ҚР ӘМ ақпараттық қауіпсіздік басқармасы туралы ереже

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің

Ақпараттық қауіпсіздік басқармасының

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Ақпараттық қауіпсіздік басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметтің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Басқарманың құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы бекітеді.

 

Дата публикации
28 октября 2019