көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентiнде:
8-1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8-1. Қазақстан Республикасы Президентінің орындау мерзімі алты айдан астам актілері мен тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмаларын іске асыру олардың құзыреттері шегінде екі және одан көп мемлекеттік органға жүктелген, сондай-ақ қандай да бір салада/аяда/өңірде кешенді және ведомствоаралық сипаты бар тәсілдердің, нормалар мен қағидалардың жаңаларын қалыптастыруға және іске асыруға не қолданыстағыларын өзгертуге бағытталған жағдайда бақылауды жүзеге асыру кезінде:
1) орындаушы мемлекеттік орган қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмаларын орындаудың Президент Әкімшілігі әзірлеген тұжырымдамасын келіседі;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмаларын орындау жөніндегі тұжырымдаманың негізінде орындаушы мемлекеттік орган тұжырымдама бекітілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) әзірлейді.
Бұл ретте Қазақстан Республикасы Президентінің іске асырылуы заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын актілері мен тапсырмалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмалары бойынша ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы) әзірленбейді.
Үкімет құзыретіне кіретін және Қазақстан Республикасы Президентінің атына жіберілетін бастамалар болған кезде орталық атқарушы органдар оларды Кеңсенің қарауына енгізуді қамтамасыз етеді.
Тапсырмаларды ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру кезінде ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы) міндетті түрде әзірленеді. Орындаушы мемлекеттік орган осы Қағидаларға сәйкес ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) әзірлейді және бекітеді.»;
8-2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«8-2. Ұйымдастыру іс-шараларының жоспарында (жол картасында) орындау мерзімдері айқындалып, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін немесе тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмаларын орындаудың нысаналы және сапалық-сандық көрсеткіштері көрсетіліп, орындаушы мемлекеттік орган мен бірлесіп орындаушылардың іс-қимыл жасасу тәртібі қамтылады.»;
8-3, 8-4, 8-5, 8-6 – тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8-3. Ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы) қабылданған жағдайда мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмаларын іске асыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының жоспарларын бекітуі талап етілмейді.
8-4. Ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы) болмаған жағдайда, қажет болса, орындаушы мемлекеттік органның (ұйымның) бірінші басшысының шешімімен Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіледі.
8-5. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралардың орындаушысы Үкімет болып табылатын жоспарын жасаған кезде олардың орындалуын Премьер-Министрдің тиісті орынбасарының үйлестіруі көзделеді.
8-6. Орындаушы мемлекеттік органдардың (ұйымдардың) және бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың (ұйымдардың) лауазымды адамдары өздеріне берілген тапсырмалардың сапасыз орындалғаны және уақтылы орындалмағаны үшін дербес жауапты болады.
Квазимемлекеттік сектор субъектілері (ұйымдар) тапсырмаларды бірлесіп орындаушылар ретінде айқындалады. Бұл ретте орындауды үйлестіру жауапкершілігі мемлекеттік басқару органына немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі түріндегі жалғыз құрылтайшыға жүктеледі. Мемлекеттік емес ұйымдарға қатысты ұсынымдық сипаттағы тапсырмалар беріледі, бұл ретте орындауды үйлестіру тиісті мемлекеттік басқару саласының мемлекеттік органына жүктеледі.»;
8-8, 8-9, 8-10, 8-11, 8-12 – тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8-8. Президент Әкімшілігіне Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмаларынының іске асырылу барысы туралы Үкімет жіберетін ақпаратқа Премьер-Министрдің тиісті орынбасары немесе Кеңсе Басшысы өздеріне берілген тапсырмалар бойынша қол қояды.
8-9. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмаларын орындау немесе орындаудың мүмкін еместігі туралы Қазақстан Республикасының Президентіне Үкімет жіберетін қорытынды ақпаратқа Премьер-Министр (оның міндеттерін атқарушы адам) не оның орынбасары қол қояды.
