Мүдделілікті білдірудің сұрауы: ҚР ӘРПК іске асыру және әкімшілік әділет пен әкімшілік рәсімдер институттарын одан әрі дамыту тұжырымдамасын және оны іске асырудың 2020 жылдан 2025 жылға дейінгі мерзімге Жол картасының жобасын дайындау

ҚАЗАКСТАН

«Сот төрелігініңсекторын институционалдық нығайту» Жобасы

Қарыз №8361-KZ

Тапсырма атауы: «ҚР ӘРПК іске асыру және әкімшілік әділет пен әкімшілік рәсімдер институттарын одан әрі дамыту тұжырымдамасын және оны іске асырудың 2020 жылдан 2025 жылға дейінгі мерзімге Жол картасының жобасын дайындау»

Шарт нөмірі (Сатып алу Жоспарына сай): №KZJSISP/QCBS-16

Сот төрелігінің секторын институционалдық нығайту жобасын (СТСИНЖ) іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік Банктен қаржы алды және осы қаржының бөлігін «ҚР ӘРПК іске асыру және әкімшілік әділет пен әкімшілік рәсімдер институттарын одан әрі дамыту тұжырымдамасын және оны іске асырудың 2020 жылдан 2025 жылға дейінгі мерзімге Жол картасының жобасын дайындау» жобасы бойынша консультациялық қызметтерге жұмсауды жоспарлап отыр.

Консультациялық қызметтер (бұдан әрі - Қызметтер) әкімшілік әділет пен әкімшілік рәсімдер институттарын жетілдіруге бағытталған.

Осы тапсырма аясында Консультант келесі әрекет бағыттарын іске асыру қажет:

  1. Озық тәжірибелерге негізделген әкімшілік рәсімдерді, бұқаралық құқықтық қатынастар саласындағы дауларды шешу бойынша әкімшілік сот ісін жүргізуді (Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі) реттеудің жаңа механизмдеріне институционалдық баға беру;
  2. Әкімшілік әділет пен әкімшілік рәсімдер институттарын одан әрі дамытуға бағытталған Әділет министрлігінің институционалдық мүмкіншіліктеріне баға беру;
  3. ҚР ӘРПК іске асыру және әкімшілік әділет пен әкімшілік рәсімдер институттарын одан әрі дамыту тұжырымдамасын және оны іске асырудың 2020 жылдан 2025 жылға дейінгі Жол картасының жобасын дайындау.

Қызметтер нәтижелері келесіні қамтиды:

  1. ҚР ӘРПК іске асыру бойынша, құқық қолдану тәжірибесі және әкімшілік әділет пен әкімшілік рәсімдер институттарын одан әрі дамыту үшін озық тәжірибелерді ендіру бойынша кешенді ұсыныстарды қамтитын шоғырландырылған аналитикалық есеп.
  2. ҚР ӘРПК іске асыру және әкімшілік әділет пен әкімшілік рәсімдер институттарын одан әрі дамыту үшін озық тәжірибелерді ендіру бойынша қорытынды ұсыныстары бар соңғы дәйектеме.
  3. ЭЫДҰ елдерінің және ЭЫДҰ құрылымдарының, сондай-ақ посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттердің жетекші сарапшыларымен және тәжірибешілерімен ҚР ӘРПК іске асыру және әкімшілік әділет пен әкімшілік рәсімдер институттарын одан әрі дамыту бойынша ұсыныстарды талқылау туралы іс-шараларды (семинар) өткізу нәтижесіндегі техникалық есеп.
  4. Оқыту іс-шаралары нәтижесіндегі есеп.
  5. ҚР ӘРПК іске асыру, әкімшілік әділет пен әкімшілік рәсімдер институттарын одан әрі дамыту тұжырымдамасы және оны іске асырудың 2020 жылдан 2025 жылға дейінгі Жол картасының жобасы.
  6. ҚР ӘРПК іске асыру, әкімшілік әділет пен әкімшілік рәсімдер институттарын одан әрі дамыту тұжырымдамасына халықаралық ұйымның ресми қорытындысы.
  7. Танысу іс-сапарлары нәтижесіндегі есеп.

