«Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға тұлғалардың құқықтарын растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 114 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

«Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға тұлғалардың

құқықтарын растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы»

 Қазақстан Республикасы Әділет министрінің

2015 жылғы 25 ақпандағы № 114 бұйрығына

өзгеріс енгізу туралы

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға тұлғалардың құқықтарын растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 114 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10420 тіркелген, 2015 жылғы 18 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

 кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Адвокаттық қызмет және заң кқмегі туралы» 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес»;
         Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға тұлғалардың құқықтарын растайтын құжаттардың тізбесіде:

2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) Отан соғысының мүгедегі үшін - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің органдары беретін соғыс мүгедегінің куәлігі;»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: ,

«7. Қандас мәртебесін алу мәселелері бойынша - Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде одан тыс жерде тұрақты тұрған және тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстанға келген және «Халықтың көш-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңның 8-бабы 5) тармақшасында көзделген тәртіпте өңірлерге қоныстандырылған этникалық қазақтың жеке басын анықтайтын құжат.».

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
  3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
18 января 2021