8-10. Егер Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің және/немесе тапсырмаларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмаларының тармақтарын белгіленген мерзімде орындау мүмкін болмаған жағдайда, онда орындаушы мемлекеттік органның (ұйымның) басшысы, ал Үкіметтің өкілеттіктері қозғалатын болса – Премьер-Министрмен (оның міндетін атқарушы адаммен) немесе оның орынбасарымен келіскеннен кейін белгіленген мерзімнен кешіктірмей, Президент Әкімшілігіне орындаудың ағымдағы жай-күйі көрсетіліп, орындау мерзімін ұзарту не оны орта мерзімді бақылауға ауыстыру қажеттілігінің дәлелді негіздемесімен хат енгізеді. Бұл ретте нақты орындау мерзімі, орындаушы мемлекеттік органның, сондай-ақ бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың жауапты саяси мемлекеттік қызметшілері және ұйымдардың лауазымды адамдары көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 36-1-тармағында көрсетілген, белгіленген мерзімде орындалмайтын тапсырмалар бойынша орындаушы мемлекеттік органның (ұйымның) басшысы белгіленген мерзімнен кешіктірмей, Үкімет басшылығының немесе Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының атына орындаудың ағымдағы жай-күйін көрсете отырып, орындау мерзімін ұзарту не оны орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру қажеттілігінің дәлелді негіздемесімен хат енгізеді. Үкімет хат бойынша қабылданған шешім туралы Президент Әкімшілігін он жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.
Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген тапсырмаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің және/немесе тапсырмаларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың тармақтарын орындау мерзімін ұзартуға не оларды орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыруға Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысы негізінде Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Президент Әкімшілігі Басшысының шешімі бойынша бір рет қана жол беріледі.
Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген тапсырмаларды орындау мерзімдерін ұзартуға, не оларды орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыруға Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарының шешімі бойынша бір рет қана жол беріледі.
Орта мерзімді бақылауға ауыстыру Президент Әкімшілігіне тапсырманың орындалу барысы туралы ай сайын немесе тоқсан сайын аралық хабар бере отырып жүзеге асырылады. Бастапқы белгіленген мерзім ішінде объективті қалыптасқан сыртқы мән-жайлар бойынша тапсырманың орындалуын аяқтау және/немесе түпкілікті нәтижеге қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда, орта мерзімді бақылауға ауыстыру туралы шешім қабылданады.
Ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру Президент Әкімшілігіне тапсырманың орындалу барысы туралы тоқсан сайын немесе жарты жыл сайын аралық хабар бере отырып жүзеге асырылады. Объективті қалыптасқан сыртқы мән-жайлар бойынша белгіленген мерзімге тапсырманың орындалуын аяқтау мүмкін болмаған жағдайда және тапсырманың орындалу нәтижелерінің тиімділігіне немесе оның ел дамуының түйінді индикаторларына қол жеткізуге тигізетін ықпалына бақылауды жүзеге асыру қажет болған жағдайда, ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру туралы шешім қабылданады.
8-11. Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген тапсырмаларды қоспағанда, актілердің және/немесе тапсырмалардың тармақтарын орындау мерзімін қайтадан ұзартуға Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Президент Әкімшілігі Басшысының шешімі бойынша айрықша жағдайларда, мемлекеттік саяси қызметшілердің және ұйымдардың жауапты лауазымды адамдарының тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселе қарап және бір айдан аспайтын мерзімде Президент Әкімшілігіне қабылданған шаралар туралы хабар бере отырып жол беріледі.
Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген басқа тапсырмаларды орындау мерзімдерін қайта ұзартуға Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарының шешімі бойынша айрықша жағдайларда, мемлекеттік саяси қызметшілердің және ұйымдардың жауапты лауазымды адамдарының тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселені қарап және бір айдан аспайтын мерзімде Премьер-Министр Кеңсесіне қабылданған шаралар туралы хабар бере отырып жол беріледі.
Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды орындау мерзімін қайта ұзартуға Президент көмекшісінің – Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының шешімі бойынша айрықша жағдайларда, мемлекеттік саяси қызметшілердің және ұйымдардың жауапты лауазымды адамдарының тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселені қарап және бір айдан аспайтын мерзімде Президент Әкімшілігіне қабылданған шаралар туралы хабар бере отырып жол беріледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің орындау мерзімі үш айдан асатын актілері мен тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмаларын қайтадан ұзарту туралы ұсынысты Президент Әкімшілігіне орындаушы мемлекеттік орган (ұйым), ал Үкіметтің өкілеттіктері қозғалса – Премьер-Министрмен (оның міндеттерін атқарушы адаммен) немесе оның орынбасарымен келісілгеннен кейін оны орындау мерзімі аяқталғанға дейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей енгізеді.
Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген орындау мерзімі үш айдан асатын тапсырмаларды қайтадан ұзарту туралы ұсынысты орындаушы мемлекеттік орган (ұйым) орындау мерзімі аяқталғанға дейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей Үкімет басшылығының немесе Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының атына енгізеді.
Премьер-Министр Кеңсесінің жауапты құрылымдық бөлімшесі осы ұсыныс келіп түскен кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырманың орындалмау себебін анықтау мәселесі бойынша тексеру жүргізеді және оның нәтижелері бойынша сараптамалық қорытынды дайындайды.
8-12. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмаларының орындалу барысы туралы мәселелер жарты жылда кемінде бір рет Үкімет отырыстарында, мемлекеттік органдардың алқа мәжілістерінде және ұйымдардың кеңестерінде қаралады.»;
8-15 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8-15. Мемлекеттік органдарда Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының және Премьер-Министрдің актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмаларының орындалу уақтылығы мен сапасына жауапкершілік мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына жүктеледі.»;
50-1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«50-1. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының, Президент Әкімшілігі басшылығының, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының тапсырмалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмалары бар жобаларды, сондай-ақ қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға, оның ішінде карантинге байланысты уақытша шектеу іс-шараларына қатысты жобаларды қоспағанда, Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын Кеңсеге ағымдағы жылғы 10 желтоқсанға дейін енгізеді.»;
79-тармақа:
бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«79. Үкімет Президент Әкімшілігіне енгізетін Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалған жобалары мыналарды қамтуға тиіс:
1) Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасын енгізу туралы Үкімет қаулысының белгіленген тәртіппен Үкіметтің мөрімен куәландырылған көшірмесі немесе Премьер-Министрдің (Премьер-Министрдің міндетін атқарушы адамның) Қазақстан Республикасының Президентіне арналған хатының түпнұсқасы;
2) Премьер-Министр бұрыштама қойған тиісті бланкідегі Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасы қағаз және электрондық түрде. Әзірлеуші мемлекеттік орган, Әділет министрлігі, бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар басшыларының бұрыштамасы эллектронды парағына ғана қойылады.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлігімен толықтырылсын:
«Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты немесе мемлекеттік құпияларды қамтитын Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің жобалары қағаздағы түрінде келісіледі. »;
81-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«81. Алдағы жылға арналған Жоспарды қалыптастыру Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары мен жыл сайынғы Жолдауын, Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары мен жыл сайынғы жолдауларын, Заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспарын, мемлекеттік бағдарламалар мен Үкімет бекітетін бағдарламаларды, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын, Үкіметтің шешімдерін, қабылдануы Бюджет кодексінде көзделген нормативтік құқықтық актілердің, заңдардың құқықтық мониторингі нәтижелерін, сондай-ақ Премьер-Министрдің шешімдерін ескере отырып жүзеге асырылады.
Жыл сайын мамырда Үкімет Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы жобасының тақырыбы мен мазмұны бойынша ұсыныстарын Президент Әкімшілігіне жібереді.
Үкіметтің құрылымына кіретін мемлекеттік органдар бойынша жиынтық ақпаратты мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган Үкіметке сәуір айында ұсынылады.»;
|
|
84-тармақта:
екініші бөлігінің 1)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының не Президент Әкімшілігінің тапсырмалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмалары;»;
үшінші бөлігінің 1)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Мемлекет басшысының немесе Президенті Әкімшілігінің тапсырмалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмалары;»;
тоғызыншы бөлігін мынадай редакцияда жазылсын:
«Қабылданып қойған заң жобалау жұмыстарының жоспарларына енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар Кеңсе Басшысының не оны алмастыратын адамның қолы қойылып, Президент Әкімшілігіне келісуге ұсынылады. Актінің жобасына заң жобалау жұмыстарының жоспарларына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар негізделген тиісті түсіндірме жазба, сондай-ақ тиісті хаттамалардың көшірмелері, Қазақстан Республикасы Президентінің, Президент Әкімшілігі мен Үкімет басшылығының тиісті тапсырмаларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмаларының көшірмелері міндетті түрде қоса беріледі.»;
85-тармақтың екінші және үшінші бөліктерін мынадай редакцияда жазылсын:
«Заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган басым заң жобаларын, сондай-ақ Президенттің тапсырмаларынан, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмаларынан туындайтын заң жобаларын дайындау, заң жобаларының Үкіметте және Парламентте өтуі туралы ақпаратты, сондай-ақ Жоспардың орындалу барысы туралы есепті әр айдың 20-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Әділет министрлігіне береді.
