Лицензияның қолданысын тоқтату туралы

Лицензияның қолданысын

тоқтату туралы

 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2003 жылы
    16 сәуірде Бахтыкуль Есеновна Игисованың нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0001390 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.
  2. 2. Түркістан облысының Әділет департаменті:

1) Б.Е. Игисованың нотариаттық құжаттарын Түркістан облысының нотариаттық палатасының мұрағатына тапсыруды;   

2) Б.Е. Игисованың мөрін жоюды және лицензиарға беру үшін оның лицензиясын қайтарып алуды ұйымдастырсын.  

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

2) нотариаттық қызметпен айналысуға берілген Лицензиялардың мемлекеттік тiзiлiмiне тиісті жазба енгізу бойынша шараларды қабылдасын.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментіне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енгізіледі.

 

Негізі:  

  1. Түркістан облысының Әділет департаментінің 2020 жылғы 13 қарашадағы
    №
    02-67-7/1435 ұсынуы және 2020 жылғы 5 қарашадағы №20-722-20-0001253 қайтыс болу туралы акт жазбасының көшірмесі.

 

 

Вице-министр                                                                          А. Әмірғалиев

Дата публикации
26 января 2021