1. Жалпы ережелер
1. Заңға тәуелді актілер департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Департаменттің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат санының лимиттерi шегiнде мемлекеттік органның лауазымды тұлғасы бекітеді.
4. Департаменттің бөлімшелері:
1) Экономика және мемлекеттік басқару мәселелері жөніндегі заңға тәуелді актілерді сараптау басқармасы
2) Өнеркәсіптік және көлік мәселелері жөніндегі заңға тәуелді актілерді сараптау басқармасы
3) Әлеуметтік саласы мәселелері жөніндегі заңға тәуелді актілерді сараптау басқармасы
4) Қорғаныс және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі заңға тәуелді актілерді сараптау басқармасы
5) Заңға тәуелді құқықтық актілерге мониторинг қызметін үйлестіру және талдау басқармасы.
2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Заңға тәуелді актілер департаментінің міндеттері, құқықтары мен функциялары
5.Міндеті:
адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін, Қазақстан Республикасының егемендігін, Қазақстан қоғамы мен мемлекетінің тұрақты және қарышты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңдарды қалыптастыруға қатысу.
6. Құқығы және міндеттері:
Заңнамалық актілердің ережелерін іске асыруға бағытталған нормативтік құқықтық актілерді және өзге де шараларды қабылдау қажеттілігі туралы ұсыныстар енгізуге;
өздерінің функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан және азаматтардан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша және өз бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және Премьер-Министрінің актілер жобаларын әзірлеу және әзірлеуге қатысу;
әділет органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, қарау және қабылданған шешімдер туралы өтініш жасаушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіп пен мерзімде хабарлау;
Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де құқықтарды және міндеттерді жүзеге асыруға құқығы бар.
7. Функциялары:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және Премьер - Министр актілерінің жобаларына заңдық сараптама жүргізу;
2) Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің тапсырмасы бойынша және өз бастамасы бойынша Үкіметтің нормативтік құқықтық актілеріне ресми түсініктерді әзірлеу;
3) Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Президент Әкімшілігі Басшысының, Премьер-Министрінің, Премьер-Министрдің орынбасарларының, Үкімет Аппараты басшысыларының тапсырмаларын орындау;
4) Министрліктің даму жоспары және операциялық жоспарларын жүзеге асыруға қатысу;
5) заңнаманы насихаттауды сонымен бірге бірінші кезекте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы бұқаралық ақпарат құралдарында және баспа шығарылымдарында түсіндіруге қатысу;
6) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша және өз бастамасы бойынша прокурорлық ден қою актілеріне, депутаттық сауалдарға жауаптарды қарауды және дайындауды;
7) Үкімет отырыстарына, Министрдің және жетекшілік ететін Вице-министрдің қатысуымен, мәжілістерде қаралатын мәселелердің құқықтық тәсілдерін шешуге бағытталған ұсыныстарды енгізу мақсатында материалдар дайындау;
8) әділет органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, қарау және қабылданған шешімдер туралы өтініш жасаушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіп пен мерзімде хабарлау;
9) мемлекеттік органдардың Үкіметтің нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізу жөніндегі қызметін үйлестіру;
10) Департамент шегінде құқықтық мониторингке жататын Үкіметтің нормативтік қаулыларының біріңғай тіркелімдерін жүргізу;
11) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша және өз бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және Премьер-Министрінің актілер жобаларын әзірлеу және әзірлеуге қатысу;
12) заңнамалық актілердің уақытылы іске асырылуын, оның ішінде заңға тәуелді актілердің әзірленуі мен қабылдануын бақылау;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленген мемлекеттік құпияларды қорғау
14) Ақпараттық қауіпсіздікті сақтау;
15) Министрлік, Департамент басшылығының өзге де тапсырмаларын орындауды жүзеге асыру.
3. Заңға тәуелді актілер департаментінің қызметін ұйымдастыру
8. Департамент Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президенттің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
9. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын директор басқарады.
10. Департамент директорының екі орынбасары бар.
11. Директор Департаменттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаменттің құрылымдық бөлімшесіне жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
12. Департаменттің директоры Министрліктің басшылығына Департаменттің құрылымы мен штат саны бойынша ұсыныстар береді.
13. Департаменттің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Департамент директоры, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.