1. Заңнама департаменті (бұдан әрі – Департамент) Әділет министрлігінің (бұдан әрі-Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2. Департамент өзінің қызметінде Конституцияны, заңдарды, Президент пен Үкіметтің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Департаменттің құрылымы, штат саны заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды тұлғамен штат санының лимиті шегінде бекітіледі.
4. Департамент:
1) Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық атқару заңнамасы саласындағы жобалау жұмысы басқармасынан;
2) Әкімшілік заңнама саласындағы жобалау жұмысы басқармасынан;
3) Конституциялық, сайлау заңнамасы және мемлекеттік басқару жөніндегі заңнама саласындағы басқармасынан;
4) Қорғаныс, құқықтық тәртіп және төтенше жағдайлар мәселелері жөніндегі заңнама саласындағы басқармасынан;
5) Азаматтық, қаржылық, кәсіпкерлік заңнама саласындағы басқармасынан;
6) Индустрия және инфрақұрылым саласындағы заңнама басқармасынан;
7) Әлеуметтік заңнама саласындағы басқармасынан тұрады.