Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі Ішкі аудит
басқармасының 2021 жылға арналған
мемлекеттік аудит объектілері
тізбесін бекіту туралы
«Мемлекттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының 17-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, 18-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығымен бекітілген Ішкі аудит қызметтерінің ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларының 12, 15-тармақтарын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ішкі аудит басқармасының 2021 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілері тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. Ішкі аудит басқармасы Тізбенің уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі аудит басқармасының басшысына жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр М. Бекетаев