Тапсырманың орындалуы күтілетін мерзім – 8 ай.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі консультациялық қызметтерді көрсету бойынша құқыққа қабілетті компанияларды (бұдан әрі «Консультант») қызметтерді ұсыну бойынша мүдделілікті білдіруге шақырады. Мүдделі Консультанттар қызмет көрсету бойынша біліктілігімен тәжірибесін растайтын ақпаратты (кітапша, ұқсас тапсырмалардың сипаттамасы, ұқсас іс-шаралардағы тәжірибе, қызметкерлердің қажетті дағдылары және т.с.с.), соның ішінде қажет болған жағдайда пікір алуға жарамды қазіргі және/немесе өткен клиенттердің аты-жөндері, лауазымдары және байланыс ақпаратын ұсынуы қажет.

Шағын тізімге іріктеп алу талаптары:

a) Мемлекеттік стратегиялық басқару немесе сот төрелігі саласында 5 (бес) жылдан кем емес, соның ішінде мүмкіндігінше әкімшілік әділет пен әкімшілік рәсімдер саласында консультациялық қызметтер көрсету;

b) Аталған салаларды реформалауға қатысу тәжірибесі қалаулы болып табылады

c) Қызметтерді атқару үшін аталған салаларда қалаулы болып табылатын біліктігі, дағдылары, тәжірибесі бар сарапшылар командасының бар болуы;

d) жоғарғы сапалы және уақтылы қызметтер көрсететін беделі немесе халықаралық танымалдығының болуы; мойындалған рейтинг немесе тәуелсіз бағамен расталуы – қалаулы болып табылады;

e) халықаралық донорлық ұйымдардың ұқсас жобаларын іске асыруға қатысу бойынша жұмыс тәжірибесінің бар болуы қалаулы болып табылады;

f) мүмкіндігінше аймақ пен посткеңестік мемлекеттердің заңнамалық ерекшелігін білуі – қалаулы болып табылады.

Мүдделі консультанттардың назарын Дүниежүзілік Банктің мүдделер қақтығысы мәселесіне қатысты саясатын реттейтін «Дүниежүзілік Банктің Нұсқамасы: Дүниежүзілік Банктің Қарыз алушыларының ХҚҚДБ займдары мен ХДА кредиттері бойынша консультанттарды іріктеу мен жалға алу (2014 жылғы шілдеде қайта қаралған
2011 жылғы қаңтардағы редакциясы) («Консультант Нұсқамасы») 1.9 параграфына аударамыз.

Консультанттар өздерінің біліктігін арттыру үшін бірлескен кәсіпорын немесе мердігер консалтингтік компаниялар нысанында басқа компаниялармен бірлесуі мүмкін.

Консультант «Консультанттар Нұсқамасында» көрсетілген ресімдерге сәйкес сапасы мен құны бойынша іріктеу әдісіне (QCBS) сәйкес таңдалып алынатын болады.

Қосымша ақпаратты төменде көрсетілген мекенжай бойынша алуға болады: жұмыс уақытында дүйсенбі мен жұма аралығында Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 9:00-ден 18:00-ге дейін.

Мүдделілік танытуды ұсыну жауапты тұлға қол қойған (pdf нысанындағы) жазбаша немесе электрондық түрде төмендегі мекенжай бойынша (қолма-қол, пошта, факс немесе электрондық пошта арқылы) 2019 жылғы 6 маусым, Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірмей жүргізілуі тиіс.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

Жобаны іске асыру тобы (ЖІАТ)

ЖІАТ басшысы, Беркімбаев Б.С. мырзаның назарына

Сарыарқа даңғылы 3/1, «Болашақ» БО,

4-қабат, 404/3 бөлме

010000, ҚазақстанРеспубликасы, Нұр-Сұлтан қаласы,

Телефон: +7 (7172) 54 09 81

E-mail: jsisp@adilet.gov.kz;

Көшірмесі:kz-isg-procurement@kz.pwc.com,

kzjsisp-isg-procurement@kz.pwc.com

Дата публикации
17 мая 2019