИП-та келісуден бас тарту уәждемесі бар келісуден бас тарту белгісін қояды және ол келісуші мемлекеттік органның бірінші басшысының немесе оның орынбасарының ЭЦҚ-сымен куәландырылады.»;

50-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«50-1. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының, Президент Әкімшілігі басшылығының, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының тапсырмалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмалары бар жобаларды, сондай-ақ қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға, оның ішінде карантинге байланысты уақытша шектеу іс-шараларына қатысты жобаларды қоспағанда, Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын Кеңсеге ағымдағы жылғы 10 желтоқсанға дейін енгізеді.»;

79-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Үкімет Президент Әкімшілігіне енгізетін Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалған жобалары мыналарды қамтуға тиіс:

1) Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасын енгізу туралы Үкімет қаулысының көшірмесі;

2) Премьер-Министр бұрыштама қойған   тиісті бланктердегі  мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан  Республикасының Президенті актісінің жобасы  қағаз және электрондық түрде.

Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің жобалары әзірлеуші мемлекеттік органның басшысымен – қағаздағы және электрондық түрде, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (бұдан әрі – Әділет министрлігі), бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның және басқа мүдделі мемлекеттік органдардың басшыларымен электрондық келісу парағында келісіледі.

Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты немесе мемлекеттік құпияларды қамтитын Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің жобалары қағаздағы түрінде келісіледі.»;

81-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

 «81. Алдағы жылға арналған Жоспарды қалыптастыру Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары мен жыл сайынғы Жолдауын, Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары мен жыл сайынғы жолдауларын, Заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспарын, мемлекеттік бағдарламалар мен Үкімет бекітетін бағдарламаларды, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын, Үкіметтің шешімдерін, қабылдануы Бюджет кодексінде көзделген нормативтік құқықтық актілердің, заңдардың құқықтық мониторингі нәтижелерін, сондай-ақ Премьер-Министрдің шешімдерін ескере отырып жүзеге  асырылады.

Жыл сайын мамырда Үкімет Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы жобасының тақырыбы мен мазмұны бойынша ұсыныстарын Президент Әкімшілігіне жібереді.  

Үкіметтің құрылымына кіретін мемлекеттік органдар бойынша жиынтық ақпаратты   мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган    Үкіметке сәуір айында ұсынылады.»;

84 тармақта:

екініші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының не Президент Әкімшілігінің тапсырмалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмалары;»;

үшінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

         «1) Мемлекет басшысының немесе Президенті Әкімшілігінің тапсырмалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмалары;»;

         оныншы бөлігін мынадай редакцияда жазылсын:

         «Қабылданып қойған заң жобалау жұмыстарының жоспарларына енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар Кеңсе Басшысының не оны алмастыратын адамның қолы қойылып, Президент Әкімшілігіне келісуге ұсынылады. Актінің жобасына заң жобалау жұмыстарының жоспарларына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар негізделген тиісті түсіндірме жазба, сондай-ақ тиісті хаттамалардың көшірмелері, Қазақстан Республикасы Президентінің, Президент Әкімшілігі мен Үкімет басшылығының тиісті тапсырмаларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмаларының көшірмелері міндетті түрде қоса беріледі.»;

85-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

«Заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган басым заң жобаларын, сондай-ақ Президенттің тапсырмаларынан, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмаларынан туындайтын заң жобаларын дайындау, заң жобаларының Үкіметте және Парламентте өтуі туралы ақпаратты, сондай-ақ Жоспардың орындалу барысы туралы есепті әр айдың 20-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Әділет министрлігіне береді.

Әділет министрлігі ай сайын Үкіметтің заң жобалау қызметінің барысын қорытады және есепті айдан кейінгі айдың 1-күніне қарай Кеңсеге ағымдағы Жоспардың орындалу барысы туралы есепті, басым заң жобалары мен Президент тапсырмасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмасы бойынша әзірленетін заң жобалары жөніндегі, жоспарланған заң жобаларының мемлекеттік органдар мен Парламентте өтуі, сондай-ақ заң жобаларын әзірлеу мерзімінің ықтимал бұзылуы туралы ақпарат береді және заң жобаларын әзірлеу мерзімінің бұзылуына кінәлі лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізеді.»;

98-1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының жоспарын, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын, сондай-ақ Мемлекет басшысының және Үкімет басшылығының тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмасырмаларын  орындау мақсатында әзірленген заң жобалары таныстырылуға жатады.»;

99-тармақтың екінші бөлімінің 2)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

         «2) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмасы  бойынша Үкімет әзірлеген және Парламент Мәжілісіне енгізуге жататын заң жобалары;»;

114-тармақтың  4)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) осы актілерді реттеу саласына жетекшілік ететін құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты мемлекеттік органдардың бірінші басшылары орынбасарларының, аппарат басшыларының нұсқауын көздейтін Премьер-Министрдің тиісті өкімінің жобасын мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жібереді.»;

123-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«123. Өз бастамасы бойынша немесе Қазақстан Республикасы Президентінің не Премьер-Министрдің тапсырмасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге, сол сияқты Қазақстанның басқа қаласына (оның ішінде демалыс және мереке күндері) іссапарға шығуы қажет болған жағдайда, орталық атқарушы органның бірінші басшысы алдын ала, іссапар басталғанға дейін кемінде 3 (үш) күн бұрын Премьер-Министрдің атына өзінің іссапарға шығуына рұқсат беру туралы ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түрінде ресімделген өтінішхатпен жүгінуге тиіс.»;

126-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«126. Қазақстан Республикасының Президенті, Үкімет, Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Кеңсе Басшысы актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Кеңсе басшыларының тапсырмалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмалары бар құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырылады.»;

128 тармақта:

Бірінші бөлігінде:

Бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Президенттің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмаларының Премьер-Министрдің, Премьер-Министр орынбасарларының, Кеңсе Басшысының актілері мен тапсырмаларының, орындалуын бақылауды мына лауазымды адамдар жүзеге асырады:»;

         2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) мемлекеттік органның аппарат басшысы актілер мен тапсырмалардың орындалуын және орындаушылық тәртіптің сақталуын бақылауды ұйымдастырады, мемлекеттік орган бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етеді;»;

Үшінші бөлігі мынандай редакцияда жазылсын:

«2) мемлекеттік органның аппарат басшысы актілер мен тапсырмалардың орындалуын және орындаушылық тәртіптің сақталуын бақылауды ұйымдастырады, мемлекеттік орган бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етеді;»;

130-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

 «130. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі басшылығының актілері мен тапсырмалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмалары   орындаудың белгіленген мерзімдері ескеріле отырып, мынадай бақылау түрлеріне қойылады:»;

131-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«131. Мынадай, оның ішінде құпия құжаттар бақылауға алынады (бұдан әрі – бақылаудағы құжаттар):

1) Қазақстан Республикасы Президентінің актілері не актілерінің тармақтары;

2) өңірлік сапарлардың, халықаралық және қоғамдық маңызы бар іс-шаралардың, Қазақстан Республикасы Президенті мәлімдемелерінің (үндеулерінің), жұмыс кеңестерінің, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырыстарының, Қазақстан Республикасының Президенті басшылық жасайтын консультативтік-кеңесші және өзге де органдар отырыстарының қорытындылары бойынша берілген Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары не тапсырмаларының тармақтары;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің жеке тапсырмалары;

4) Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған тапсырмалары;

5) құжаттың қағаздағы жеткізгіштерінде "Бақылауға алынды" деген мөртабан немесе электрондық карточкасында бақылау мәртебесі туралы белгі болған кезде, Қазақстан Республикасы Президентінің қызметтік және өзге құжаттар, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша тапсырмалары не тапсырмаларының тармақтары;

 6) Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерінде қамтылған тапсырмалар не тапсырмалардың тармақтары;

 7) Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалар не тапсырмалардың тармақтары.

8) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тапсырмалары бар Үкімет қаулылары, Премьер-Министр өкімдері, Үкімет мәжілістерінің, Премьер-Министрде, оның орынбасарларында, Кеңсе Басшысында өткен кеңестер хаттамалары, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының және оның орынбасарларының тапсырмалары, оның ішінде халықаралық, сондай-ақ өңірлік сапарлардың қорытындылары бойынша тапсырмалары;

 9) "өте шұғыл", "шұғыл", "жеделдетілсін" деген белгілер бар, орындалу мерзімі көрсетілген немесе бақылауға алу туралы нұсқаулар бар Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшылығының Кеңсенің, Кеңсе Басшысының (оның міндетін атқарушы адамның) атына беретін тапсырмалары;

10) Премьер-Министрдің жедел тапсырмалары;

11) Парламент депутаттарының сауалдары, депутаттар бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкімет қорытындысын беру өтініші бар Парламент палаталарының үндеулері;

12) прокурорлық қадағалау актілері;

13) Конституциялық Кеңестің сауалдары, нормативтік қаулылары мен жолдаулары;

 14) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің сауалдары, қаулылары.»;

133-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

 «133. Қазақстан Республикасы Президентінің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының (оның міндетін атқарушы адамның) актілері мен тапсырмаларында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмаларында белгіленген тапсырмаларды орындау мерзімі мемлекеттік орган мен ұйымға түскен күннен бастап жұмыс күндерімен есептеледі.»;

135-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

 «135.  Үкімет орындаушысы болып табылатын Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын, сондай-ақ  Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы ассамблеясының шешімдеріндегі тапсырмаларды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын жасау кезінде оларды орындауды Премьер-Министрдің   тиісті орынбасарының  үйлестіруі көзделеді.»;

137-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

 «Қазақстан Республикасы Президентінің Үкіметке және (немесе) Кеңсеге арналған актілерін және/немесе тапсырмаларын, сондай-ақ  Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы ассамблеясының шешімдеріндегі тапсырмаларды  бақылаудан алу және орындау мерзімдерін ұзарту мәселелерін Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі қарайды.»;

139-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«139.  Қазақстан Республикасы Президентінің жеке тапсырмаларын және  әлеуметтік желілердегі  ресми аккаунттарында немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған тапсырмаларды  барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды тұлғалар, егер Қазақстан Республикасының Президенті өзгеше белгілемесе, тапсырмаға қол қойылған күннен бастап екі аптадан аспайтын мерзімде орындауға тиіс.

 Қазақстан Республикасы Президентінің жеке тапсырмаларын және әлеуметтік желілердегі  ресми аккаунттарында немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған тапсырмаларды    орындау мерзімін ұзартуды Қазақстан Республикасының Президенті ғана жүзеге асырады.

Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген тапсырмаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері және/немесе тапсырмалары тармақтарының, сондай-ақ Ассамблея шешімдеріндегі тапсырмалар тармақтарының орындалу мерзімдерін ұзартуға не оларды орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыруға Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысы не оның Президент Әкімшілігінің жауапты лауазымды тұлғалары қол қойған Үкіметтің не орындаушы мемлекеттік органның ұсынысымен  келісімі негізінде Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Президент Әкімшілігі Басшысының шешімі бойынша бір реттен асырмай жол беріледі.,

Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген тапсырмаларды орындау мерзімдерін ұзартуға не оларды орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыруға Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарының шешімі бойынша бір реттен асырмай жол беріледі.

Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдеріндегі тапсырмалар бойынша орындау мерзімін ұзарту, оларды орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру туралы, сондай – ақ аралық ақпараттандыру мерзімін белгілеу туралы шешімді Президенттің көмекшісі-Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы қабылдайды. 

Орта мерзімді бақылауға ауыстыру Президент Әкімшілігіне тапсырманың орындалу барысы туралы ай сайын немесе тоқсан сайын аралық хабарлай отырып жүзеге асырылады. Орта мерзімді бақылауға ауыстыру туралы шешім объективті қалыптасқан сыртқы мән-жайлар бойынша бастапқы белгіленген мерзім ішінде тапсырманы орындауды аяқтау және/немесе түпкілікті нәтижеге қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда қабылданады.     

Ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру Президент Әкімшілігіне тапсырманың орындалу барысы туралы тоқсан сайын немесе жартыжылдық аралық хабарлай отырып жүзеге асырылады. Ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру туралы шешім тапсырманы орындауды объективті қалыптасқан сыртқы мән-жайлар бойынша белгіленген мерзімде аяқтау мүмкін болмаған жағдайда және тапсырманы орындау нәтижелерінің тиімділігін немесе оның ел дамуының түйінді индикаторларына қол жеткізуге әсерін бақылауды жүзеге асыру қажет болған жағдайда қабылданады.»;

141-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

 «141-3.  Кеңсеге Премьер-Министрдің тапсырмасын (оның ішінде Мемлекет басшысының,  сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы ассамблеясының шешімдеріндегі тапсырмаларынан,  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының тапсырмаларынан туындайтын) орындау мерзімін екі реттен артық ұзарту туралы ұсыныс енгізілген жағдайда, заңнамада белгіленген тәртіппен  мерзімдерді бұзуға жол берген лауазымды адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселе қаралады.»;

142-тармақта 1)-тармақшасының бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

«1) Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген тапсырмаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары (жеке тапсырмалары), оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде, оның қатысуымен өткен кеңестердің (мәжілістердің) хаттамаларында және Қазақстан Республикасының Президенті немесе Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы бекіткен іс-шаралар жоспарларында қамтылатын тапсырмалар бойынша – тиісінше Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының не ол уәкілеттік берген Президент  Әкімшілігі Басшысының Орынбасарының қарары бойынша.

Қауіпсіздік Кеңесінің Президент Әкімшілігі бақылайтын  шешімдеріндегі тапсырмаларды бақылаудан алуды Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы жүзеге асырады.

Ассамблеяның шешімдеріндегі тапсырмаларды бақылаудан алуды Президент Әкімшілігінің Басшысы жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Президентінің жеке тапсырмаларының және оның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жарияланған тапсырмалардың орындалуын бақылаудан алуды Қазақстан Республикасының Президенті ғана жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің және/немесе тапсырмаларының, сондай-ақ Ассамблея шешімдеріндегі тапсырмалардың тармақтарын орындаушы мемлекеттік орган (ұйым) оларды Қазақстан Республикасының Президенті, Президент Әкімшілігінің Басшысы немесе ол уәкілеттік берген Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары бақылаудан алғаннан кейін ғана, ал Қағидалардың 36-1 – тармағында көрсетілген тапсырмалар бойынша-оларды үкімет немесе Президент Әкімшілігі бақылаудан алғаннан кейін ғана бақылаудан алады. 

Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдеріндегі тапсырмаларды орындаушы мемлекеттік орган (ұйым) оларды Президенттің көмекшісі-Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы бақылаудан алғаннан кейін ғана бақылаудан алады.

Негізгі орындаушылары Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар болып табылатын тапсырмаларды қоспағанда, Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген, сондай-ақ Қағидалардың 57-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Үкіметтің бақылауына берілген тапсырмаларды бақылаудан алуды Премьер-Министр немесе оның орынбасары жүзеге асырады.

Қағидалардың 57-тармағының 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік органның бақылауына берілген тапсырмаларды бақылаудан алуды оның бірінші басшысы жүзеге асырады.

Егер Үкіметтің немесе мемлекеттік органның жиынтық есептік ақпаратын қарау қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Президенті тапсырмасының тармағы Қағидалардың 57-тармағының 1), 1-1) және 2) тармақшаларының талаптары бұзыла отырып бақылаудан алынғаны анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының Президенті немесе Президент Әкімшілігінің Басшысы Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысы негізінде бақылауды қайта бастау және тапсырманың осындай тармағының орындалу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдайды.»;

