1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тiркеу қызметi және заң қызметін ұйымдастыру департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Департаменттің құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат санының лимиті шегінде мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы бекітеді.
4. Департамент мыналардан тұрады:
1) Мониторинг және ішкі талдау басқармасы;
2) Азаматтық хал актілерін тіркеу мен апостиль қоюды нормативтік қамтамасыз ету және бақылау басқармасы;
3) Заңды тұлғалар мен жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу техникалық түгендеуді нормативтік қамтамасыз ету және бақылау басқармасы;
4) Заң қызметтерін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы.