Ішкі әкімшілендіру департаменті туралы ереже
- Жалпы ережелер
- Ішкі әкімшілендіру департаменті(бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады (бұдан әрі -Министрлік).
- Департамент өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің заңдарын, актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
- Департамент құрылымы, штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды тұлғамен бекітіледі.
Департамент Министрліктің Қоғамдық кеңесінің ұйымдастырушылық қызметін қамтамасыз етеді.
- Департамент:
1) Орындаушылық тәртіпті мониторингтеу басқармасынан;
2) Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасынан;
3) Мемлекеттік тілді дамыту басқармасынан тұрады.