Зияткерлік меншік құқығы департаменті туралы ереже

1. Зияткерлiк меншiк құқығы департаменті (бұдан әрi – Департамент) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының  Конституциясын, Қазақстан Республикасының кодекстерін, конституциялық заңдарын, заңдарын, Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаменттің құрылымы және штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды тұлғамен штат санының лимиті шегінде бекітіледі.

4. Департамент:

1) Авторлық және сабақтас құқықтар бойынша басқармасынан;

2) Өнеркәсіптік меншік басқармасынан;

3) Өнеркәсіптік меншік саласындағы дауларды сотқа дейін қарастыру басқармасынан құрылады.

Ереже
Дата публикации
28 октября 2019