1. Жалпы ережелер
1. Мәжбүрлеп орындату департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Департаменттің құрылымы мен штаттық санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органмен тұлғасы бекітеді.
4. Департамент мына бөлімшелерден құрылады:
1) Сот орындаушыларының қызметін бақылау басқармасы;
2) Мәжбүрлеп орындату саласындағы талдау жұмысы басқармасы;
3) Лицензиялау және мәжбүрлеп орындату саласындағы ынтымақтастық басқармасы;
4) Ақпараттық жүйенің деректерін бақылау және мониторингілеу басқармасы.
2. Департаменттің міндеттері, құқықтары мен функциялары
5. Міндеттері:
1) атқарушылық құжаттарды орындау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
2) жалпымемлекеттік даму стратегиясын әзірлеу мен іске асыруға қатысу, заң жобалау жұмысын жүргізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын талдау, жетілдіруді ұйымдастыру арқылы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін, Қазақстан Республикасының егемендігін, Қазақстан қоғамы мен мемлекетінің орнықты және қарышты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңнаманы қалыптастыруға қатысу;
3) орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдармен, оның iшiнде құқық қорғау және бақылау органдарымен, сондай-ақ лауазымды адамдармен өзара iс-қимыл жасау;
4) мемлекеттік және жеке сот орындаушылардың атқарушылық құжаттарды сапалы және уақтылы орындау бойынша жұмысын ұйымдастыру;
5) сот орындаушыларына жүктелген міндеттерді орындау кезінде олардың әрекеттеріне және әрекетсіздігіне азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін, шағымдарын тиісінше және уақтылы қарау;
6) азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін, шағымдарын қарау кезінде заңдылықты сақтау;
7) Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасымен өзара іс-қимыл жасау;
8) өздерiне Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.
6. Құқықтары:
1) Министрліктің құқылымдық, аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарынан белгіленген мерзімде жүктелген функциялар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратқа, құжаттарға, анықтамаларға, есептерге, ауызша және жазбаша түсініктемелер мен басқа материалдарға сұрау салу және алу;
2) жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қабылдау және қарау;
3) азаматтар мен заңды тұлғалардың жолданымдарын қарау кезінде жүйелі қателіктерді анықтау үшін талдау жүргізу;
4) тиісті бөлімшелердің басшыларының келісімімен Министрліктің құқылымдық, аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлерін тексеру жүргізу, нормативтік құқықтық актілердің жобалары мен басқа құжаттарды дайындау, сондай-ақ ұйымдастырушылы-бақылау мәселелерін шешу үшін тарту;
5) әділет органдарының немесе ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлерінен еңбек шартының талаптарын, еңбек тәртібінің қағидаларын және жұмыс берушінің басқа актілерін орындауды талап ету;
6) еңбек саласында Министрліктің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында өз өкілеттігі шегінде соттарда Министрліктің мүддесін қорғау;
7) аумақтық әділет органдарының, басшыларының кадр мәселелері бойынша құқықтық актілері Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңнамасына қайшы келген жағдайда Министрліктің басшылығы алдында оларды тоқтата тұру, өзгерту немесе олардың қолданысын тоқтатқанға дейін жою туралы мәселеге бастамашылық жасау;
8) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу;
9) өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ведомствоаралық үйлестiру мен бақылауды жүзеге асыруға;
10) мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі қажетті ақпаратты және материалдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сұратуға және алуға;
11) атқарышылық іс жүргізу саласында лицензиялауды және лицензиаттардың лицензиялық талаптарды сақтауы жөнiндегi қызметiне бақылауды жүзеге асыруға;
12) еңбек қауіпсіздігі және қорғау бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыру;
13) мемлекеттік еңбек инспекторларының нұсқамасын орындау;
14) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарының, еңбек заңнаманың нормаларын, Министрлік басшылығы өкімдерінің талаптарын сақтау;
15) «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, Министрлік туралы Ережеде және қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де міндетерді жүзеге асыру.