Әділет министрлігі ай сайын Үкіметтің заң жобалау қызметінің барысын қорытады және есепті айдан кейінгі айдың 1-күніне қарай Кеңсеге ағымдағы Жоспардың орындалу барысы туралы есепті, басым заң жобалары мен Президент тапсырмасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмасы бойынша әзірленетін заң жобалары жөніндегі, жоспарланған заң жобаларының мемлекеттік органдар мен Парламентте өтуі, сондай-ақ заң жобаларын әзірлеу мерзімінің ықтимал бұзылуы туралы ақпарат береді және заң жобаларын әзірлеу мерзімінің бұзылуына кінәлі лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізеді.»;
98-1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының жоспарын, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын, сондай-ақ Мемлекет басшысының және Үкімет басшылығының тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмасырмаларын орындау мақсатында әзірленген заң жобалары таныстырылуға жатады.»;
99-тармақтың екінші бөлігінің 2)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмасы бойынша Үкімет әзірлеген және Парламент Мәжілісіне енгізуге жататын заң жобалары;»;
123-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
« 123. Өз бастамасы бойынша немесе Қазақстан Республикасы Президентінің не Премьер-Министрдің тапсырмасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге, сол сияқты Қазақстанның басқа қаласына (оның ішінде демалыс және мереке күндері) іссапарға шығуы қажет болған жағдайда, орталық атқарушы органның бірінші басшысы алдын ала, іссапар басталғанға дейін кемінде 3 (үш) күн бұрын Премьер-Министрдің атына өзінің іссапарға шығуына рұқсат беру туралы ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түрінде ресімделген өтінішхатпен жүгінуге тиіс.»;
|
|
пункт 126 изложить в следующей редакции:
126-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«126. Қазақстан Республикасының Президенті, Үкімет, Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Кеңсе Басшысы актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Кеңсе басшыларының тапсырмалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмалары бар құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырылады.»;
128 тармақта:
Бірінші бөлігінде:
Бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«128. Мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Президенттің, Премьер-Министрдің, Премьер-Министр орынбасарларының, Кеңсе Басшысының актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмаларының орындалуын бақылауды мына лауазымды адамдар жүзеге асырады:»;
2)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекеттік органның жауапты хатшысы, аппарат басшысы актілер мен тапсырмалардың орындалуын және орындаушылық тәртіптің сақталуын бақылауды ұйымдастырады, мемлекеттік орган бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етеді;»;
үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Президенті өңірлік сапарлардың, халықаралық және қоғамдық маңызы бар іс-шаралардың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне, орталық және жергілікті атқарушы органдарға берген тапсырмалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмалары тармақтарының уақтылы әрі сапалы іске асырылуын бақылауды Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады.»;
130-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі басшылығының актілері мен тапсырмалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмалары орындаудың белгіленген мерзімдері ескеріле отырып, мынадай бақылау түрлеріне қойылады:»;
131-тармақта:
2)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Үкіметке немесе оның басшылығына тапсырмалар бар халықаралық іс-шаралар мен өңірлік сапарлардың қорытындылары бойынша берілген Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмалары не тапсырмаларының тармақтары;»;
4) және 5)-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Үкіметке немесе оның басшылығына берілген Қазақстан Республикасы Президентінің жеке тапсырмалары және оның әлеуметтік желілердегі жеке аккаунттарында жарияланған тапсырмалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмалары;
5) "Бақылауға алынды" деген мөртаңба, "шұғыл", "баяндалсын", "ұсыныстар енгізілсін" деген белгілер болған кезде Қазақстан Республикасы Президентінің қызметтік және өзге де құжаттар бойынша Үкіметке, Премьер-Министрге және оның орынбасарларына берілген тапсырмалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмалары не тапсырмаларының тармақтары, сондай-ақ мазмұнынан оларды бақылауға қою қажеттілігі туындайтын тапсырмалар;»;
131-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«131-1. Президент Әкімшілігінде бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті тапсырмаларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмаларының орындалуын бақылауды бекітудің негізінде Премьер-Министр Кеңсесі бақылауды бекітуді дайындайды және оны орындаушыларға: өңірлік сапарлардың және қоғамдық маңызы бар іс-шаралардың қорытындылары бойынша – Үкіметтің құрылымына кіретін мемлекеттік органдарға, жергілікті атқарушы органдарға және ұйымдарға, халықаралық іс-шаралар бойынша – барлық мемлекеттік органдарға және орындаушы ұйымдарға жібереді.»;
