Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының Конституциясын және Цифрлық Кодексін іске асыру мақсатында келесі заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актілерінің жобаларын әзірледі:
- «Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығының жобасы;
- «Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2023 жылғы
11 шілдедегі № 473, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м. а. 2023 жылғы 12 шілдедегі № 135 және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 2023 жылғы
11 шілдедегі № 223 «Ғылыми сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ ғылыми сарапшыларды іріктеу қағидаларын бекіту туралы» бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бірлескен бұйрығының жобасы.
Аталған НҚА жобалары 2026 жылғы 10 маусымда «Ашық НҚА» порталында жария талқылау үшін жарияланды.