7. Функциялары:
1) заңнамаға сәйкес атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастырады;
2) аумақтық әділет органдарына атқарушылық іс жүргізу және жеке орындау мәселелері бойынша тапсырмалар жіберу, одан әрі тапсырмалардың уақтылы және сапалы орындалуына олардың жауапкершілігі туралы мәселені қою;
3) азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алуды, есебін, талдауын және қарау тәжірибесін жалпылауды жүргізеді, нәтижесі бойынша аталған бағытта жұмыстың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныс енгізеді;
4) басшылықтың тапсырмаларына сәйкес аумақтық әділет органдарының атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша тақырыптық тексеруді жүзеге асырады;
5) орталық мемлекеттік органдарға атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша хат, анықтама, басқа ақпарат дайындайды;
6) атқарушылық құжаттарды орындау бойынша әдістемені талдау, жинақтау, әзірлеу және тәжірибелік көмек көрсету және атқарушылық құжаттардың санаттары (жалақы, алимент өндіріп алу, жұмысқа қайта орналастыру, бұзу, мемлекет мұқтаждығы үшін жер телімдерін алып қою, шығару және көшіріп әкелу, нақты әрекеттер жасауға міндеттеу, әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу) бойынша аумақтық органдар бөлінісінде статистиканы жүргізу;
7) Министрліктің конференцияларын, «дөңгелек үстелдерін» және басқа ғылыми-тәжірибелік іс-шараларын ұйымдастыруға қатысу;
8) аумақтық органдар мамандарының және жоғары оқу орындарының студенттерінің тағылдамадан өтуін қамтамасыз етеді;
9) атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз етеді (ұйымдастырушылық, әдістемелік қамтамасыз ету, бақылау, атқарушылық іс жүргізу бойынша шағымдар мен өзге де өтініштерді қарау, борышкерлердің тыйым салынған мүлкімен жұмыс);
10) өз құзыреті шегінде «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау рәсімдерін жүргізуді үйлестіру;
11) Министрліктің жедел (аппараттық) кеңестерінде қарау үшін уәкілетті құрылымдық бөлімшеге материалдар дайындайды және ұсынады;
12) Департамент басшылығының тапсырмасы бойынша құқықтық мәселелер жөнінде құжаттар дайындайды;
13) атқарушылық құжаттарды орындау бойынша қызметімен айналысу құқығына лицензия беруді ұйымдастырады;
14) жеке сот орындаушысының лицензиясы берілген тұлғалар туралы мәліметтерді олардың тегін, атын, әкесінің атын (егер олар жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), лицензия берілген күнді және оның нөмірін көрсете отырып, мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етеді;
15) хронометражды жұмыстарды жүргізу және жеке сот орындаушыларының жүктемелерінің нормативтерін әзірлеу;
16) атқарушылық іс жүргізу және іс-қағаздарды жүргізу мәселелері бойынша жеке сот орындаушыларының қызметіне жоспарлы және жоспардан тыс тексерулерді бақылауды жүзеге асыру;
17) соттарда Департаменттің атқарушылық іс жүргізу сұрақтары бойынша мүдделерін ұсынады, сонымен қатар тиісті есеп жүргізеді;
18) азаматтар қабылдауды жүзеге асырады;
19) Департаменттердің құрылымы бойынша ұсыныстар енгізу;
20) тұрақты негізде атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманы зерделеу, заңнамадағы өзгерістер мен толықтырулар бойынша ұсыныстар енгізу, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;
21) құзыреті шегінде әдістемелік, нұсқаулық және түсіндірме материалдармен қамтамасыз ету, сондай-ақ аумақтық әділет органдарына атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсету;
22) өз құзіреті шегінде халықаралық келісімшарттар, конвенциялар, келісімдер шеңберінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
23) бұқаралық ақпарат құралдарымен атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл;
24) сот актілерін орындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану тәжірибесін жалпылау;
25) Премьер-Министрдің, оның орынбасарының немесе Үкімет Аппараты Басшысының тапсырмасына Үкіметтің және Премьер-Министрдің мүдделерін ұсынуды және қорғауды, сондай-ақ Министрліктің құзыретіне кіретін, талқылау нысанасына айналған мәселелер бойынша Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша конституциялық іс жүргізуге қатысуды, сот талқылаларында мемлекеттік органдарға құқықтық және консультациялық көмек көрсетуді ұйымдастырады;
26) заңнамаға түсіндірме беруге, уәкілетті мемлекеттік органдар жүргізетін дауларды шешу жөніндегі келіссөздер процестеріне қатысу;
27) мемлекеттік органдарға өз құзыреті шегінде ғылыми-әдістемелік және заң көмегін көрсету;
28) бақылау және қадағалау функциялары берілген мемлекеттік органдардың сұрау салулары бойынша ақпарат ұсыну;
29) мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыруды, қолжетімділігін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізеді;
30) орындауды қамтамасыз ету саласында мемлекет кепілдік берген заң көмегінің 102 ішкі бағдарлама бойынша бюджеттік бағдарламаларды әкімшілендіруді жүзеге асырады;
31) өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асырады;
32) реттелетін салада мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдауды ұйымдастырады;
33) жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау, сондай-ақ өтініш иелері көтерген жүйелі проблемаларға талдау жүргізеді және оларды анықтайды;
34) жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы шешім қабылдау, сондай-ақ «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша жеке сот орындаушыларының лицензияларынан айыру туралы талап қоюға бастама жасайды;
