Лицензияның қолданысын
тоқтата тұру туралы
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 143-бабы 2-тармағы 2) тармақшасына, Заңның 167-бабы 8) тармақшасына, сондай – ақ «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 21-1 бабы 2) тармақшасына және 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. № 97 бұйрығымен бекітілген Іс қағаздарды жүргізу қағидасының 34-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Заңның 148-бабы 1 тармақтын 2), 3), 5) тармақшаларын бұзғаны үшін Батырбек Булатович Абдикуловқа жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға берілген мемлекеттік лицензиясының қолданысы 6 ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.
1) осы бұйрықпен лицензиат таныстырылсын;
2) лицензия қолданысының тоқтата тұру мерзімі шегінде лицензияттың мөрі аумақтық әділет органдарына уақытша сақтауға алынсын;
3) бұйрықпен таныстырған уақыттан бастап үш жұмыс күні ішінде жеке сот орындаушысының орындауындағы атқарушылық іс жүргізулер қабылдау-тапсыру актісі арқылы қабылдансын.
Негізі: 2020 жылғы 28 желтоқсандағы ұсыныс.
Қазақстан Республикасының
Әділет вице-министрі А. Мадалиев