133-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«133. Қазақстан Республикасы Президентінің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының (оның міндетін атқарушы адамның) актілері мен тапсырмаларында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмаларында белгіленген тапсырмаларды орындау мерзімі мемлекеттік орган мен ұйымға түскен күннен бастап жұмыс күндерімен есептеледі.»;
135-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«135. Үкімет орындаушысы болып табылатын Қазақстан Республикасы Президентінің хаттамалық тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын жасау кезінде Премьер-Министрдің жетекшілік ететін бағыттар бойынша тиісті орынбасарының жетекшілігі көзделеді.»;
137-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Президентінің Үкіметке және (немесе) Кеңсеге арналған актілерін және/немесе тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмаларын бақылаудан алу және орындау мерзімдерін ұзарту мәселелерін Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі қарайды.»;
139-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«139. Қазақстан Республикасы Президентінің жеке және оның әлеуметтік желілердегі жеке аккаунттарында жарияланған тапсырмалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмаларын барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды тұлғалар, егер Қазақстан Республикасының Президенті өзгеше белгілемесе, тапсырмаға қол қойылған күннен бастап екі аптадан аспайтын мерзімде орындауға тиіс.
Қазақстан Республикасы Президентінің жеке және оның әлеуметтік желілердегі жеке аккаунттарында жарияланған тапсырмалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмаларын орындау мерзімін ұзартуды Қазақстан Республикасының Президенті ғана жүзеге асырады.
Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген тапсырмаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің және/немесе тапсырмаларының, сондай-ақ Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың тармақтарын орындау мерзімдерін ұзартуға не оларды орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыруға Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысы не оның Президент Әкімшілігінің жауапты лауазымды адамдары виза қойған Үкіметтің не орындаушы мемлекеттік органның ұсынысына келісімі негізінде Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Президент Әкімшілігі Басшысының шешімі бойынша бір реттен асырмай жол беріледі.
Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген тапсырмаларды орындау мерзімдерін ұзартуға не оларды орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыруға Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарының шешімі бойынша бір реттен асырмай жол беріледі.
Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерінде қамтылған тапсырмалар бойынша орындау мерзімін ұзарту, оларды орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру, сондай-ақ аралық хабар беру мерзімін белгілеу туралы шешімді Президент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы қабылдайды.
Орта мерзімді бақылауға ауыстыру Президент Әкімшілігіне тапсырманың орындалу барысы туралы ай сайын немесе тоқсан сайын аралық хабар бере отырып жүзеге асырылады. Бастапқы белгіленген мерзім ішінде объективті қалыптасқан сыртқы мән-жайлар бойынша тапсырманың орындалуын аяқтау және/немесе түпкілікті нәтижеге қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда, орта мерзімді бақылауға ауыстыру туралы шешім қабылданады.
Ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру Президент Әкімшілігіне тапсырманың орындалу барысы туралы тоқсан сайын немесе жарты жыл сайын аралық хабар бере отырып жүзеге асырылады. Объективті қалыптасқан сыртқы мән-жайлар бойынша белгіленген мерзімге тапсырманың орындалуын аяқтау мүмкін болмаған жағдайда және тапсырманың орындалу нәтижелерінің тиімділігіне немесе оның ел дамуының түйінді индикаторларына қол жеткізуге тигізетін ықпалына бақылауды жүзеге асыру қажет болған жағдайда, ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру туралы шешім қабылданады.»;
140-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«140. Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының қарарлары бар Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бақылаудағы тапсырмалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмалары орталық және жергілікті атқарушы органдар, егер тапсырмаларда өзге мерзім белгіленбесе, мемлекеттік органдардың атына Қазақстан Республикасы Президентінің және/немесе Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшылығының тапсырмасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмалары түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей орындайды.
