Адвокат көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 1463 бұйрығына өзгеріс енгізу
БҰЙЫРАМЫН:
Адвокат көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Адвокат көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алуды жүргізуге Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлғаға, Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына сәйкес талап қоюшыға, Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға, жәбірленушіге, алименттер өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, ақтау, босқын немесе оралман мәртебесін алу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегі жатады.».