Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерін тіркеу департаменті туралы ереже

Қазақстан Республиксы Әділет министрлігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылатын Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу департаментінің (бұдан әрі - Департамент) негізгі міндеттері:

1) Адам мен адамзаттың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін, Қазақстан Республикасының егемендігін қамтамасыз етуге, орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстваларының нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын талдау, заңдық сараптама жүргізу, кейіннен оларды мемлекеттік тіркеу арқылы қазақстандық қоғам мен мемлекеттің орнықты және үдемелі дамуына бағытталған ұлттық заңнаманы қалыптастыруға қатысу;

2) Орталық мемлекеттік органдарда және олардың ведомстволарында, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мәслихаттарында және олардың аппараттарында, әкімдіктерінде, әкімдер аппараттарында, тексеру комиссияларында әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілерді шығаруды, мемлекеттік тіркеуді, олардың күшін жоюды және нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялауды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуы саласындағы бақылау;

3) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру;

4) Қазақстан Республикасы заңнамасымен оларға жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру болып табылады.

Жоғарыда көрсетілген міндеттерді асыру мақсатында Департаментке бірқатар функциялар жүктелген, оның ішінде  мемлекеттік тіркеу мақсатында МОИП арқылы келісуге келіп түскен орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының, нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына заңдық сараптама жүргізу, орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру.

Сонымен қатар, құрылымдық бөлімше нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу мәселесі бойынша заң жобалары мен басқа да нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысудан басқа, сондай-ақ ашық НҚА интернет-порталында заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орналастыру және жария талқылау тәртібін, әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесін және т.б. әзірлейді.

Бұдан басқа Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелері бойынша Министрліктің  аумақтық органдарының, құрылымдық бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады.

Дата публикации
28 октября 2019