143-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«143. Жауаптар жобаларын Үкіметке енгізген кезде ілеспе хатта міндетті түрде тапсырманың нөмірі мен күніне (Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшылығының, Үкіметтің және Кеңсе Басшысының актілері бойынша – тапсырманың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы ассамблеясының шешімдеріндегі тапсырмалардың нөміріне, күні мен нақты тармағына, оның мазмұнына) сілтеме жасалады. Қаулылар мен өкімдердің жобаларын енгізген кезде осындай тәртіп қамтамасыз етіледі – егер тапсырма болмаса, жоба бастамашылық тәртіппен енгізіледі, бұл туралы ілеспе хатта сілтеме жасалады.»;

144-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

 «Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының,   сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан Халқы ассамблеясының шешімдеріндегі тапсырмалардың іске асырылу барысы туралы есептік ақпарат Қағидалардың 50-тармағында белгіленген нысан бойынша мәліметтерді қамтуға тиіс.»;

  • тармақта:

Бірінші бөлігінде:

  • тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) тапсырманың толық және сапалы орындалуы, соның ішінде қол қойылған заң,  Президент немесе Үкімет қабылдаған акт ;»;

мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

 «1-1) бұрын берілген тапсырманы қамтитын (қайталайтын) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қауіпсіздік Кеңесінің, Ассамблеяның жаңа тапсырмасы;»;

мынадай мазмұндағы 6), 7) тармақшалармен толықтырылсын:

 «6) орындалуын одан әрі бақылауды Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе басқа мемлекеттік органға беру;

7) актілер және/немесе тапсырмалар тармақтарын орындаудың елдің Стратегиялық даму жоспарында және мемлекеттік жоспарлау жүйесінің өзге де құжаттарында айқындалған ел дамуының түйінді индикаторларына қол жеткізуге әсері тұрғысынан талдау нәтижелері.»;

мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

 «Үкіметтің немесе басқа да мемлекеттік органның бақылауына олардың ағымдағы қызметіне байланысты және жаңа шаралар қабылдауды талап етпейтін тапсырмалар ғана берілуі мүмкін.»;

147-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«147. Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшылығының Үкіметтің атына берген тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан Халқы ассамблеясының шешімдеріндегі тапсырмалардың,  сондай-ақ Премьер-Министр мен Үкіметтің тапсырмаларын уақтылы орындамау, сапасыз орындау, сондай-ақ орындау мерзімін (екі және одан көп рет) ауыстыру фактілері Кеңсе Басшысында орындаушылық тәртіп жөнінде өткізілетін кеңестерде мемлекеттік органдардың аппарат басшыларын шақыра отырып қаралады.»;

149-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«149.  Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшылығының тапсырмаларын,   сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан Халқы ассамблеясының шешімдеріндегі тапсырмаларды  орындау жөніндегі жауаптардың жобаларын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жауапты орындаушыларымен алдын ала жұмыс тәртібімен келіседі.»;

151, 152 -тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«151.  Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының жеке және тікелей тапсырмаларын,  және әлеуметтік желілердегі  ресми аккаунттарында   жарияланған тапсырмаларды    орындау жөніндегі есептік ақпаратқа Премьер-Министр (оның міндетін атқарушы тұлға) не Премьер-Министрдің осы тапсырмаларды орындау тапсырылған орынбасары қол қояды.

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесі мен Ассамблеяның шешімдеріндегі тапсырмалардың іске асырылу барысы туралы Үкіметтің ақпараты Президент Әкімшілігіне Қазақстан Республикасы Президенті, Президент Әкімшілігінің Басшысы немесе Президент Көмекшісі-Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қарарының адресатына қарай Премьер-Министрдің, Премьер – Министрдің тиісті орынбасарының немесе Премьер-Министр Кеңсесі басшысының қолы қойылып енгізіледі.»;

155-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

 «155.  Кеңсе Басшысының Премьер-Министр Кеңсесінің тиісті бөлімшелеріне мемлекеттік органдарда Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшылығының,  сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан Халқы ассамблеясының шешімдеріндегі  Үкіметтің атына берген тапсырмаларының, сондай-ақ Премьер-Министр, оның орынбасарлары мен Кеңсе Басшысы тапсырмаларының орындалу мәніне тексеру жүргізуге тапсырма беруге құқығы бар.».

  1. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

          Премьер-министрі                                                             А. Мамин

 

Дата публикации
19 февраля 2021