2020 жылға зияткерлік меншік саласында анықталған бұзушылықтар бойынша Мониторинг
Әділет, ішкі істер, экономикалық тергеу және мемлекеттік кірістер органдарымен зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөнінде шаралар қабылдануда.
2020 жылы аумақтық әділет органдары ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес Қазақстанда қорғалатын тауар белгілерін пайдалану бойынша 7 тексеру жүргізді.
Жүргізілген тексерулер нәтижесінде 7 құқық бұзушылық анықталды.
ӘҚБтК-нің 158-бабы бойынша 7 іс қозғалды, әкімшілік жауапкершілікке 23 адам тартылды, оның ішінде 2019 жылдан келе жатқан – 16.
Айыппұлдардың жалпы сомасы 2 млн. 221 мың 620 теңгені құрады.
2020 жылы ішкі істер органдары авторлық және сабақтас құқық бұзушылық фактілері бойынша (ҚК-нің 198-бабы) 14 қылмыстық істі тіркеді, оның ішінде сотқа дейігі тергеп-тексерудің 3 ісі бойынша тараптардың татуласымен тоқтатылды.
Ішкі істер органдары жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында республика аумағында тоқсан сайын ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын қылмыстарды анықтауға, жолын кесуге және ашуға, сондай-ақ еркін айналымда тыйым салынған өнімдерді заңсыз әзірлейтін, көбейтетін және тарататын тұлғаларды анықтауға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі.
Ағымдағы жылы осындай іс-шаралар 17-21 ақпанда («Контрафакт» ЖПІШ), 18-20 тамызда («Anti-Fraud» ЖПІШ) және 27-28 қазанда («Hi-Tech» ЖПІШ) өткізілді.
2020 жылы 4,8 мың бірліктен астам еркін айналымда тыйым салынған өнім алынды, оның ішінде 3,5 мың контрафактілік аудио-бейне туындалары бар тасымалдағыш, 47 – лицензиясы жоқ бағдарламалық қамтамасыз ету бар тасымалдағыш және 900-ден аса өзге де ақпараттарды тасымалдағыш, оның ішінде 800 дана контрафактілік кітап.
Сондай-ақ, көрсетілген бұзушылықтарды интернет желісінде жолын кесу бойынша жұмыстар жүргізіледі.
2020 жылы лицензиясы жоқ бағдарламалық қамтамасыз етулерді тарататын 24 шетелдік интернет-ресурс анықталды. Олар бойынша ақпарат қазақстандық пайдаланушыларға қолжетімділікті бұғаттау үшін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Тыйым салынған материалдар, сілтемелер мен сот шешімдері тізіліміне енгізілді.
2020 жылы экономикалық тергеу департаментімен тауар белгісін заңсыз пайдалану фактілері бойынша (ҚР ҚК-нің 222-бабы) 2 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді.
Бұл салада халықтың қауіпсіздігі мен денсаулығына әсер ететін жалған өнім дайындау жөніндегі жасырын цехтар қызметінің жолын кесу басымдық ретінде айқындалды.
Мысалы, 2020 жылы Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті тауар белгісін пайдалана отырып, қорабын қолдан жасап және жарамдылық мерзімін өзгертіп дәрілік заттар шығарған жасырын цех қызметінің жолын кесті.
Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімінде 2021 жылдың 1 қаңтары жағдайы бойынша 6 381 тауардың атауы бойынша 746 тауар белгісі (166 құқық иеленуші) бар.
Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімі негізінде 2020 жылы аумақтық мемлекеттік кірістер органдарымен жалпы құны 20,1 млн. АҚШ долларын құратын зияткерлік меншік құқықтарының бұзылу белгілері бар
1 149 тауарға арналған декларациялар бойынша тауарларды шығару тоқтатылды.
2020 жылы Қытай Халық Республикасынан тауарларды импорттайтын сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қатысты тауарларға арналған уақытша тоқтатылған декларациялар бойынша құқық иеленушілердің өтініштері негізінде 2 әкімшілік материал жасалды және кейіннен жойып жіберілумен отырып, сот 87 бірлік тауарды тәркіледі, сондай-ақ 138 900 теңге айыппұл салынды.
Министрлік жанындағы аппеляциялық кеңес 9 отырыс өткізді
(2019 ж.- 17), олардан – 36 шешім қабылданды (2019 ж. – 74), оның ішінде қанағаттандырылғаны – 20 (2019 ж. – 38), бас тартылғаны – 15 (2019 ж. - 31), ішінара қанағаттандырылды – 1 (2019 ж. - 1), қараудан бас тартылды – 0
(2019 ж. - 4).
36 шешімнің 7 сотпен шағым берілді, оның 5 күшінде қалды, 2 қаралуда.