Қазақстан Республикасы Әділет министрінің енгізілген өзгерістерін ескере отырып 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 618 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрінің Ішкі аудит басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) 2020 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілері тізбесіне сәйкес (бұдан әрі - Тізбе) мына объектілерде: Алматы, Маңғыстау, Түркістан және Қарағанды облыстарының Әділет департаменттерінде 4 аудиторлық іс-шаралары жүргізілді.
2020 жылы аудиторлық іс-шаралармен қамтылған қаражаттың жалпы мөлшері 6 038 332,8 мың теңгені құрады.
Аудит нәтижесі бойынша 1707,0 мың теңге жалпы сомаға қаржылық бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде өтелуге жататын сома 428,6 мың теңге және қалпына келтіруге жататын сома 1 272,4 мың теңге құрайды, олардың ішінде 383,5 мың теңге өтелді және 1272,4 мың теңге қалпына келтірілді.
Барлық аяқталған аудиторлық іс-шаралар бойынша аудит объектілеріне ішкі аудит нәтижелері туралы есептер және қызмет бағыттары, мемлекеттік сатып алулар, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру, кадрлық іс жүргізу және басқалары бойынша бұзушылықтарды болдырмау, бұзушылықтарға жол беру тәуекелдерін төмендету бойынша тұжырымдар мен ұсынымдардан құралған шешімдер жолданды.
Мемлекеттік аудиттің бір объектісі бойынша ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша материалдар құқытық қорғау органдарына жолданды.
Бұзушылықтарға жол берген қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тарту бойынша шаралары қолданылды (7 адам).
Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органмен 2019 жылдың 2-жартыжылдығы бойынша жүргізілген ішкі аудит қызметтерінің тиімділігін бағалау нәтижелеріне сәйкес ІАБ-ң қызметі «тиімді» деп бағаланды.
Мемлекеттік органның ішкі процестерінің, сонымен қатар Басқарма қызметінің жетілдірілуіне бағытталған жұмыс жалғасатын болады.
_________________________________