35) Қазақстан Республикасының жеке сот орындаушылары лицензияларының мемлекеттік тізілімін жүргізеді;
36) сот орындаушылардың қызметін бақылауды жүзеге асырады;
37) Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде белгіленген тәртіппен азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін, сондай-ақ қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін сотқа талап қоюмен жүгінеді;
38) мемлекеттік органдармен жеке сот орындаушыларын жария тізілімдер мен электрондық дерекқорларға қосу туралы шарттар жасайды;
39) тыйым салынған мүлікті өткізу бойынша бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңын таңдауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды;
40) Бірыңғай электрондық сауда алаңы операторының қызметін бақылауды жүзеге асырады;
41) сот орындаушылары қаулыларының үлгілік нысандарын әзірлейді және бекітеді;
42) жеке сот орындаушылары көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы есеп пен жиынтық есеп нысанын әзірлейді және бекітеді
43) жеке сот орындаушыларының мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуі туралы келісім нысанын әзірлейді және бекітеді;
44) халықаралық, шетелдік соттар мен төреліктердің шешімдерін орындау саласында шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен атқарушылық іс жүргізу қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау;
45) Министрлік қабылдаған және (немесе) әзірлеуші болып табылатын не оның құзыретіне жататын нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізеді және оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу немесе оның күші жойылды деп танылу жөнінде уақтылы шаралар қабылдайды;
46) үйден шығару (қоныстандыру), бұзу, баламен қарым-қатынас жасау және баланың тұрғылықты жерін айқындау тәртібі туралы атқарушылық құжаттарды орындау бойынша уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
47) лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не лицензиясынан айырылған жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады;
48) заңнамалық актілердің уақтылы іске асырылуын, оның ішінде заңға тәуелді актілерді әзірлеу мен қабылдауды бақылауды қамтамасыз етеді;
49) өз құзыреті шегінде атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесін және бірыңғай электрондық сауда алаңын жаңғырту және дамыту жөнінде ұсыныстар енгізеді;
50) ақпараттық жүйеде статистикалық деректердің дұрыстығын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
51) атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесін және бірыңғай электрондық сауда алаңыныың қызмет заңнамасының белгіленген талаптарының сақталуына мониторинг және бақылау жүргізеді;
52) тыйым салынған мүлікті сату және бағалау саласында әдістемелік және түсіндіру материалдарымен қамтамасыз етеді;
53) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және оларды қабылдау мәселелері бойынша аумақтық әділет органдарының басшыларына тапсырмалар жолдайды, сапасыз уақытылы орындалмаған жағдайда олардың жауапкершілігі туралы ұсыныстар енгізеді;
54) атқарушылық құжаттарды орындауда жұртшылықпен байланыс мәселері бойынша аумақтық әділет органдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
55) сот орындаушыларының қабылдаған шешімдер мен әрекеттерге байланысты қоғамдық пікірге, бұқаралық ақпарат құралдарының атқарушылық іс жүргізу саласындағы материалдарына мониторинг пен талдауды жүзеге асырады;
56) Министрліктің әділет органдарының ақпараттық қызметі жөніндегі жұмыс жоспарына және олардың орныдалуына ұсыныстар енгізеді;
57) сот орындаушыларының қызметі туралы оның қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жараиялау арқылы оң қоғамдық пікірін қалыптастырады;
58) Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң сақталуын қамтамасыз етеді;
59) ақпараттық қауіпсіздікті сақтауын қамтамасыз етеді;
60) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды сақталуын қамтамасыз етеді;
61) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру
8. Департмент Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес негізгі міндеттері мен фукцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.
9. Департментті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын директор басқарады.
10. Департамент директорының үш орынбасары бар.
11. Департамент директоры Департаменттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және оған жүктелген мідетердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
12. Департамент директоры Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды тұлғасына Департаменттің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.
13. Директор осы мақсаттарда:
1) орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) Департаменттің құрамына кіретін басқармалар басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президенті мен Үкіметінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерін жүзеге асырады.
14. Департамент директорының үш орынбасары бар:
1) өз өкілеттіктері шегінде Департменттің қызметін үйлестіреді;
2) Департамент директоры болмаған кезде орынбасарлардың біреуі Департамент қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
3) Министрліктің басшылығы және Департамент директоры жүктеген өзге де фукцияларды жүзеге асырады.
15. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің атынан басқа құрымдылық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Департмент директоры, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.