Үкіметтің немесе басқа мемлекеттік органның бақылауына олардың ағымдағы қызметіне байланысты және жаңа шаралар қабылдауды талап етпейтін тапсырмалар ғана берілуі мүмкін.»;
141-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«141-3. Кеңсеге Премьер-Министрдің тапсырмасын (оның ішінде Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының тапсырмаларынан, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмаларынан туындайтын) орындау мерзімін екі реттен артық ұзарту туралы ұсыныс енгізілген жағдайда, заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік саяси қызметшілердің және ұйымдардың жауапты лауазымды адамдарының тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселені қарап және бір айдан аспайтын мерзімде Президент Әкімшілігіне қабылданған шаралар туралы хабар бере отырып жол беріледі.»;
142-тармақтың 1)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген тапсырмаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары (жеке тапсырмалары), оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде, оның қатысуымен өткен кеңестердің (мәжілістердің) хаттамаларында және Қазақстан Республикасының Президенті немесе Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы бекіткен іс-шаралар жоспарларында қамтылатын тапсырмалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмалар бойынша – тиісінше Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының не оның міндетін атқарушы адамның қарары бойынша.
Қазақстан Республикасы Президентінің жеке тапсырмаларының және оның әлеуметтік желілердегі жеке аккаунттарында жарияланған тапсырмаларының орындалуын бақылаудан алуды Қазақстан Республикасының Президенті ғана жүзеге асырады.
Орындаушы мемлекеттік орган (ұйым) Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің және/немесе тапсырмаларының, сондай-ақ Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың тармақтарын – Қазақстан Республикасының Президенті, Президент Әкімшілігінің Басшысы немесе олар уәкілеттілік берген Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары бақылаудан алған соң, ал осы Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген тапсырмалар бойынша оларды Үкімет немесе Президент Әкімшілігі бақылаудан алған соң ғана бақылаудан алады.
Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген тапсырмаларды ба қылаудан алу – Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарының қарары бойынша.»;
143-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«143. Жауаптар жобаларын Үкіметке енгізген кезде ілеспе хатта міндетті түрде тапсырманың нөмірі мен күніне (Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшылығының, Үкіметтің және Кеңсе Басшысының актілері бойынша – тапсырманың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмаларының нөміріне, күні мен нақты тармағына, оның мазмұнына) сілтеме жасалады. Қаулылар мен өкімдердің жобаларын енгізген кезде осындай тәртіп қамтамасыз етіледі – егер тапсырма болмаса, жоба бастамашылық тәртіппен енгізіледі, бұл туралы ілеспе хатта сілтеме жасалады.»;
144-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмаларының іске асырылу барысы туралы есептік ақпарат Қағидалардың 50-тармағында белгіленген нысан бойынша мәліметтерді қамтуға тиіс.»;
145 тармақтың бірінші бөлігінде:
1)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тапсырманың толық және сапалы орындалуы, оның ішінде заңға қол қойылуы, Президент немесе Үкімет актісінің қабылдануы;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
1-1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қауіпсіздік Кеңесінің, Ассамблеяның бұрын берілген тапсырманы қамтитын (қосарланатын) жаңа тапсырмасы;»;
5)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшылығының, Премьер-Министрдің, Премьер-Министр орынбасарының және Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының басқа тапсырмасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмасын қайталауы негіз болады.»;
147-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«147. Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшылығының Үкіметтің атына берген тапсырмаларын, Премьер-Министр мен Үкіметтің тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмаларын уақтылы орындамау, сапасыз орындау, сондай-ақ орындау мерзімін (екі және одан көп рет) ауыстыру фактілері Кеңсе Басшысында орындаушылық тәртіп жөнінде өткізілетін кеңестерде мемлекеттік органдардың жауапты хатшыларын (олардың өкілеттіктерін жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларды) немесе аппарат басшыларын шақыра отырып қаралады.»;
149-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«149. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшылығының тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмаларын орындау жөніндегі жауаптардың жобаларын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жауапты орындаушыларымен алдын ала жұмыс тәртібімен келіседі.»;
151, 152-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«151. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының жеке және тікелей тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмаларын орындау жөніндегі есептік ақпаратқа Премьер-Министр (оның міндетін атқарушы тұлға) не Премьер-Министрдің осы тапсырмаларды орындау тапсырылған орынбасары қол қояды.
155-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«155. Кеңсе Басшысының Премьер-Министр Кеңсесінің тиісті бөлімшелеріне мемлекеттік органдарда Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшылығының Үкіметтің атына берген тапсырмаларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмаларынның Премьер-Министр, оның орынбасарлары мен Кеңсе Басшысы тапсырмаларының орындалу мәніне тексеру жүргізуге тапсырма беруге құқығы бар.».
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрі А. Мамин