Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

Лицензияның қолданысын

тоқтата тұру туралы

 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы                 2-тармағының 5)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2012 жылғы 28 желтоқсанда Айкенже Такиновна Кунчигароваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 12020016 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.
  2. 2. Маңғыстау облысының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус А.Т.Кунчигарованың назарына жеткізсін;

2) лицензияның күшін тоқтата тұру кезеңінде нотариус А.Т.Кунчигарованың мөрін уақытша сақтауға алсын.

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

2) нотариаттық қызметпен айналысуға берілген Лицензиялардың мемлекеттік тiзiлiмiне тиісті жазба енгізу бойынша шараларды қабылдасын.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының м.а. Е.Г.Холмецкаяға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енгізіледі.

 

Негізі:

  1. Маңғыстау облысының Әділет департаменті нің 2020 жылғы 2 қарашадағы №06-09-1795 ұсынуы және 2019 жылғы 10 қыркүйектегі жеке ұйғарым көшірмесі.

 

 

Вице-министр                                                                           А. Әмірғалиев

 

Дата публикации
26 января 2021